• Платонус
  • ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
Жаңалықтар

Білім және инновация жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының кілті ретінде

Білім және инновация жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының...

2024 жылғы 13 желтоқсанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "инновациялық даму жағдайындағы ғылым мен білімнің интеграциясы және оның жастардың жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға қосқан үлесі" тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық...
«Парасаттылық сағаттары» және Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

«Парасаттылық сағаттары» және Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылған барлық факультеттер мен студенттік жатақханаларда кезең-кезеңімен "парасаттылық...
Университет және бизнес диалогы

Университет және бизнес диалогы

2024 жылғы 11 желтоқсанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Ермекқызы Накипова мен "Қарағандытранстелеком"филиалының басқарушы директоры Айдын Алтайұлы Акпаровтың достық кездесуі өтті. Күн тәртібінде...
Біздің студенттердің Халықаралық Олимпиададағы үздік жетістіктері

Біздің студенттердің Халықаралық Олимпиададағы үздік жетістіктері

2024 жылдың 2 желтоқсанында Уфа Мемлекеттік Мұнай-Техникалық Университетінің Экономика және Стратегиялық Даму Кафедрасының ұйымдастыруымен Өткен "Макроэкономиканың Негізгі Мәселелері" Атты Экономика пәнінен Халықаралық Олимпиада аясында Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің студенттері қатысып,...
Kazpotrebsoyuz University стартап-аренада: бизнес-идеяларды қолдау және дамыту

Kazpotrebsoyuz University стартап-аренада: бизнес-идеяларды қолдау...

5 желтоқсанда "Терриконовая долина" it-хабында қызықты demo day өтті, онда Қарағандыдан келген стартаперлер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды және өз бизнесін дамытуға гранттар алды. Ұсынылған жобалардың қатарына HoReCa сегментіне арналған QR мәзірі, емізетін аналарды қолдауға арналған қосымша...
ХХІ ғасыр менеджменті: конференция және студенттердің жетістіктері

ХХІ ғасыр менеджменті: конференция және студенттердің жетістіктері

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде менеджерлер күнін мерекелеу аясында «ХХІ ғасыр менеджменті: стратегиялар, технологиялар және инновациялар» атты өңірлік ғылыми-теориялық конференция өтті. Алғаш рет өткізілген бұл іс-шара студенттерді, оқытушылар мен практиктерді басқарудың өзекті мәселелерін...

December 2024
M T W T F S S
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31
«Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві»

Диплом алған мамандардың бәріне бірдей университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасудың сәті түсе бермейді. Жұмыс берушілер ең алдымен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді жұмысқа жалдауға мүдделі. Бұл жағдайда, күні кеше университет бітірген түлектерге «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, мемлекет көмекке келеді.

ЖОО-лар түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады.
Бұл үшін диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (ауданының) әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіреді. Содан кейін жұмыспен қамту орталығы түлек туралы деректі мамандар деректерінің бірыңғай қорына енгізеді және жұмыс беруші компаниялар арасында диплом бағыттары бойынша бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР Заңнамасы бойынша еңбек шартына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне (практикасына) бағытталған бағдарламаға қатысушылардың айлық еңбекақысы – 18 айлық есептік көрсеткіші (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларын және банктік қызмет көрсетулерді шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе (практика) уақытында сізді өзінің компаниясына жұмыс жасауға қабілетті және сай келеді деп есептейтін болса – ол сізді тұрақты жұмыс жасауға қабылдауға құқы бар. Жас маман үшін бұл нұсқа жұмыс тәжірибесінсіз неғұрлым қолайлы болып саналады, бұл орайда сіз, тәжірибеден өту кезінде өзіңіздің және өзіңіздің кәсіби дағдыларыңызды көрсету мүмкіндіктерін назардан шығарып алмаңыз.
Бағдарлама түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
Түлектің бағдарламаға қатысуы үшін мыналар қажет:
1. Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру.
2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жас мөлшері 29-дан аспауы тиіс).
3. Төмендегідей құжаттар тапсыру:
• жеке бас куәлігі;
• диплом;
• үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
• зейнетақы қорымен жасалған шарт;
• Халық банкінен ағымдағы есепшот;
• 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Бұдан өзге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберлерінде кәсіби білім беру оқу орны базасы құрылады және бірыңғай ақпараттық «Жастардың еңбек биржасы» порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы ашылады.

«Дипломмен – ауылға»
Төмендегі мамандықтар:
• білім беру;
• денсаулық сақтау;
• әлеуметтік қамтамасыз ету;
• мәдениет және спорт;
• ветеринария бойынша ЖОО-ны аяқтаған студенттер үшін.
Мемлекет тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде жұмыстар ұсынады. Жас мамандарды әлеуметтік қолдауға мыналар кіреді:
• 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру;
• 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жылға арналған мерзімге тұрғынүй сатып алу және салу үшін бюджеттік несие беру;
• ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына (қалалық елді мекендерде) тарифтік мөлшерлемелерден 25%-ға кем емес мөлшерде лауазымдық еңбекақыны көтеру.
Бағдарламаға қатысу үшін мыналар қажет:
• сіз таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.) өз бетімен жұмыс табу;
• жұмысқа қабылдау кезінде үміткер бағдарламаға қатысуға аудандық комиссияға өтініш береді;
• өз бетіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған кезде, сіз ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне немесе өңірлердегі жауапты қызметкерлерге өтініш білдіре аласыз;
• өңірлердегі кадрларға деген қажеттілік туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.
Жобаға қатысу үшін құжаттар тізбесі:
• үлгі бойынша өтініш;
• жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
• білімі туралы дипломның көшірмесі;
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алу-сату туралы алдын ала шарт;
• жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік несие алу үшін);
• тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерін пайдалану құқығына акті.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шеңберлерінде үш жылдың ішінде республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 мамандар барғандығын атап көрсетеміз.

«Жастар кадрлық резерві»
ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауы жағдайында, жас талантты, белсенді қазақстандықтардың арасынан елдің басқару кадрларын анықтауға, іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы жүзеге асырылды.
2009-2016 жылдары «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысуға 13 000-нан аса жастар өтініш берді, солардың 404 адамы әртүрлі ұйымдарда ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқытушы модульдерден, кәсіби біліктілікті бағалаудан, тағылымдамалардан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, қоғамдық бұйымдар, БАҚ өкілдерімен кездесті.
2016 жылы жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ жас мамандар арасынан елдің басқару кадрларын анықтауды, іріктеуді, даярлауды және тәрбиелеуді және төмендегі үш бағыт:
1. Мемлекеттік қызмет
2. Бизнес-қоғамдастық
3. Қоғамдық саяси қызмет бойынша әлеуметтік маңызы бар қызметке енгізуді болжайды.
Іріктеу туры бірнеше кезеңдерден өтеді:
• Жобаның ресми сайтында сауалнама толтыру, формалды өлшемдер (жас мөлшері, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылары, интеллектуалдық әлеуетті, эмоционалдық интеллекті бағалау, эссе жазу және т.б.) бойынша сауалнамаларды бағалау. Бастапқы іріктеу нәтижелері бойынша 300 конкурсқа қатысушылар келесі кезеңге жіберілетін болады.
• Логика бойынша тестілеу, мемлекеттік тілді білу және жобаға қатысушының психологиялық картасын анықтау (тестілеудің кестесі мен өтетін орыны, іріктеудің 2-ші кезеңіне өткен 300 конкурсқа қатысушылардың нәтижелері жарияланғаннан кейін анықталатын болады).
• Құзыреттерін бағалауға әңгімелесуден өту, жобаның 32 үздік қатысушыларын (әрбір өңірден 2 конкурсқа қатысушы бойынша) анықтайды. Сұхбаттасуды республика өңірлерінде «Болашақ» Қауымдастығының сарапшылары, өңірлік үйлестірушілері, Дирекцияларының мүшелері мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері жүргізеді.
Одан ары конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік мамандарды шақыртумен лекциялар, семинарлар, шеберлік сыныптары, асессмент (кәсіби құзыреттілікті бағалау) кіретін, оқытушы модульдерден, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша ең жоғары рейтинг алған 32 конкурсқа қатысушылар сертификат алады және кадрлық резервке қабылданатын болады, сондай-ақ бұл мемлекеттік қызметке, бизнес аясына және қоғамдық қызметке тұруға неғұрлым жоғары лауазымды иелену үшін резервте тұрғандарды ұсыну үшін қарауға кепілдеме болып саналады.
2016 жылы жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ конкурсқа қатысушы 16 үміткерді анықтауды, іріктеуді, даярлауды және «Жастар кадрлық резервіне» енгізуді болжайды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL

Байланыстар

Бас ғимарат

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9

Телефон: +7 7212 441592
Факс: +7 7212 303171
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Call-center: +7 7212 50-21-24
Телефон автоқоңырақ шалуда 44-16-24, 44-16-34, 44-15-68

Жетілдірілген

Қабылдау комиссиясы

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9
106 каб

Телефон: +7 7212 44-16-24 вн.6505, 44-15-72
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Карта