2025 жылғы 26–31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері Мәскеу қаласына ғылыми-академиялық сапармен барды. Делегация құрамына ЭПҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы Ханов Т.А. және жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Баширов А.В. енді.
Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университетінің және Мәскеу гуманитарлық ғылымдар академиялық мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесулер өтті. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен дамытудағы заманауи тәсілдер, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері және қолданыстағы жоба аясындағы академиялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Ерекше назар зерттеу нәтижелері мен жарияланымдармен алмасуға, соның ішінде грант аясында дайындалған «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру» атты ұжымдық монографияға аударылды. Ұсынылған материалдар үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды пікірталасқа себеп болды.
Сапар аясында Мәскеу университеттерінің студенттері үшін шолу дәрістері де өткізілді. Онда қазақстандық НИРС моделінің негізгі идеялары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесі үшін күтілетін нәтижелері ұсынылды.
Бұл сапар университеттердегі зерттеушілік мәдениетті нығайту мен студенттік ғылымды болашақ мамандарды даярлаудың маңызды бағыты ретінде дамытуға бағытталған халықаралық әріптестіктің маңызды кезеңіне айналды.
Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің Көптілді білім беру орталығы ұйымдастырған тілдік курстардың сәтті аяқталуын қуанышпен хабарлаймыз.
2024 жылғы 7 қазан мен 2025 жылғы 30 мамыр аралығында университет пен колледж тыңдаушыларына арналған шетел тілдері курстары өткізілді. Курстар тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қарай ұйымдастырылып, тілдік құзыреттерді дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Курс қорытындысы бойынша оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушылар тіл меңгеру деңгейін растайтын сертификаттармен марапатталды. Оқыту ағылшын, қытай, түрік және араб тілдері бойынша жүргізілді.
Көптілді білім беру орталығы барлық тыңдаушыларға белсенділіктері, тәртіптері және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыстары үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Шетел тілдерін үйренуде алдағы уақытта да сәттілік тілейміз және келесі оқу жылында қолжетімді болатын жаңа курстарға қатысуға шақырамыз.

2025 жылғы 19-30 мамыр аралығында Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Өзін-өзі басқару және жасанды интеллект: болашақтың құзыреттерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Курстың тыңдаушылары – Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері.
Курсты ұйымдастырушылар: Университеттің СДД Мансап және кәсіби даму орталығы.
Бағдарлама аясында қатысушылар өз-өзін басқару, эмоционалдық интеллект, цифрлық сауаттылық, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолданудың негізгі тәсілдері бойынша білім алды.
Курс бейресми білім беру шеңберінде өтті және университет пен кітапхана жүйесі арасындағы ұзақмерзімді серіктестіктің кезекті сәтті кезеңі болды. Соңғы жылдары көптеген мамандар университет базасында өз біліктілігін арттырып келеді.
Қатысушылар курстың өзектілігін, тәжірибелік бағыттылығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылуын ерекше атап өтті. Барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер табысталды.
Казтұтынуодағы Қарағанды университеті әріптестеріне сенімі үшін алғыс білдіреді және болашақта да бірлескен білім беру бастамаларын жалғастыруға дайын.

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінің командасы Республикалық «AntiParaCraft–2025» квест-ойынында І орын алды.
Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырды. Мақсаты — жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайту.

2025 жылғы 30 мамырда университетімізде «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Циркулярлы экономика – тұрақты дамудың драйвері: бизнес пен қоғам үшін инновациялық шешімдер мен перспективалар» тақырыбында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның жетекші университеттерінің студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын, аналитикалық ойлау қабілеттерін және цифрлық құзыреттерін көрсетті.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі тұрақты даму саласындағы жаһандық сын-қатерлермен және ресурсты үнемдеуге бағытталған экономикалық модельдерге көшу қажеттілігімен байланысты болды. Олимпиада циркулярлы экономиканың даму перспективаларын, сондай-ақ бизнес пен қоғамның тұрақты болашағын қалыптастырудағы инновациялардың рөлін талқылауға арналған маңызды пікір алаңына айналды.
Қазылар алқасының құрамына тұрақты даму және креативті индустриялар жөніндегі «QuantumHub» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бизнес-қоғамдастықтың топ-менеджері және Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы кірді.
2025 жылдың 23 мамырында университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің директоры Палуанова Лаура Қалабайқызы мен бас сарапшының ғылыми кеңесшісі Шайзада Өмірзаққызы Тасболатованың қатысуымен Erasmus+ жобаларына өтінімдерді беру бойынша ақпараттық сессия өтті.
Іс-шараның мақсаты қатысушыларды бағдарламаның тың жаңалықтары, ұлттық және аймақтық басымдықтарымен таныстыру және байқауларға қатысу үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу болды.
Бағдарламада Жан Моне модульдеріне шолу және жоғары білімнің әлеуетін арттыру, кейстерді, практикалық тапсырмалар мен кеңестерді талдау ұсынылды. Қатысқандар арасында Erasmus+ жобаларының өкілдері, өтінімдерді ықтимал әзірлеушілер және мүдделі тараптар болды. Іс-шара кәсіби қарым-қатынасты кеңейтуге және шақырылған сарапшылармен тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті көптеген жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасымен белсенді түрде ынтымақтасып, халықаралық жобаларды жүзеге асырып, тұрақты нәтижелерін көрсетіп келеді. Университет бірнеше рет осы еуропалық бағдарлама аясында конкурстардың жеңімпазы атанды және академиялық ұтқырлықты, серіктестік байланыстарды және зерттеу бастамаларын дамытуды жалғастыруда.

2025 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың тақырыбы:
«Трансформация мен цифрландыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақты дамуының заманауи драйверлері».
Олимпиаданың өзектілігі цифрлық технологиялар, ESG-өзгерістер мен блокчейн-инновациялар арқылы қаржы жүйесінің өзгеруімен тікелей байланысты. Қаржы технологиялары (fintech) қарқынды дамып, дәстүрлі қаржы институттарымен бәсекелестік артуда.

2025 жылғы 8 мамырда Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде CirculEC халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған тренингтерге қатысушыларға сертификаттар тапсыру рәсімі өтті (Экономика замкнутого циклы мен тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу), жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылуда.
CirculEC жобасы Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарында заманауи еңбек нарығының сұраныстарына және өңірдің экологиялық сын-қатерлеріне сай келетін дағдылар мен құзыреттерді беру арқылы адам капиталының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Тренинг бағдарламасы циркулярлық экономика, тұрақты даму және білім берудегі инновациялар тақырыптарын қамтыды. Оған университеттің оқытушылары, әкімшілік қызметкерлері мен студенттері қатысты.

2025 жылдың 28 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттер арасында «Roboproject-2025» робототехника чемпионаты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — «Сандық инженерия және IT-талдау» кафедрасы.
Чемпионат инженерлік шығармашылыққа және заманауи технологияларға қызығушылық танытқан талантты әрі бастамашыл студенттерді біріктірді. Қатысушылар робототехника саласындағы өз жобаларын ұсынып, бағдарламалау, құрастыру және роботтандырылған жүйелерді басқару бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Чемпионат нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
2025 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды экономикалық университетінде студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық қызмет көрсетушісі арасындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында компания өкілдері ұйымның миссиясы мен негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етудегі жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Әсіресе жас мамандар үшін мансаптық мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Студенттерге Қарағанды қаласындағы бос жұмыс орындары ұсынылды:
• ЭРТОС қызметінің инженері (радиотехникалық жабдықтар мен байланыс жүйелерін пайдалану),
• КРТОП инженері,
• Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор.
Компания өкілдері мамандыққа қарамастан, ағылшын тілін меңгерген және авиация саласында дамуға ниетті жастарды жұмысқа шақыратынын жеткізді.
Студенттер ұсынылған вакансияларға үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, жұмысқа орналасу мен кәсіби даму туралы толық ақпарат алды.
Осындай кездесулер жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын кеңейтуге септігін тигізеді.