6В07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
Қазіргі уақытта жастар орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін өз білімін жалғастыруға кең мүмкіндіктерге ие. Жаңа, ерекше және инновациялық мамандықтардың саны өте көп.
Дегенмен, кез-келген экономикалық және саяси өзгерістер болса да мамандар әрқашан қажет болатын адам қызметінің кәсіби бағыттарының белгілі бір қабаты бар. Солардың арасында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын атап көрсетуге болады. Тұтынушылық нарықты әртүрлі тауарлармен қамтамасыз ету жағдайында стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді.
6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін тұтыну тауарлары мен қызметтері саласындағы стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы инновацияға бағдарланған, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі маман - өнімнің сапасын қамтамасыз ету және бағалау, оның сәйкестігін растайтын, сонымен қатар стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардағы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарының (аспаптардың, жабдықтардың) жұмыс жағдайын бақылау, кәсіпорындар мен ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін құру және бағалау саласындағы маман олып табылады.
Оқуды аяқтағанда берілетін дәреже: 6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.
Мамандық лауазымдарының тізімі: стандарттау, сертификаттау, метрология маманы, сапа менеджері, метролог, колледж оқытушысы.
Орта білім негізінде (мектеп түлектері) күндізгі бөлімге түсушілер 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 міндетті + 2 таңдау бойынша бейіндік пәндер).
6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ бейіндік пәндер:
1) Математика
2) Физика
Колледж түлектері университетке екі пән бойынша сұхбаттасу арқылы түседі:
1) жалпы кәсіби пән - физика;
2) Профильдік пән - стандарттау.
Бакалавриатта оқу мерзімі:
Орта білім негізінде (мектеп бітірушілер) - 4 жыл;
Орта арнаулы білім негізінде (колледж түлектері) - 3 жыл;
Жоғары білім негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданылатын күндізгі бөлім – 2 жыл.
Бакалавриат түлектері магистратурада оқуларын жалғастыра алады:
- ғылыми-педагогикалық салада - 2 жыл;
- профильдік бағыт бойынша - 1 жыл.