Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы Қарағанды қаласының мектептерінің 10-11 сынып оқушыларының арасында «Ақша біздің өмірімізде қандай рөл атқарады?» тақырыбында эссе жазу сайысын өткізу туралы хабарлайды.
Краков Экономика университеті (Польша), ИСМА университеті (Латвия) және Солбридж Халықаралық бизнес мектебі, Вусонг Университетімен бірлескен МВА бағдарламасы ашылды.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласуыңызды сұраймыз (268 бөлме) немесе тел: 8 (7212) 44 16 12 арқылы хабарласыңыз.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғары математика кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша Олимпиада өткізеді. Олимпиада 2016 жылдың 25 қарашасында сағат 14.00 өтеді.
Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін «Жоғары математика» кафедрасына хабарласыңыз т. 44-16-34 (ішкі 181).

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика апталығы» аясында өткізетін келесі шараларды ұсынады:
1) «Мен - эколог» атты зияткерлік сайысы (9-11 сыныптағы оқушылар үшін) – 22 қараша 2016 ж.;
2) «Көшбасшы - бағалаушы» атты зияткерлік сайысы (колледж оқушылар үшін) - 24 қараша 2016 ж.;
3) «Қоқыс себетінен – жаңа бұйымдар» қолдан жасалған бұйымдар сайысы (4-11 сыныптағы оқушылар үшін) - 23 қараша 2016 ж.;
4) «Ғылым граниті» атты ғылыми-зерттеушілік жоба
жұмыстары бойынша сайыс (орта мектеп оқушылары мен студенттер үшін) - 23 қараша 2016 ж.
Қосымша ақпарат алу үшін «Экология және бағалау» кафедрасына хабарласыңыз. т. 44-16-34 (ішкі 131).