Мамандығы «Кеден» 17-18 қараша 2016 студент, кафедра «Құқықтану» конференциясы ОЮиСД ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары «ЭКСПО-2017 Қарағанды облысының жас ғалымдар үлесі» қатысты. Мынадай бағыттар жұмыстары болды: заң, өндірістің физикалық және техникалық процестер, инфрақұрылымды дамыту, педагогикалық инновация
«Банк ісі» және «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасылармен 2016 жылдың 22 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Ұлттық валютаның 23 жылдығына орай ҚҚЭУ қабырғасында ҚР ҰБ өкілі Қ.Қ Такеева мен кең профилді экономисті Баурыжан Төлеповтың шақырылуымен платиналық дәрісі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға ҚҚЭУ, ҚарМТУ, ҚарМУ және басқа да ЖОО-ы мен колледж студенттері, облыстық мемлекеттік және білім беру ұйымдары өкілдері, ҚҚЭУ оқытушылары белсене қатысты.
Аудитория алдында ҚҚЭУ ғылыми жұмыс және стратегиялық даму проректорының м.а. Улыбышев Д.Н. және «Банк ісі» кафедрасы меңгерушісі Л.А. Талимова сөз сөйледі.
Дәрістер келесі тақырыптар шеңберінде өтті: «Халықтың қаржылық білімін жетілдіру» және «Инфляциялық тергеттеудің ролі».
Іс-шара соңында дәрісті баяндағандарға сұрақтар қойылды және естелік сыйлықтары табыс етілді.
18 қарашада ҚҚЭУ-де мансап күні өтті, туризм және мейрамхана ісі кафедрасы в КЭУК прошел День карьеры, кафедра туризма и ресторанного туристік және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының тәжірибелі жетекшілерін шақырды. Оның ішінде, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы, ЖШС ҚК «Чайка», Отель-мейрамхана «Вояж», «Гелиос» турфимасы, «Рубин» мейрамхана кешені, «Садре мейрамхана», Облыстық бейнелеу өнер мұражайы, му«Павлин-Тур»турфирмасы, «Палермо» мейрамханасы, Облыстық тарихи- өлкетану мұражайы, «Космонавт» қонақүйі, «TRAVEL HOUSE» турфирмасы және т.б. Барлық түлектері іс-шараға белсенді қатысып, түйіндемелерін кәсіпорындар жетекшіліктеріне тапсырып, қажетті ұсыныстарын ала алды.
2016 жылдың қараша айының 17 жұлдызында шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларымен «Терроризм – қоғамға қауіпті» тақырыбында ЭБФ топтарында Қарағанды облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Жан Акмолдиннің қатысуымен ашық кураторлық сағат жүргізілді. Іс-шараның мақсаты терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; өскелең ұрпақта қоғамдық сананы және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. «Дөңгелек үстел» қатысушылары нақты мәліметтерге жүгінген Жан Акмолдинді қызығушылықпен тыңдады. Экстремистік ұяшықтар өз қатарларына тартумен айналысады. Олар әлеуметтік желілер арқылы жастар арасында ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан да, ата-аналарға қырағылық танытып және балаларының тәрбиесімен айналысу керек, ал жастарға танысқан кезде абайлау керек.
17-ші қараша 2016 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасы тәжірибелі қызметкердің қатысуымен ҚК-ң аға бармені Байдаулетовтың қатысуымен кафедра студенттері үшін мастер-класс ұйымдастырды.Мастер-класс барысында ол студенттерге бар жұмысының ерекшеліктері туралы баяңдап, және де өзінің кейбір кәсіби құпияларымен бөлісті. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Мастер-класс ішімдіксіздік сусындарды дайындауды көрсетумен аяқталды.
16-шы қараша 2016 ж. «Чайка» қонақүйінде базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» 2 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағын өтті.
Қызмет көрсетуші персоналдың жұмының ерекшеліктері және кәсіпорынның міндеттері туралы басқарушы Галина Дмитреевна баяндап берді. Экскурсия барысында студенттерге қонақүйдің номерлік қоры көрсетіліп, және де оларға қонақүйдегі маркетингтік тәсілдің қолданылуы туралы айтылды.
Қонақүйдің басшылығы мен қызметкерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет!.
Қарағанды экономикалық университетіндегі «Мансап күні-2017». «Банк ісі» кафедрасы.
2016 жылдың 18 қарашасында ҚҚЭУ қабырғасында «Мансап күні-2017» шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты: бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыру. Тиісінше шараға коммерциялық жане мемлекеттік мекемелер шақыртылды.
«Банк ісі» кафедрасы іс шараға белсене қатысты. Кафедра оқытушылары және кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Талимова Л.А. әрі түлек студенттерді жұмысқа орналастыруына жауапты э.ғ.к., доцент Гусманова Ж.А. оқытушыларын атап өтуге болады. Іс-шараға орай «Банк ісі» кафедрасы «Қаржы» және басқа да мамандығындағы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында келесі қаржылық ұйымдарды шақырды: «ДельтаБанк» АҚ ҚФ, «Казкомбанк» АҚ ҚФ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Жинақ Банк» АҚ ҚФ, «QazaqBank» АҚ ҚФ және т.б. Іс-шара соңында түлектер ұйымдарға өз түйіндемелерін тапсырды.
«Банк ісі» пәнінен іскерлік ойыны
14.11.16 жылы сағат 14:10 уақыт аралығында Ф-32, Ф-22с топтарымен бірлесе «Банк ісі» пәнінен «Коммерциялық банктердегі несиелеуді ұйымдастыру үрдісі» тақырыбы бойынша «Қаржыгер күніне» арналған іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Іскерлік ойынды ұйымдастырушы РhD докторы Омарова А.Т. Іскерлік ойынға ЕҚФ деканы Накипова Г.Е. және «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары қатысты. Іскерлік ойыны соңында қорытынды жарияланды және белсенді қатысқан студенттер аталып өтті.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы
2016 жылдың 5 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 30 мектептен 279 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:
2016 жылдың 7 қараша күні Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Дуброва Н.Б., және оқытушы Сарбасов Б.А., Қарағанды қаласының №86 орта мектебінде кәсіптік бағдар аясында мектеп түлектері арасында ҰБТ тапсыратын оқушылардың 5 - ші пәнді анықтайтын сауалнама, университет өмірі туралы видеофильм және кафедраның Тәуелсіздік күніне арналған конкурс-эссеның жеңімпаздарына және қатысушыларына мадақтама қағаздарын тапсырды.