Докторанттардың құқықтары мен міндеттері
ҚҚЭУ докторантының құқығы бар:
• мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде оқу;
• компьютерлік кластарда, жаңа технологиялар мен қашықтықтан оқыту зертхана кабинеттерімен, оқу сыныптарымен, кітапханамен қолдану;
• конференцияларда, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысында қатысуға, онда жұмысын жариялауға;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ҚҚЭУ-дің қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін және оқу жетістіктеріне, моральдық және материалдық мадақталуға;
• ЖОО әкімшілігінің бұйрықтары мен қаулыларын белгіленген заңнамалық тәртіптеріне сай шағымдануға;
• әскери қызметтен мерзімін ұзарту;
• дәлелді себеппен академиялық демалысқа шығу;
• жоғары сапалы білім беру қызметін алуға;
• докторантура білім беру бағдарламасының мазмұнына қатысты,
толыққанды ақпарат алуға;
• университете оқитынын растайтын анықтаманы алып, сұраныс түскен
орынға ұсыну;
• университет оқуын куәландыратын жоғалған құжаттар көшірмелерін алуға;
• басқа қалалардан келген докторанттарға - жатақханаға тіркелу;
• медициналық қызметтерге;
• университет әкімшілігінің барлық деңгейдегі өкілдерімен кездесу және
консультациялар алуға.
ҚҚЭУ докторанты міндетті:
• таңдаған мамандығы бойынша жүйелі және терең теориялық білімдер мен
практикалық дағдыларды меңгеру;
• өзіндік жұмыста көзделген әр түрлі жұмыс түрлерін уақытанда орындау;
• өнегелі, моральді және этикалық ережені сақтау;
• университет корпусында және оқу аудиторияларында тазалық пен тәртіп
сақтауға, университет мүлкіне ұқыпты болуға;
• жатақханада тұру ережелерін сақтауға;
• ҚЭУ-дің құндылықтары мен басымдықтарына ортақтасуға;
• ҚЭУ-дің оң имиджіне қамын жеу;
• университеттің профессорлық-оқытушылары мен қызметкерлерін
құрметтеу;
• эпидемиологиялық жағдайды болдырмау мақсатында туберкулез және
басқа да ауыр аурулар кезінде жедел университетінің әкімшілігіне хабардар
етуге;
• оқыту пәндерін, университеттің ішкі ережелері мен жарғысын сақтауға;
• докторантурадағы оқуды стационарлық емделуге жату себебіне байланысты
және төтенше мінезді уақиға туындауға байланысты (табиғи апаттар, жазатайым оқиғалар және т.б.) және басқа да дәлелді себептермен өткізу жағдайында, докторант немесе оның туыстары бір тәулік ішінде Университетке оқиға жайлы кез келген тәсілмен (телефон арқылы, телеграф және т.б.) осы фактіні растайтын құжаттарды берумен, үш күн ішінде қамтамасыз ету қажет.