«Дене шынықтыру және спорттық менеджмент» кафедрасы студенттік ғылыми қоғамы (СҒҚ)

Атауы

Мақсатты ұстанымдар

Қызмет бағыттары

Жетістіктер

«Дене шынықтыру және спорт менеджменті» кафедрасының студенттік ғылыми қоғамы

Студенттердің ғылыми-зерттеу белсенділігін дамыту, академиялық жазу және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру, жарияланымдық және жобалық қызметті қолдау, сондай-ақ студенттік зерттеулерді дене шынықтыру, спорт және спорт менеджментінің заманауи бағыттарымен ықпалдастыру.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы; ғылыми баяндамалар мен жарияланымдар дайындау; ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен форумдарға қатысу; зерттеу және стартап-жобаларды әзірлеу; дене шынықтыру мен спорттағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті зерттеу; авторлық әзірлемелер дайындау; оқытушылармен және практик-мамандармен өзара іс-қимыл.

2022 жылғы желтоқсанда «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» ББ студенттері Start-Up Day жобаларының Demo Day – 2022 байқауына қатысып, жүлделі 1, 2 және 3 орындарға ие болды:

1-орын – ФКиСМ-20-3 тобының студенттері Сучу Станислав, Спицына Милана және Опарина П.;

2-орын – ФКиСМ-20-3 тобының студенті Койшыбеков Ж.;

3-орын – ФКиСМ-20-2 және ФКиСМ-20-3 топтарының студенттері Алиев Элвин, Жигадло Полина, Бекенова Амина, Компанцева Юлия және Ярошенко Алина.

«Вопросы педагогики» республикалық ғылыми-теориялық журналында оқытушылар Баймағамбетов Ю.Т., Ералин Б.М., Ақшулаков Б.К. және ФКиСМ-20-3 тобының студенті Шайхудинов И. бірлесіп дайындаған ғылыми мақала жарияланды. Сонымен қатар «Вестник» журналында ФКиСМ-20-2 тобының студенттері Жигадло П. және Спицына М. мақалалары жарияланды.

2023 жылғы 14 сәуірде «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» ББ студенттері «Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз» атты VIII Халықаралық студенттер слетіне белсенді қатысып, «Қазіргі өмірдегі дене шынықтыру мен спорттың өзекті мәселелері» секциялық отырысында Жигадло П. және Алиев Э. баяндамалар жасады.2025–2026 оқу жылында СҒҚ қызметі кеңейіп, мазмұндық тұрғыдан жанданды. Қоғам резиденттерінің саны 12 студентке дейін артты, 6 тақырыптық отырыс өткізіліп, дене шынықтыру, спорт, спорт менеджменті, цифрлық трансформация және жасанды интеллекттің өзекті мәселелері бойынша 23 ғылыми баяндама дайындалды. Студенттер ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен оқыту іс-шараларына қатысып, инновациялық технологиялар, кәсіпкерлік, ЖИ және спорт саласының заманауи даму үрдістеріне арналған жұмыстар ұсынды.

«Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз» атты Жас ғалымдардың халықаралық форумында кафедра белсенділік танытты. Форум аясындағы «Дене шынықтыру, спорт және сауықтыру технологияларының цифрлық трансформациясы» секциясында 16 баяндама мен мақала ұсынылды. Жұмыстарда спорттық даярлықта жасанды интеллектті қолдану, спорт менеджментіндегі цифрлық технологиялар, онлайн-платформалар, сауықтыру бағдарламалары және цифрлық талдау мәселелері қарастырылды.

Студенттік жарияланымдар саны 13-тен 26-ға дейін артты, оның ішінде дербес жарияланымдар және оқытушылармен бірлесіп дайындалған жұмыстар бар. Студенттердің жобалық қызметке қатысуы да белсенді бола түсті: 2 стартап-жоба ұсынылып, 12 білім алушы кафедраның зерттеу тақырыптары мен жобаларына тартылды. Студенттердің қатысуымен 2 авторлық куәліктің алынуы ғылыми жұмыстың практикалық бағыттылығын және оның білім беру үдерісінде қолдануға болатын нәтижелерін көрсетеді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL