Экология және бағалау кафедрасының студенттік ғылыми қоғамы (СҒҚ)
Атауы |
Мақсатты қондырғылар |
Қызмет бағыттары |
Жетістіктер |
EcoLife |
Студенттердің ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту және студенттердің ғылыми жұмыстары арқылы өзекті экологиялық мәселелерді көтеру |
1. Қоршаған ортаның ластануы тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақалалар түрінде жариялау 2. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу жолдарын іздеу. 3. Экологиялық тақырыптар бойынша жобаларды дайындау 4.Студенттер мен жалпы халық арасында қоршаған ортаны қорғау идеясын тарату |
1. Кафедра студенті ЭкоЖастер ұйымы бастаған эко-жаттықтырушылар мен эко-блогерлерді даярлау курсын аяқтап, бүгінгі таңда тренингтер өткізуде 2. Экология және бағалау кафедрасы ұйымдастырған "Экология айлығында" студенттер әртүрлі экологиялық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. 3. Бірнеше студент Омбы қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысып, бірінші орынға ие болды 4. Үшінші курс студенттері АҚШ елшілігінің қолдауымен өткен PlasNet жобалар байқауында өз жобаларын ұсынды. 5.Кафедраның бірнеше студенттері Уфа қаласында өтетін халықаралық конференцияға қатысты. 6.Студенттер Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен студенттік конференцияға мақалалар мен баяндамалар дайындайды. 7.Осы конференциямен бірге өтетін жобалар байқауына экология мамандығының студенттері де өз жобаларын ұсынды. |
СҒҚ мүшелерінің тізімі:
|