Қарағанды экономикалық университетінде 6В04108 "Бағалау" білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау жүзеге асырылады.
Бағалаушы – жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, жерді, акциялар пакеті мен бизнес үлесін, мүліктік құқықтарды, материалдық емес активтерды, яғни кез келген мүлік түрінің құнын анықтауға қабілетті маман.
ҰБТ тапсыру кезінде бейіндік пәндер - математика, география.
"Бағалау" білім беру бағдарламасының мақсаты: бағалау саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.
Сарапшы-бағалаушылардың кәсіби қызметінің объектілері:
- жылжымайтын мүлік және жер;
- қоршаған орта және табиғи ресурстар;
- машиналар, жабдықтар және көлік құралдары;
- жаңа технологиялар мен инновациялар;
- инвестициялық жобалар;
- материалдық емес активтер және зияткерлік меншік;
- бағалы қағаздар;
- кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет түрлері:
- сараптамалық-бағалау;
- аналитикалық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- консультациялық;
- кәсіпкерлік;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- білім беру (педагогикалық).
Бағалаушы-мамандар әрдайым сұранысқа ие болады, өйткені сапалы жан-жақты кешенді бағалаусыз меншіктің кез келген түрлерінің нарықтық құнын дұрыс анықтау мүмкін емес.