ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жыл сайынғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауын жариялайды.

Байқау екі кезеңде өткізіледі: ЖОО ішіндегі және республикалық.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» (конкурсы туралы қағида) атағын беру конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:

- университеттің штаттық оқытушысы;

- конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар үміткерлер.

Байқаудың I кезеңі  2024 жылдың 1 қарашасынан басталып, 2024 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2024.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқаудың I кезеңі  бойынша апелляция беру мерзімі 12-15 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың  I I кезеңі – республикалық,  2024 жылдың  18 қарашасынан  басталып, 2024 жылдың  13 желтоқсанына  дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2024.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Конкурстық құжаттама ҒжЖБМ АЖ тіркеледі және қағаз жеткізгіште түпнұсқада ұсынылады. Мақалаларға белсенді сілтемелерді көрсету, халықаралық сертификаттарды тексеру міндетті.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ЖжЖООКББ АДД, 300 кабинетке хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL