Жоба мақсаты: Болон үрдісінің соңғы құжаттарындағы ұсыныстарға сай - тұлғалық-бағдарланған құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы, жоба түлектердің жұмысқа орналастырылуын жоғарлатуға бағдарланған.
Жоба мақсаттары: - әріптес-мемлекеттердегі жоо-да, мемлекеттің еңбек нарығының, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктерін есептей отырып құзыреттіліктің белсенді модельн енгізу; - барлық мүдделі жақтардың және мақсаттық топтардың қызығушылықтарын есептейтін түлектерді жұмысқа орналастырудағы көмек көрсету және құзыреттіліктерді дамыту бойынша орталықтарды құру (CCED) және тұжырымдаманы әзірлеу; - әртүрлі мақсаттық топтарға бағдарланған құралдарды және модульдерді әзірлеу бойынша тренингтерді өткізу; - әріптес-мемлекеттердің білім берушілік ортасында түлектерді жұмысқа орналастырудағы көмек көрсету және құзыреттіліктерді дамыту бойынша орталықтарды (CCED) тарату.
Жоба нәтижесі: Жобаның мақсаттары және тапсырмалары тиесілі жұмыс пакетімен шектелген келесі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған.
- Шарттарды талдау Ресейде және Қазақстанда түлектердің жұмысқа орналастырылуы бойынша ұлттық аналитикалық баяндамалар, сонымен қоса әріптес-жоо-ң осы мәселеге қатысты университеттік баяндамалар, ұлтты және түлектердің жұмысқа орналасуға қабілеттілігін зерттеу;
- Орталықтардың тұжырымдамаларын әзірлеу түлектерді жұмысқа орналастырудағы көмек көрсету және құзыреттіліктерді дамыту бойынша орталықтардың (CCED) университеттік тұжырымдамалары, әртүрлі мақсаттық топтарға арналған құзыреттілік модельдер, материалдар, модульдер және оқыту бағдарламалары, әріптес-жоо-ң қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары.
- Орталықтарды құрастыру және сынақ жүргізу Ресей және Қазақстанның әріптес-жоо-да түлектерді жұмысқа орналастырудағы көмек көрсету және құзыреттіліктерді дамыту бойынша орталықтарды (CCED) құру және қызмет көрсетуі; - Сапаны қамтамасыз ету ішкі есептер, жоспарлар және сапаны бағалау, жобалық жұмысты басқару және сапа өлшемдері;
- Нәтижелелерді тарату материалдар, құралдар, Жоба және оның нәтижелелері туралы ақпаратты тарату бойынша жоспарлар;
- Жобаны басқару ішкі есептер және Жоба бойынша кездесулер;
Жоба консорциумы
1. Қолданбалы ғылымдар университеті Билефельд қаласы, Германия 2. Кәсіби білім беру, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат институты, Германия. 3. Технологиялық институт Пиреус қаласы, Греция 4. Марибор университеті, Словения 5. Дон мемлекеттік техникалық университеті, Ресей 6. Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті, Ресей 7. Воронеж мемлекеттік университеті, Ресей 8. Тюмен индустриалдық университеті, Ресей 9. Перьм мемлекеттік университеті, Ресей 10. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан 11. Нархоз университеті, Қазақстан 12. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет Семей қаласы, Қазақстан
Берілген материалдардың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын білдірмейді. Комиссия берілген мақаладағы материалдардың қолдануына ещқандай жауапкершілік алмайды.
|