2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 17 қыркүйегіне дейін профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Қашықтықтан оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Оқытуды э.ғ.к., "Цифрлық инженерия және IT-Аналитика" кафедрасының доценті Н. М. Тәжбаев онлайн форматта жүргізді. Тыңдаушылар бұл курсты жоғары бағалады. Олар classroom.google.com-дағы дәрістер мен практикалық тапсырмаларды сабақтарды сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік беретінің атап өтті.
2020 жылдың 8 қазанында сағат 15:10-да және сағат 16:10-да ZOOM алаңында ЭБКФ және БҚТФ бітіруші курс студенттерімен онлайн кездесу өтті. Ресурстық орталықтың тұсаукесері өткізілді, орталық қызметінің бағыттары: тағылымдамаларды ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндемелерді жасау және т.б. сұрақтар баяндалды, әсіресе "жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектерді бөлу мәселелері қызықтырды.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, қоғам санасының өзгеруі бизнес, мемлекеттік органдар, білім беру өкілдері кездесетін алаңдарға қатты қызығушылық тудырады. Мұндай кездесулерде өңірдің, елдің өткір экономикалық мәселелеріне қатысты пікірлер айтылып, талқыланады. 2020 жылдың 2 қазанында Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open space" алаңына экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар, экономикалық теория және МЖБ, Менеджмент және инновациялар, экономика және кәсіпкерлік кафедралары қатысты. Кездесуге бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Р. А. Кенжебеков, Кәсіпкерлер палатасының директоры Е. Д. Күлпеисов, Қарағанды өңірінің көмір саласындағы фирмалар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Аймақтық көмір нарығындағы баға белгілеудің өткір тақырыбындағы пікірталас үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер кәсіпкерлер мен мемлекет арасында қарым-қатынас орнату тәжірибесі мен дағдыларына ие болды, кәсіпкерлердің өздерінің бәсекелестік құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы білім беру бағдарламаларын талқылауға қатыса отырып, Қарағанды Экономикалық университетімен белсенді ынтымақтасады, біздің түлектеріміз үшін жұмыс берушілер болып табылады.
2020 жылдың 08 қазанында волонтерлер жылы аясында алғашқы медициналық көмек көрсету және жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін білім мен практикалық дағдыларды алу мақсатында волонтерлер үшін оқыту өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ "Жастар ортасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасын іске асыру" гранты шеңберінде "Қазақстан волонтерлері лигасы" қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің ұжымы экономикалық теория және МЖБ кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Елена Анатольевна Ставбуникті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесімен шын жүректен құттықтайды!