«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҚИЯЛ МА ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?»

«Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы «Діни экстремизм және терроризм: қиял ма әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Тлекбаев Серик Куатович қатысты.
Терроризм мен экстремизм өз ауқымы, зардаптары, қарқыны, жою күші, рақымсыздығы мен қатыгездігі бойынша қазіргі таңда барлық адамзаттың алапат мәселесіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі лаңкестік әрекеттермен байланысты соңғы қайғылы оқиғалар осының дәлелі болып табылады.
Тлекбаев С.К. өз сөзінде мемлекет тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай іс-шаралар қолданылатынын, қопарғыш жабдықты табу кезінде және террорлық әрекет қауіпі кезінде қауіпсіздік әрекеттерінің ережелерін айтып кетті. Сонымен қатар, діни экстремизмнің пайда болуы мен таралу себептерін, оның туындау формаларын ашып айтты, Қазақстанда әрекет ететін діни қоғамдық бірлестіктер ерекшеліктерін түсіндірді.
Дөңгелек үстел қатысушылары толеранттық рухында жастарды тәрбиелеудің, кез келген адамға, оның ұлты, дініне қарамастан сыйластық танытудың тиімді механизмдерін іздеу үрдісін жандандыруды қажет екенін атап өтті.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Жыл сайын «Туризм және МІ» кафедрасының студенттері мамандық бойынша республикалық пәндік олимпиадаларға белсенді қатысады. 2017 жылы 19-20 сәуір аралығында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де туризм бойынша пәндік олимпиада өтті. Біздің университеттен Тур-42 тобының студенттері Алдангаров Казбек, Калиев Мади, Тур-32 тобының студенті Рахимбеков Аблайхан, Тур-21к тобының студенті Туякова Аяулым кафедра оқытушысы А.А.Гарипованың жетекшілігімен қатысып, жүлделі 3-ші орынға иеленеді. Студенттерімізді құттықтап, келешекте шығармашылық табыс тілейміз!

ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ

ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ЖАҢАШЫЛДЫҚАҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2017 жылғы 26-27 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Жаңа дәуір. Жаңа буын. Жаңа энергия» халықаралық студенттер слётін өткізеді.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері:
- түрлі елдердің студент жастарының қарым-қатынасын арттыру;
- ЖОО-дарының жаңашылдық ортасын жетілдіру;
- студенттік ғылыми зерттеулер мен жаңашыл жобалардың негізін қалыптьастыру мен кеңейту;
- ғылыми-зерттеу қарекеті, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Студенттердің Халықаралық слётінің бағдарламасына:
1. «Жастардың болашаққа үлесі» жаңашылдық жобалар конкурс-көрмесі;
2. «Заманауи әлем және жастар: көзқарастар мен даму диалектикасы» студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
3. Ғылым мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар;
4. Бизнес-тренингтер және басқа да іс-шаралар кіреді.

IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Ағымдағы жылдың 20-21 сәуір күні аралығында, Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері арасында IX Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы Республика бойынша 9 команда қатысуға ие болған. Аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша, «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Абдакимова М.К. жетекшілігімен қатысқан «ОПЭК-21к» тобының студенттері Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Ержан Мақпал, Берикбай Асем жүлделі 3 орынға ие болды. Жүлдегер командаға диплом мен сертификаттар, бағалы сыйлықтар берілді.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы байқаулар мен ғылыми ізденістерде мол табыстар тілеймі

«Жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік және құқықтық факторлары » тақырыбында дәріс

«Жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік және құқықтық факторлары » тақырыбында дәріс2017 жылдың 20 сәуір «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси-пәндер» кафедрасының магистрлері Н.Е. Тутинова және Б.Р. Маханова Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан құқық магистрі, аға лейтенант Боранович Тусупбеков Алибекті шақыруымен ҚР Президенті мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру бойынша «Жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік және құқықтық факторлары» тақырыбында дәріс ұйымдастырып, кездесу өткізді. Студенттер тақырып бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларын айтты.

ҚЭУдың көптілді білім беру орталығының директорымен кездесу

ҚЭУдың көптілді білім беру орталығының директорымен кездесу20 сәуір 2017 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы Жунусова А.К көптілді білім беру орталығының (КББО) директормен кездесу өткізді. Ол оқытушылар мен студенттерге Орталықтың жұмысы жайлы айтып берді. Әрине, көптілді білім, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту Қазақ қоғамда болып жатқан маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Кездесуге қатысушылар дамытудың өзектілігі олардың лингвистикалық сана негізінде меңгеру, мемлекеттік, ана және шет тілдерін меңгерген. Көптілді оқыту бағдарламасы ҚЭУда қалыптастыруға ықпал етеді, бәсекеге қабілетті, жаһандану жағдайында ұрпақтың меңгерген-қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеруге. Шараның қатысушылары бірегейлігі көптілді білім беру бағдарламасын ұсынатын мүмкіндігі қатарлас және бір мезгілде үш тілде оқытуды атап өтті.

ІХ Республикалық пәндік олимпиада

ІХ Республикалық пәндік олимпиада2017 жылдың сәуір айының 13 және 14 жұлдыздарында Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының (РПО) екінші кезеңі өтіп, оған 10 жоғары оқу орнынан 12 команда қатысты.
ҚЭУ «Тауартану және сертификаттау» кафедрасының атынан оқытушы Жар Жанна Жәнібекқызының жетекшілігімен команданың қатысуына арыз берілген болатын.
Олимпиадасының нәтижесі бойынша ҚҚЭУ ІII дәрежелі дипломға, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеке біріншіліктің жеңімпазы болып: Асылхан Жанель (ТПП-22к). Алматы технологиялық университеті ректоры Т.Қ. Құлажановтың атынан Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Е.Б. ЖОО студенттері арасындағы ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының екінші кезеңіне белсенді қатысқан командалары үшін алғыс хат жолданды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

№32 ЖББОМ өткен көшпелі сабақ

№32 ЖББОМ өткен көшпелі сабақ«Ғалымды шақыр» жобасы аясында 2017 жылдың 15 сәуірінде «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушылары Омарова М.Т. және Козлова Н.Г. Қарағанды қаласының №32 ЖББОМ «Логарифмдік функцияның қасиеттері және графигі» атты іс-шарасын өткізді. Оқушылар оқытушылармен бірігіп логарифмдік функцияның қасиеттерін қайталады, теңдеулерді шешті және графиктер салды. Іс-шара интерактивті формада өтіп, оған бітірушілер белсене қатысты.

Аккредитацияның табысты өтуі

Аккредитацияның табысты өтуі2017 жылдың 17-18 сәуірінде «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент» (бакалавриат, магистратура) біілім беру бағдарламалары мамандырылған (бағдарламалық) аккредитациядан өтті.
Мамандық топтың құрамына: Исахова П.Б. – АМУ-ң менеджменттің жоғарғы мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор (топ меңгерушісі), Масленников В.В. – Г.В.Плеханов атындағы РЭУ-ң менеджмент теориясы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу), э.ғ.д., профессор (халықаралық сарапшы), Баймахамбетова Г.И. – АТУ-ң «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. (ұлттық сарапшы), Мусина А. Ж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры э.ғ.к. (ұлттық сарапшы), Нурбаева Г.Э. – Бухгалтерлер және салық төлеушілер Ассоциациясының төрағасының орынбасары, Есимова С.С. - «Болашақ» академиясы магистрант, Имашева Б.С. - бас үйлестіруші (ББСҚТҚА),б.ғ.д., профессор.

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша пікірталас

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша пікірталасӘлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 12.04.2017 ҚМБ «Қарағанды облысы жастар саясаты орталығы» өкілдері Садыкова А.С. және Хамитов Е. мен студенттер арасында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу пікірталас түрінд өтті, пікірталас барысында жастар орталығының көшбасшылары студенттерге ҚР Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі талаптарын айқындады.
Әлеуметтік саланың болашақ мамандары ретінде, студенттер үшін жаһандану жағдайындағы ҚР әлеуметтік саясатындағы мәселелер қызықтырды. Пікірталас барысында Жолдаудың жүзеге асырылуындағы жастардың рөлі анық көрсетілді.

Жатақханардағы әуендік кештер

Жатақханардағы әуендік кештер2017 жылдың 12 мен 14 сәуір күндері №3 және №4 жатақханада «Жоғары математика» кафедрасының кезекші оқытушылары студенттерге әуендік кеш ұйымдастырды.
Кеште студенттер әртүрлі жанрдаң туындыларды гитарамен орындап, коллективті орындау өткізілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL