2016 жылдың 8 қазан күнінен бастап сағат 10:00 де баскетболдан (қыздар,ұлдар) Қарағанды қ. ЖОО-ң арасында «Cтуденттік Лига» ойыны университетіміздің спорттық-сауықтыру орталығында басталады. Сағат 11:20-да ҚММУ-ҚҚЭУ (қыздар), сағ. 15:20-да ҚММУ-ҚҚЭУ (ұлдар) командалары кездеседі. Барлық жанкүйерлерді университетіміздің командасын қолдауға шақырамыз.
2016 жылғы 17-18 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Қарағанды облысының білім беру басқармасымен бірге «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» зерттеушілік және жобалық жұмыстарының байқау-конференциясын өткізеді. Оған қатысуға жас ғалымдар, магистранттар, ЖОО-ның студенттері, орта және орта-арнаулы оқу орындарының білімгерлері шақырылады. Жобаларды келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:
ҚЭУ-не түлектерді қабылдау олардыңөтініштері бойынша конкурстық негізде 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 25 тамызына дейінгі аралықтаҰБТ немесе ТКТ сертификаттарындағы баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарағанды экономикалық университеті шақырады:
оқудың күндізгі бөліміне 50 не одан жоғары баллы бар ҰБТ сертификатына ие мектеп түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін;
оқудың күндізгі және сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімдеріне қабылдау мақсатында өткізілетін Кешенді тестілеуге қатысу үшін колледж түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 9 шілдесіне дейін;
ҚР БҒМ Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 2016 жылғы шілденің 23-нен 31-не дейін;
екінші жоғары білім алу үшін - емтихансыз - 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін.
Егер талапкер (мектеп не колледж түлегі) өту баллын (50 балл) жинамаса немесе ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған жағдайда, онда ол ақылы негізде ЖОО-на қабылдануы үшін өткізілетін қайталанбалы кешенді тестілеуге (тамызда) қатыса алады.
ҰБТ немесе ТКТ (шілде айында) және қайталанбалы кешенді тестілеуден (тамыз айында) 50-ден кем балл жинаған сертификаты бар талапкерлер І курстың шартты тыңдаушысы ретінде оқытудың күндізгі түріне ақылы негізде бірінші семестрдің аяқталуына дейін қабылданады және ол қосымша кешенді тестілеуге (қаңтарда өтетін) қатыса алады.