Риттер Маргарита
2023 жылы 26 желтоқсанда өткен "Жаратылыстану ғылымдарын зерттеу мен дамытудың жиырма жылдығына" арналған "Қазіргі жағдайда цифрлық технологияларды дамыту" тақырыбындағы Тәжік мемлекеттік коммерциялық университетіндегі II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцисыяда ЕО қаржыландыратын және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде іске асырылатын Erasmus+ Jean Monnet 2022-2025 101082914 - EPOS - ERASMUS-JMO-2022-HEI-TCH-RSCH жобасының жұмыс тобының мүшелері Erasmus+ Jean Monnet 2022-2025 101082914 - EPOS - ERASMUS-JMO-2022-HEI-tch-RSCH жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды. Қалқабаева Гаухар, э.ғ.к., профессор ЕО елдері мен Қазақстан Республикасының Тұрақты даму жобаларын қаржыландыру үшін цифрлық платформаларды әзірлеудегі тәжірибесін ұсынды.
Конференцияға бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен зерттеушілер, Тәжікстан мен ТМД елдерінен халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен іскерлік компаниялардың өкілдері қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары шығарылады.
|