Жаңа экономика және жүйелік талдау ғылыми зерттеу институты Қазтұтынуодағы Қарағанды эконмикалық университетінің базасында қызмет істейді. Аталған ғылыми құрылым 2010 жылдың 28 қыркүйегінде ғылыми кеңестің отырысында №1 хаттама бойынша құрылды. Ректордың №42/1 2010 жылдың 1 қазанындағы институт туралы бұйрығы шықты.
ЖЭЖТ ҒЗИ экономика саласындағы әр түрлі маңызды мәселелер бойынша, экология, инновация, басқа салалардағы мәселелер мен инновациялар туралы, Университеттегі ғылыми істер, жұмыстарды атқаруға бағытталған. ЖЭЖТ ҒЗИ құрылымы: 3 экономика ғылымдарының докторы, 1 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 техникалық ғылымдарының кандидаты, 4 ғылыми дәрежесі жоқ ғылыми қызметкерлері мен 1 лаборанттан тұрады.
ЖЭЖТ ҒЗИ екі ғылыми құрылым мен 1 ғылыми офистен тұрады. 1. Инновациялық дамудағы фундаменттік зерттеудегі ғылыми бөлім. 2. Бизнес-коммуникация, маркетингтік зерттеу бойынша ғылыми бөлім. 3. «Бизнес-инкубатор технологиялық» ғылыми офисі. «Бизнес-инкубатор технологиялық» ғылыми офисінің басты мақсаты, студенттерді кәсібіи қызығушылықтарын арттырып, оларды ғылыми инновациялық жобалар құрастыру, кәсіпкерлік қызметті жетілдіру мен ғылыми ізденістерді жүзеге асыруға бағытталған. Э.ғ.д., професср Айнабек Қ.С. жетекшілігмен ғылыми мектеп жұмыс істейді. Ол Қазақстандағы экономикалық-әлеуметттік даму мен нарықтық қоғамға бағытталған ғылыми ізденістік жұмыстарды атқарады.
Институттың ғылыми жұмыстары келесі бағдарламалар бойынша реттеліп отырады. - «Глобализация шартындағы экология мен экономиканың гармонизациясы», жұмыстың қорытындысы ретінде коллективтік монографиялық «Глобализация шартындағы экология мен экономиканың гармонизациясы» жұмысын айтуға болады. - «Қарағанды облысында индустриалды –инновациялық экономикалық дамуындағы адам капиталы» тақырыбында ғылыми монграфия «Қарағанды облысында индустриалды –инновациялық экономикалық дамуындағы адам капиталы» ғылыми жұмысы басылып шықты. - «Қазақстанның ғылыми индустриалды-инновациялық дамуындағы моноқалаларда адам капиталының дамуы, методолгиясы мен практикасы» тақырыбында ғылыми жұмыстың жазылуы. Оны Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі қаржыландырды. Сонымен қатар, ЖЭЖТ ҒЗИ хозшаруашылық жобалар бойынша әртүрлі конференция мен конкурстарды өткізіп тұрады.
- Білімі: 1970-1975 жж. Қарағанды политехникалық институт, мамандығы «Экономика мен көлік құрылыс өндірісін ұйымдастыру» 1983-1986 жж. Мәскеу қаржы академиясы, мамандығы 080013 – «Математикалық әдістер мен есептеу техникасының экономикалық зерттеулер мен халық шаруашылығын басқаруа қолдану» - Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты 1987 жылы «Экономиканың математикалық және құралдық әдістері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады - Академиялық атағы: профессор 120-дан астам басылымдары бар. - Оқытатын пәндері: 1. Информатика 2. Экономикалық ақпараттық жүйелер 3. Ақпараттық технологиялар 4. АЖ негіздері 5. ЭАЖ жаңа технологиялары 6. Деректер базасы мен эксперттік жүйелер 7. АЖ деректер базасы 8. Деректер базасы 9. Басқарудағы ақпараттық технологиялар
Аты-жөні: Аяжанов Сарсен Суйгенович
- Білімі: 1956-1961 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті, математика-математикалық факультеті, мамандығы «Математика» 1963-1968 жж. Алматы халық шаруашылығы институты, жоспарлы экономикалық факультет, мамандығы «Экономика» - Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдардың кандидаты 1978 жылы «Экономиканың математикалық және құралдық әдістері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады - Ғылыми атағы: профессор - Оқытатын пәндер (мемл. тілде): 1. Операцияларды жүйелік талдау және зерттеу 2. Компьютерлік жүйелердегі ақпаратты сақтау 3. Эксперттік жүйелер 4. Экономикалық кибернетика 5. Экономикалық ақпараттық жүйелері 6. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың сертификациясы 20-дан аса басылымдары бар, ортақ көлемі 50-ден астам б.б.
Аты-жөні: Аяжанов Қуаныш Сарсенович
- Білімі: 1981-1986 жж. – Қарағанды кооперативтік институты - Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты - Ғылыми атағы: доцент - Оқытатын сабақтар (мемл. тілде): 1. 1С Бухгалтерия 2. Эксперттік жүйелер 3. Компьютерлік графика 4. Web-технологиялары 5. Компьютерлік үлгілеудің негіздері 6. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың сертификациясы
Аты-жөні: Дрозд Владимир Григорьевич
- Білімі: 1989-1994 жж Қарағанды политехникалық институты, мамандығы «Жобалауды автоматтандыру жүйелері», «Инженер-системотехник» квалификациясы. - Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты, 1999 жылы Т.Рысқулов атындағы «Экономиканың математикалық және құралдық әдістері» ҚазЭУ аспирантурасына түсті - Ғылыми атағы: доцент - Оқытатын пәндері: 1. Технологиялық процестердің автоматизациясы 2. Қазіргі кездегі ақпараттық жүйелер 3. Жобалау автоматизациясының жүйелері 4. Технологиялық процестердің автоматизациясы (алдыңғы курс) 5. Компьютерлік архитектуралық жүйелері 6. Микроэлектроника 7. Бағдарламалау технологиясы 8. Компьютерлік үлгілеудің негіздері
Аты-жөні: Тен Татьяна Леонидовна
Білімі: 1980-1985 жж. Қарағанды политехникалық институты, мамандығы «Ақпаратты өңдеу мен шығару процестерінің автоматизациясы мен механизациясы» - Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдар докторы, 2008 жылы «Басқарудың жүйелік талдауы мен ақпаратты өңдеу» мамандығы бойынша Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті негізінде докторлық диссертациясын қорғады - Ғылыми атағы: профессор - Оқытатын пәндері: 1. 1С-Бухгалтерия 2. 1С-Кәсіпорын 3. АЖ жобалау 4. Эксперттік жүйелер 5. Бағдарламалаудың қазіргі кездегі құралдары 6. АЖ бағдарламалау құралдары 7. Компьютерлік үлгілеу негіздері 8. Ақпарат теориясы 9. Қосымшаларды жобалау 10. Шешімді қабылдау мен қолдау жүйесі Докторлық диссертациясына байланысты көптеген басылымдары бар.
Аты-жөні: Тажбаев Нурлан Муратович
- Білімі: 1994-1998 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Экономист-менеджер». - Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты - Оқу атағы: доцент - Оқытатын пәндері: 1. Компьютерлік графика 2. ЭЕМ есептеулердегі математикалық үлгілер 3. Интернетке арналған бағдарламалау 4. Басқарудағы ақпараттық технологиялар 5. ВЕБ-технологиялар
Аты-жөні: Дюсекеев Қанағат Абетович
- Білімі: 2001-2005 жж. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математикалық факультет, мамандығы 541530-Бизнестегі ақпараттық жүйелер» 2007-2009 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп-қаржы факультеті, мамандығы 6N0703-«Ақпараттық жүйелер» (магистратура) - Академиялық дәрежесі: ақпараттық жүйелер магистрі - Лауазымы: оқытушы - Оқытатын пәндері (мемл. тілде): 1. Компьютерлік жүйелер архитектурасы 2. Алгоритмизация мен бағдарламалау тілдері 3. Техникалық кибернетика 4. АЖ бағдарламалық амалдары 5. Алгоритмикалық тілдерде бағдарламалау
Аты-жөні: Есмагамбетов Тимур Улыкманович
- Білімі: 2000-2005 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ақпараттық технологиялар факультеті, мамандығы «Автоматтандырылған ақпаратты өңдеу жүйелері мен басқару» 2007-2009 жж. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, мамандығы «Ақпараттық жүйелер» (магистратура) - Академиялық дәрежесі: ақпараттық жүйелер магистрі - Лауазымы: оқытушы - Оқытатын пәндері: 1. Компьютерлік желілер 2. Алгоритмизация мен бағдарламалау тілдері 3. Ақпараттық қауіпсіздік пен ақпаратты қорғау 4. Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау 5. Техникалық кибернетика
Аты-жөні: Жакыпбаева Айнагуль Маратовна
- Білімі: 1994-1998 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Экономика мен менеджмент» 2009-2011 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Менеджмент» (магистратура) - Академиялық дәрежесі: экономика ғылымдарының магистрі - Лауазымы: аға оқытушы - Оқытатын пәндері: 1. Ақпараттық маркетинг 2. Деректер базасы жүйелері 3. Ақпараттық менеджмент 4. АЖ деректерін талдау 5. Бағалаудың компьютерлік технологиялары
Аты-жөні: Молдабекова Бибигул Кабыкеновна
- Білімі: 1977-1982 жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, физика факультеті, мамандығы «Физика» 2013 ж. ШЫҰУ магистратурасы Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптиканы зерттеу университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті - Лауазымы: аға оқытушы - Оқытатын пәндері (мемл. тілде): 1. Информатика 2. Ақпараттық маркетинг 3. ЭАЖ-ғы жаңа технологиялар 4. АҚ жобалауы 5. Деректер базасы жүйесі 6. Деректер базасы мен эксперттік жүйелер 7. Экономикалық ақпараттық жүйелер 8. Ақпараттық менеджмент
Аты-жөні: Ибрагимова Марал Саятовна
- Білімі: 1995-2000 жж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті, ақпараттық технологиялар факультеті, мамандығы «Автоматтандырылған ақпаратты өңдеу жүйелері мен басқару» 2013 ж. ШЫҰУ магистратурасы Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптиканы зерттеу университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті - Лауазымы: аға оқытушы - Оқытатын пәндері: 1. 1С-Бухгалтерия 2. 1С Кәсіпорын 3. Жүйелік талдау мен операцияларды зерттеу 4. Компьютерлік модельдеудің негіздері 5. Басқарудың үлгілері мен әдістері 6. Бағдарламалау технологиясы 7. Ақпарат теориясы 8. АЖ әкімшілігі 9. Жоғары деңгейдегі С# тілінде бағдарламалау 10. Экономикалық кибернетика
Аты-жөні: Сатымбекова Саида Базарбаевна
- Білімі: 2003-2007 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Ақпараттық жүйелер». - Лауазымы:оқытушы - Оқытатын пәндері (мемл. тілде): 1. Информатика 2. Компьютерлік желілер 3. Ақпараттық менеджмент 4. Экономикалық ақпараттық жүйелер 5. АЖ деректерін талдауы 6. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың сертификаттауы
Аты-жөні:Шалкибасова Гульнара Игибаевна
- Білімі: Жоғары 2005-2009 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Ақпараттық жүйелер», үздік. Магистратура 2009-2011 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Ақпараттық жүйелер», үздік. - Лауазымы: оқытушы - Оқытатын пәндері: 1. Информатика 2. Операциондық жүйелер 3. АЖ сенімділігі 4. АЖ мәліметтер талдауы 5. Ақпараттық менеджмент
Аты-жөні:Цицина Анна Сергеевна
- Білімі: 2001-2005 жж Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, есеп және қаржы факультеті, мамандығы «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» - Лауазымы оқытушы - Оқытатын пәндері: 1. Информатика 2. Эксперттік жүйелер 3. 1С-Бухгалтерия 4. 1С Кәсіпорын 5. АЖ сенімділігі 6. Компютерлік жүйелердің архитектурасы 7. Ақпарат теориясы 8. Ақпараттық жүйелер негізі
Біздің марапаттар – бұл кубоктар, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары. Бас жүлде, дипломдар, арнайы жүлделер иеленген. Бірақ біз, әсіресе, біздің көрермендеріміздің алдында өнер көрсеткенімізді мақтан тұтамыз.
Ансамбль жылдар бойы тұрақты жұмыс істеп жатыр р епертуарларын әр уақытта жаңартып және толықтырып отырады. Ансамбль репертуарын қазақ, шығыс, қазіргі билер құрайды. «Жайна» ансамблінің қатысушылары болашақ байқауларды әр уақытта тағатсыз күтуде. Әр байқау ансамбль мүшелерінің үмітін қол жеткізбес армандарының орындалуына жетелейді. Олар тек қана өздерін емес өз елін, өз қаласын көрсетеді.
"Жайна" ансамблінің – жетістіктері: 6 наурыз 1999 жыл Ең алғаш ҚЭУ сахнасында өнер көрсетті. Қазан 1999 жыл Белоруссия, Минск қаласы "Жастар Белоруссияның болашағы» атты II Халықаралық фестивалінің лауреаты Қараша 1999 жыл Қарағанды қаласындағы ЖОО арасында өткен «Жастар - Қазақстан Болашағы» атты облыстық фестивалінің III орын жүлдегері. Желтоқсан 1999 жыл Қарағанды қаласының «Қайырымдылық қорының» тұсаукесеріне қатысуы. Ақпан 2000 жыл Темиртау қ. Сара Назарбаеваның қатысуымен өткен "Бөбек " қорының тұсаукесеріне қатысуы. Ақпан 2000 жыл ҚарТВ арнасынан ансамбль туралы «Жетістік» фильмінің көрсетілімі. Ақпан – Наурыз 2000 жыл Ақ-Су, Павлодар, Екібастұз қаласы Әртіс М.Омаровпен ҚР гастролдік сапар. Сәуір 2000 жыл Қарағанды қ. Облыстық «Серебренный дождь» хореографиялық байқауының жеңімпазы. Сәуір 2000 жыл Түркияда өткен халықаралық "Жерорта теңіздік таңғажайыптары" фестивалінің лауреаты. Сәуір 2001 жыл Орал қаласы Ш. Жиенкұлов атындағы «Қазақ би» байқауының финалисттері Мамыр 2001 жыл Қарағанды қаласы. "Сиқырлы би әлемі» атты "Жайна" ансамблінің бірінші жеке концерті. Қыркүйек 2001 жыл Испания, Лорет де Мар қаласы. Халықаралық «Юность» хореографиялық байқауының бірінші дәрежелі лауреаты. Қазан 2001 жыл Барселона қ. Атақты Хисуса Кортеса атындағы "Фламенко" би мектебінде тәлім алды. Қараша 2001 жыл Қарағанды қаласы. "Жастар Қазақстанның болашағы" атты студенттердің III аймақтық фестивалында "Халық биі" жанры бойынша I орынды иеленді. Желтоқсан 2001 жыл Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған облыстық концертке қатысты. Маусым 2002 жыл Астана қаласы. Жаңа астананың ашылуына орай өткен шеруге қатысты. Тамыз 2003 жыл Шахтерлер күніне және Конституция күніне байланысты стадионда өткен шеруге қатысты. Қараша 2003 жыл Мәскеу қаласы. Мәскеуде "Кооперация - біздің үйіміз" атты ТМД елдернің Кооперативтік ЖОО арасында өткен студенттік фестивалда I орын иеленді. Ақпан 2004 жыл Қарағанды қ. Қарағандының 70- жылдық мерейтойына орай өткен үкімет концертіне қатысты. Тамыз 2004 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына және шахтерлер күнін тойлауға қатысты. Қазан 2004 жыл Қарағанды қ. Д.Назарбаеавның қатысумен өткен жастар форумына қатысты. Қазан 2004 жыл Жезқазған қ. "Жастар-Қазақстанның болашағы" атты студенттердің VI аймақтық конкурсында (эстрадалық номинация бойынша) I орын алды. Сәуір 2005 жыл Турция, Анталия қаласы "Бегущая по волнам " атты халықаралық байқау-фестивалының I дәрежелі лауреаттары атанды. Мамыр 2005 жыл Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60-жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты. Маусым 2005 жыл 15-17 маусымда ҚР президенті Н.Назарбаевтың жұмыс сапар шеңберінде стадионда өткен кездесуге қатысты. Қараша 2005 жыл Теміртау қ. Теміртау қаласының 60 жылдығына орай өткен хореографиялық "Халық өнері" байқауында I орын, студенттердің "Жастар -Қазақстанның болашағы" атты VII аймақтық фестивалында "Эстрадалық өнер"номинациясы бойынша I орын алды. Қараша 2005 жыл "Мен алғаш дауыс беремін" атты облыс әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің өткізген акциясына қатысты. Ақпан 2006 жыл Египет Бас жүлде "Бегущая по волнам " атты халықаралық байқау-фестивалы. Ақпан 200 жыл "Кайсар" жастар форумы қозғалысына бірінші қатысуы. Ақпан 2006 жыл Қарағанды облысының Жастар қозғалысының екінші облыстық көрмесіне қатысты. Наурыз 2006 жыл « Жас star-2006» жастар қолдауымен өткен "Эстрадалық өнер" номинациясы бойынша I аймақтық сыйақымен марапатталды. Сәуір 2006 жыл Қарғанды қ. Хореографиялық "Жайна" ансамблінің "Би сиқыры" атты жеке концерті. Сәуір 2006 жыл Павлодар қ. Аймақтық «Ертiс толкыны» байқауында көрермендер мейірімі және өте жақсы ұлттық киім жүлдесі. Маусым 2006 жыл Қарағанды қ. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 40 жылдық мерейтойына қатысты. Тамыз 2006 жыл Қарағанды қ, ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қарағанды облысына 70-жыл толуына байланысты стадионда өткен кездесуге қатысты. Қазан 2006 жыл Павлодар қ. VI республикалық «Жас толқын» студент- жастар фестиваліндегі III орын. Қараша 2006 жыл Қарағанды қ. Студенттердің аймақтық «Жастар Қазақстанның болашағы» атты фестивалінде заманауи би үлгісінен I орын және ұлттық биден II орын иеленді Желтоқсан 2006 жыл Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар"сыйақысымен марапатталуы, "Хореография" номинациясы бойынша "лауреат" атағы берілді. Қаңтар 2007 жыл Санкт-Петербург қ. «Жұлдыздардың жарқырауы» III Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық Рождество фестиваль-байқауының Бас жүлдесін және ұлттық номинацияда (I орынға). Эстрадалық номинацияда (I орын). Сәуір 2007 жыл Павлодар қ. «Ертiс толқыны» III аймақтық ұлттық би байқауында I орын. Мамыр 2007 жыл Қарағанды қ. "Жайна" ансамблінің ҚЭУ-дегі жеке концерті Қараша 2007 жыл Қарағанды қ. Студенттердің аймақтық «Жастар Қазақстанның болашағы» атты фестивалінде заманауи би мен ұлттық биден I орын иеленді Мамыр 2008 жыл Ресей Балаково қ, Ресейлік «Синяя птица» байқау-фестивалінде хореографиялық ұжымының II ашылуында "Ұлттық хореография" номинацияда I орын. Шілде 2008 жыл Теміртау қ. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Теміртау қаласында металлургтер күніне орай стадионның ашылуына қатысты. Қараша 2008 жыл Ресей Екатеринбург қ, «Берега надежды» шығармашылық ұжымының III Халықаралық конкурс-фестивалінде I орын. Наурыз 2009 жыл Қарағанды қ. « Жайна» ансамблінің 10- жылдық мерейтойға арналған жеке концерті. Сәуір 2009 жыл Қарағанды қ « Дельфийские игры» қалалық байқауда ұлттық билер номинациясы бойынша III орын және заманауи би түрлері номинациясында II орынды иеленді. Сәуір 2009 жыл Қарағанды қ Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Елдің бірінші ханымы С.А.Назарбаевамен кездесуде «Өзін-өзі тану» бойынша Республикалық семинар болды. Маусым 2009 жыл Қарағанды обл.Ботақара ауылы. Облыстық спорт ойындарының салтанатты ашылу шарасына қатысу. Тамыз 2009 жыл Саран қ., Қарағанды обл. ҚР президенті Н.Ә.Казарбаевтың қатысуымен өткен Саран қаласының 55 жылдық салтанатты мерейтойына қатысты. Қыркүйек 2009 жыл Оңтүстік Корея, Сеуіл қ. « Bucheon-2009– мәдени мұра» фестивалының лауреаттары
Алға! Жетістікке қарай ұмтыл! 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетінде осы ұранмен «Жайна» ансамблі ұйымдастырылған еді. Ансамбль құрамында қазір 40 адам билейді, олардың 20 - негізгі құрамда, қалған балалар даярлайтын топта шұғылданады. Ансамблді құрушы және оны рухтандырушы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы э.ғ.д., профессор, жас ұрпақты отан сүйгіштікке және биік мәдениеттілікке, әлемдік рухқа тәрбиелеуші. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы білімді, мәдени және озық мамандар даярлап шығуына барлық жағдай жасауда. Студенттер жетекшілерін өте жақсы көреді және ҚЭУ-де оқитындарын мақтан етеді. Өйткені, ол - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына бағаланбас үлес қосуда
«Жайна» ансамблін құрушы және жетекшісі Савельева Татьяна Владимировна. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қоса отырып, үлкен жетістіктерге жеткендігі үшін 2000 жылы әртістік «Дарынды шебер» номинациясының сыйақысымен марапатталды, 2002 жылы «Жыл Хореографы», 2002 жылдың наурыз айында «Наурыздың 100 жақсы әйелдер» атты номинациясы бойынша облыс Әкімінің алғыс хатымен, сонымен бірге 2005 жылы облыстық мәдениет Департаментінің мадақтау хатымен марапатталды. Қарағанды қаласының мәдениетіне және көркемөнерге үлес қосқаны үшін облыс Әкімінің мадақтамасымен, ҚР Конституциясының 10-жылдық мерей тойына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың №1633 25 тамыз 2005 жылғы бұйрығымен мемлекеттік медальмен марапатталды. Татьяна Владимировна Испанияда, Туркияда, Мысырда, Германияда, Швецияда, Финляндияда, Үндістанда, Белорусияда, Ресейде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты.
2006 жылдан бастап ансамбльде ассистент хореограф Вицентий Юлия Николаевна жұмыс істейді. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қосқандығы үшін облыс Әкімінің алғыс хатымен, 2007 жылы Санкт Петербург қаласында өткен «Сияние звезд», «Халықаралық Рождество» фестиваль – байқауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына үлес қосқандығы үшін жоғарғы дәрежедегі педагогикалық кәсіби лауреаттардың дипломымен марапатталды.
Көшібаева Дидар Ақанқызы Сәттібаева Гүлжанат Белоруссияда, Ресейде, Египетте, Қазақстанда өткен Халықаралық конкурстардың 6 (алты) дүркін Гран-при (Бас жүлде) иегері. VI Республикалық «Жас толқын» фестивалінің, «Ертіс толқыны» аймақтық конкурсының жеңімпазы, «Жастар Қазақстанның болашағы» студенттердің аймақтық конкурсының 5 (бес) дүркін жеңімпазы. Ансамбль 15 жылдан асатын өзінің жолында, әр түрлі ауқымдардағы би фестивальдерінде (байқауларында) өзінің көшбасшылығын дәлелдеп, көрсетіп келеді. Шынымен де солай, өйткені ансамбльдің өзінің жүріп өткен тарихы, мол тәжірибесі бар! Өнерге деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббат, ұжым жетекшісі Көшібаева Дидар Ақанқызының сан қырлы таланты мен хореограф ассистенті Сәттібаева Гүлжанат Әсетқызының табанды еңбегі, сондай-ақ ансамбль мүшелерінің зор ынта-жігері, «Жайна» хореографиялық ансамбліне әрқашан да биікте болуға көмектеседі.
«Жайна» хореографиялық ансамблі 20 жылдан астам түрлі масштабтағы би фестивальдерінде(байқауларда) өз көшбасшылығын дәлелдейді: Белоруссия, Ресей, Египет, Қазақстанда халықаралық конкурстардың 6 дүркін Гран-при иегерлері. VI Республикалық "Жас толқын" фестивалі, "Ертіс толқыны" аймақтық байқауының жеңімпаздары, "Қазақстан жастары" аймақтық студенттер байқауының 5 дүркін жеңімпаздары.
Хореографияның негізгі бағыттары:
- би қойылымы
- би техникасының негізгі принциптері
- үйлестіру
- базалық қозғалыстарды зерттеу
- созу
- синхрондық
- конкурстарға дайындық
Сабақ күндері
«Жайна» хореографиялық ансамбль студиясында(322 каб):
Ғылыми Кеңес ЖОО-ның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланатын және шешімдері қабылданатын жоғары оқу орнын алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады. ҚҚЭУ-дің Ғылыми кеңесі университеттің ең үздік профессорлар-оқытушылар құрамы мен студент жастар құрамынан тұрады. Әлемнің ең беделді университеттері сияқты ҚҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесі мына мақсатта құрылған: 1.Мамандарды даярлауда жоғары сапаны қамтамасыз ету, 2.Ғылыми зерттеулер жүргізу, 3.Студенттерге тәрбие беру, 4.Қазақстан Республикасының білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
КТ қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін
КТ құны 8 292 теңгені құрайды
КТ үшін төлем КТ-ға өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі (Kaspi QR немесе банк картасы арқылы).
Магистратураға түсу үшін қандай баллдар бар
Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бағалау шкаласы
Тест түрлері
Блоктар
Тест тапсырмаларының нысаны
Тапсыру тілі
Тест саны
Барлық ұпай
Шекті балл
грантқа
ақылы
Шет тілі бойынша Тест
Тыңдау
Лексика-грамматикалық тест
Оқу
бір дұрыс жауапты таңдау
Ағылшын / Неміс / Француз
50
50
кемінде 25
кемінде 25
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест
Сыни ойлау
Аналитикалық ойлау
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
кемінде 7
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест
Пән 1
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
кемінде 7
Пән 2
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
20
40
кемінде 7
кемінде 7
БАРЛЫҒЫ
130
150
кемінде 75
кемінде 50
Бейіндік магистратура үшін бағалау шкаласы
Тест түрлері
Блоктар
Тест тапсырмаларының нысаны
Тапсыру тілі
Тест саны
Барлық ұпай
Ақылы оқуға шекті балл
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест
Сыни ойлау
Аналитикалық ойлау
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест
Пән 1
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
Пән 2
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
20
40
кемінде 7
БАРЛЫҒЫ
80
100
кемінде 25
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
өтініш (университетте толтырылады);
жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
кешенді тестілеудің электрондық сертификаты
3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы QR кодымен медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша талап етілетін балы/деңгейі бар шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болса);
1 папка, 2 конверт
Егер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болса, онда ол қалай есептеледі
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар тиісті шекті балдары бар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: IELTS(АЙЛТС) / International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем), шекті балл-кемінде 6,0;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 543 балл;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 60;
Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (NiveauC1/C1 деңгейі);
француз тілі:test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome DALF (DALF), C1 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл).
Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы аталған сертификаттардың бірі бар адамдарға 50 балл есептеледі.
КТ өтуден босататын қандай да бір жағдайлар бар ма
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсетін тұлғалар, сондай-ақ "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады:
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорды емтихан) GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың үлгісі;
ӘҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификат .
Магистратураға "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына түсетін тұлғалар ӘШҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты (ГРЭДУЭЙТ мэнэджмент адмишен тест) болған кезде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ – ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ-ның "шет тілі" (ағылшын тілі) тестілеу блогынан босатылады.
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:
Докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау мерзімі
3- шілдеден 3 - тамыз аралығы
Докторантураға түсу үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет екендігі туралы анықтама
Оқуға түсуші өтініш береді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсырады (2 қабат, 260, 264 кабинет) .
Оның ішінде құжаттардың толық пакетін ұсыну және оларды сәйкестендіру кезінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу жүргізіледі.
Докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу университеттің қабылдау комиссиясының техникалық сүйемелдеуімен ғана жүргізіледі.
Докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады
«Магистр» дәрежесінің болуы.
Еңбек өтілі 9 айдан кем емес
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуы
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
өтініш (университетте толтырылады);
білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат (талап етілетін балл / деңгеймен);
қабылдау емтиханының нәтижелері бойынша электрондық сертификат;
QR коды бар электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты ұсынады;
соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімін (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);;
1 папка, 2 конверт, 2 файл
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар қандай бағдарламалар бойынша және қандай баллдармен қабылданады
Докторантураға түсушілер келесі бағдарламалар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты міндетті түрде ұсынады:
ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС)/International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) шекті балл – кемінде 5,5;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 460 балл;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 46;
Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 453;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (Niveau B2/B2 деңгейі);
француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise DALF (Далф), В2 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Докторантураға түсушілер үшін қандай кіріспе сынақ өткізіледі
Оқуға түсу кезінде үміткер докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта тапсырады, үш блоктан тұрады:
эссе жазу;
докторантурада оқуға дайындық тесті;
бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан сұрақтарына жауаптар.
Докторантураға түсу емтиханы қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
4-тамыздан 20-тамыз аралығы
Емтихан бағасы 21 072 теңгені құрайды
Докторантураға түсу емтиханы үшін төлем АЖ (KaspiQR немесе банк картасы арқылы) арқылы өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі.
Докторантураға түсу үшін қандай ұпайлар бар
Докторантураға түсу үшін бағалау
Тест түрлері
Барлық ұпай
Шекті балл
мемлекеттік тапсырысқа
ақылы
Эссе
250-300 сөз
20
75-тен кем емес
50-тен кем емес
Докторантурада оқуға дайындық тесті
ҰТО әзірлеген ТГО
30
бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан
3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билеті
50
Барлығы
100
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Сұрақтар бойынша оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:
Қарағанды қ, Академическая көшесі 9; (2 қабат, 260, 264 кабинет)