Құрметті талапкер!!!
Құрметті талапкер!!!
ҚЭУ-не түлектерді қабылдау олардыңөтініштері бойынша конкурстық негізде 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 25 тамызына дейінгі аралықтаҰБТ немесе ТКТ сертификаттарындағы баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарағанды экономикалық университеті шақырады:
- оқудың күндізгі бөліміне 50 не одан жоғары баллы бар ҰБТ сертификатына ие мектеп түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін;
- оқудың күндізгі және сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімдеріне қабылдау мақсатында өткізілетін Кешенді тестілеуге қатысу үшін колледж түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 9 шілдесіне дейін;
- ҚР БҒМ Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 2016 жылғы шілденің 23-нен 31-не дейін;
- екінші жоғары білім алу үшін - емтихансыз - 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін.
Егер талапкер (мектеп не колледж түлегі) өту баллын (50 балл) жинамаса немесе ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған жағдайда, онда ол ақылы негізде ЖОО-на қабылдануы үшін өткізілетін қайталанбалы кешенді тестілеуге (тамызда) қатыса алады.
ҰБТ немесе ТКТ (шілде айында) және қайталанбалы кешенді тестілеуден (тамыз айында) 50-ден кем балл жинаған сертификаты бар талапкерлер І курстың шартты тыңдаушысы ретінде оқытудың күндізгі түріне ақылы негізде бірінші семестрдің аяқталуына дейін қабылданады және ол қосымша кешенді тестілеуге (қаңтарда өтетін) қатыса алады.