• Blog news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Оспанова Гүлнар Қуантайқызы- х. ғ. к., экология және бағалау кафедрасының доценті, «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «Үздік педагог» республикалық жобасының «Үздік ғылым кандидаты-2019» тақырыбындағы педагогтар кітабы жинағының бірінші шығарылымына енген жеңісімен.

«Үздік ғылым кандидаты-2019» республикалық түсті кітап жинағымен, «Үздік ғылым кандидаты-2019» арнайы төс белгісімен, дипломмен, сертификатпен, алғыс хатпен марапатталды.

 Отбасына құт береке және шығармашылық табыс тілейміз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

«Достық коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес инкубаторының  студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, 20 қыркүйекте «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджері М.Тосканбаевпен кездесу өтті. Ол студенттерді кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары жайлы сөз қозғады.

Кездесу ашық әңгіме нысанында жалғасты. Студенттер кіші әрі орта бизнесті мемлекеттік қолдаумен байласнысты кәсіби түсіндірулер мен тәжірибелік ұсыныстар алды.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі»  Мемлекеттік мекемесінің Әлихан Бөкейхан атындағы № 76   жалпы білім беретін  орта мектебінде  20  қыркүйек 2019 жылы «Мамандықты  дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен  кеш  ұйымдастырылды. 

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті. Осы мақсатта қаламыздың еңбек ардагерлері мен орта және жоғары арнайы оқу орындары мамандары шақырылып, оқушыларға қажетті ақпараттар берілді. Осы кешке «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының аға оқытушысы К.А. Ермекова қатысты. Мамандық тандау жолында адаспай, өмірден өз орындарын тауып, дүниенің бір кірпіші болып  қалануларына шын жүректен тілектестігін білдірді.  Мектеп директоры Күзембаев Маратбек Қайыркенович сөз сөйледі. Артынша  кәсіптік бағдар беру жұмысын атқаратын директордың орынбасары Алдияров Кубейсін Мырзапиярұлы сөз алды.

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының кураторлары Ермекова К. А., Гусманова Ж. А., Калкабаева Г. М. және Исанов А.С. 17 қыркүйек күні ҚР Президентінің жолдауына арналған кураторлық сағат өткізді.

Ф-11к, Ф-33ск, Ф-41к топтарының қатысуымен Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жарияланған жолдауына байланысты студенттер арнайы баяндамалар оқыды:

  1. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ;
  2. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ;
  3. ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА;
  4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ;
  5. КҮШТІ ӨҢІРЛЕР - КҮШТІ ЕЛ.

Оқылған баяндамалар ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында студенттер өз әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік алады.

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылауҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылауҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

Қарағанды экономикалық университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика», «Қаржы», «Менеджмент». «Юриспруденция» мамандықтары студенттерінің «Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында университет түлектерін банкте жұмысқа орналастыру мүмкіндігі талқыланды.

Студенттер мен түлектер банктегі бос жұмыс орындары туралы, қызметкерлерді ынталандыру, оның ішінде мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Банк өкілдері университет түлектерін жұмысқа шақырдs және ҚЭУ дипломы еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие екендігін және оның иелері жоғары білім деңгейімен және кәсіпқойлығымен ерекшеленетінін атап өтті. ҚЭУ түлектері банк өкілдеріне өздерінің түйіндемелерін тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу үшін табыстады.

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL