• Blog news

Қайта тапсыру болады

Құрметті бітіруші студенттер!


2015 жылдың 23 қараша айынан бастап 27 қараша айына дейін

 

2(ж.б) және 3 (қ) курстарда экзамендерді қайта тапсыру болады.

Құттықтаймыз!!!

Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы, Тур-31к, РД-31к тобының студенттері Рыстай Айсұлу және Наутбай Умітті ҚР Президентінің стипендиясының және РД-24с тобының студенті Микадзе Лияны Ғабиден Мустафин атындағы стипендияның игері атануларымен құттықтаймыз.
Студенттерге оқу үрдісінде үздік нәтижелер тілейміз!!!

«Таза сессия»

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында Үйлестіру кеңесінің ұсынысымен 2014 жылғы қарашаның 11 күнінен «Нұр Отан» партиясының іс-шара Жоспарының негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша студеттік және жастар ортасында жемқорлық белгілеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты Штаб құрылды.
«Таза сессия» акциясын өткізу барысында студенттердің арасында университеттегі сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындауға негізделген сауалнама жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша адамгершілік нормалар мен азаматтық позиция туралы дәріс топтамасы оқылады, семинарлар ұйымдастырылады, студенттік жастармен құқық қорғау органдарының өкілдері кездеседі және кураторлық сағаттар өткізіледі.

Сенім телефоны: 8-7212-92-05-62

 

Тағы мақалалар...

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL