4 мамыр 2017ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Жеңіс күнінің 72 жылдығына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға бағытталған. Жеңіс күні - ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке, оның тарихи маңызы ерекше.
Жеңіс күнінің қарсаңында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Мусаева Э.А. МО-11к, МО-14с/к топтарына Долинка ауылында орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайына саяхат ұйымдастырды. Мұражай 1933-1935 жылдары соғылған бұрынғы Карлаг басқармасының мекемесінде орналасқан. Студенттер тарихтың мыңдаған адамдарды жалмаған ең қайғылы парақшаларымен танысып, үлкен әсерде қалды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2017 жылдың 27 сәуірінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» Халықаралық студенттер слеті шеңберінде ғылым мен бизнес проблемалары бойынша бизнес-сынып және семинар-пікірсайыс ұйымдастырылды. Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының маркетологтар тобының кураторы - Ташони Елена Николаевна студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен «Бизнесті жоспарлау туралы» пікірсайыс өткізді. Аграрлық саладағы және қоғамдық тамақтандырудағы бизнесті дамыту тақырыптары слетке қатысушылардың көбірек қызығушылығын туғызды. Студенттер мейрамхана бизнесі үшін орын таңдау, бастапқы капиталдың мөлшері сияқты сұрақтар қойды. Кафе мен мейрамханаларға келушілер үшін тартымды болуы мүмкін жеке ерекшеліктерді талқылады.
Ғылым мен бизнес проблемалары бойынша пікірталас ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі консультант Гаухар Қойбағарованың және»Сары-Арқа» Технопаркінің жобалау менеджері Ернат Әбеуовтың қатысуымен ары қарай жалғасты. Бұл пікірсайыста қойылған сұрақтардың саны мен қатысу белсенділіктері бойынша магистранттар мен оқытушылар көшбастады. Студенттер де олардан қалысқан жоқ. Негізінен пікірсайысқа қатысушыларды: жобаны қаржыландыруға берілетін өтінімге қойылатын талаптар, бизнесті жаңадан бастаушы өтініш беруші-кәсіпкерлер тіркеуден жиі бастарту ала ма; комиссия қандай салалардың дамуына артықшылық береді; технологиялар трансфері бойынша жобалар неге қабылданбайды деген сұрақтар көбірек қызықтырды. Осы және басқа да көптеген сұрақтар негізгі назардан тыс қалмады.
Жоғарыда аттары аталған форум қонақтарының Қарағанды экономикалық университетінде жиі болатынын және олардың кәсіпкерлермен кездесулері ғылым, білім беру мен бизнесті байланыстырушы қызықты әңгімелесулер түрінде өтетінін атап көрсеткен орынды.
Кездесулер модераторы экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., доцент Ю.И.Осик.
2 мамыр 2017 жылы «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72-жылдығына орай Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектердің №1 медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-да қайырымдылық мерекелік концертін өткізді. Концерте ҚҚЭУ Бизнес және құқық факультетінің студенттері қатысты. Соғыс жылдарындағы әндер айтылып, өлең-жырлар оқылды, би биледі.
Ардагерлер концерт бағдарламасына белсене қатысып, ән айтты, соғыс жылдарындағы естеліктермен бөлісті.
Қазақстан Республикасындағы үштілді дамыту мақсатында 2017 жылы 28-ші сәуірде облыстық «Тілдарын» сайысы өтті. Бұл сайысты Тілдерді дамыту бойынша Қарағанды облыстық басқармасы ұйымдастырды. Ал сайыс Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің базасында өтті.
Біздің университті аталмыш сайыста лайықта түрде көрсете алған Бизнес және құқық факультеті «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 1 курс студенті Әлібек Марат, ол сайыстың бас жүлдесін ұтып алып, ақшалай сыйақыға ие болды және де «Тілдарын» Республикалық сайысына номинацияны ұтып алды.
Әлібекті лайықты жеңісімен құттықтап, оған келешекте шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!
«Ғалымды шақыр» жобасы аясында 2017 жылдың 28 сәуірінде «Жоғары математика» кафедрасының доценті Емелина Н.К. және аға оқытушысы Омарова М.Т. Қарағанды қаласының №53 ЖББОМЛ «Логарифмдік функцияның қасиеттері және графигі» атты іс-шарасын өткізді. Оқушылар оқытушылармен бірігіп логарифмдік функцияның қасиеттерін қайталады, теңдеулерді шешті және графиктер салды. Іс-шара интерактивті формада өтіп, оған бітірушілер белсене қатысты.
2017 жылдың 27 сәуір күні «Спорт жұлдыздары ҚЭУ таңдайды!» ұранымен сырттай және кешкі қашықтықтан оқыту факультеті ҚЭУ, ҚБЗК және басқа да Қарағанды қаласы мен облыс колледждері студенттерінің қатысуымен атақты қазақстандық спортшы Екатерина Айдовамен кездесу өкізді.
Екатерина – конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасында әлемнің үш дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің қола жүлдегері (2015 жыл), екі қысқы олипиадалардың қатысушысы (2010, 2014 жылдар), Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері (2017 жыл). Сонымен қатар, Екатерина Айдова ҚЭУ студенті болып табылады және «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуда.
Кездесу «Сұрақ-жауап» форматында өтті және аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Атақты спортшы өзінің спорттағы, оқудағы жетістіктері және де келешектегі жоспарлары туралы да айтып кетті.
Қарағанды қаласы мен облыс колледждерінің студенттері Е.Айдовамен кездесудің алдында университетпен танысып улгерді, атап айтқанда, музей, конференц-зал, спортзал, аудиторияларды, жаздық спорттық алаңын, электронды киосктер мен кітапхананы өз көздерімен көре алды.
СКҚОФ деканаты
2017жылдың 24 cәуірінде Көптілді білім беру орталығымен ҚҚЭУ көптілді мұғалімдеріне, магистранттарына, докторанттарына және студенттеріне арналған «Critical Thinking in University teaching process» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарды көптілді білім беруді дамыту мақсатымен Брунель Университетімен халықаралық серіктестік аясында халықаралық бизнесті дамыту бағдарламасының директоры, Брунель Университетінің стратегиялық және операциялық менеджмент, сыни ойлау және МВА жөніндегі аға лекторы (Лондон, Ұлыбритания), PhD Абрахам Алтонаян жүргізді. Профессор Алтонаян “жиналған қауымның ағылшын тілін меңгеру деңгейіне тәнті болғанын” айтты.
27 сәуір 2017 ж. АЕЖ кафедрасы Астрахань мемлекеттік сәулеттік-құрылыс университетімен «Ұлттық экономиканы жаңғырту шартында ақпараттық технологиялар және логистикалық үдерістер» халықаралық студенттік онлайн ғылыми конференциясын өткізді. ҚҚЭУ «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерін баяндап, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы: