2015 жылдың 8 сәуірінде 206 аудиторияда ЭҚҚР кафедрасы оқытушыларымен «Ұлы Отан соғысы шайқас алаңдарындағы батырлар-қазақстандықтар» атты тақырыпқа дөңгелек үстелін өткізді. Сөз сөйлегендер: ЭҚҚР кафедрасы аға оқытушысы Копбулов Р.А., Ю-22 тобының студенттері Мереке Рустем, Володина Екатерина, Кинсфатер Артур.
ҚҚЭУ ЭБҚ колледжі оқытушылары мен CAIRO мейрамханасы аспазшылары арасында өткен тағам дайындау байқауы. Байқау Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасынан әділ қазы алқасы бағалады. ҚҚЭУ колледж студенттері көрермендер мен ресми емес әділ қазылар ретінде қатысты.
«KITCHEN BATTLE» байқауы – бұл тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік.
Байқау нәтижелері бойынша ҚҚЭУ ЭБҚ колледж оқытушылары Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен иеленген 1 орын үшін мадақтау қағазымен марапатталды.
2015 жылдың 23-24 сәуірі күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде экономика бойынша XIII Аймақтық Олимпиада өтті. ҚЭУ командасы экономика пәні бойынша Шымкент қ. «Мирас» университетінде өткен XII Аймақтық Олимпиада жеңімпазы ретінде осы Олимпиаданы ұйымдастырушы ретінде өткізуге осы жылы құқық алды.
Өткізілген Олимпиадаға мынадай командалар қатысты:
- «Алаш» командасы;
– Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, Семей қ.;
- «Болашақ» командасы;
– Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
- «Дружба Народов» командасы
– Халықтар Достығы Қазақстан инженерлік-педагогикалық университеті, Шымкент қ.;
- «Start-up» командасы
– Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- және ҚҚЭУ командаы «Короче говоря...» (байқаудан тыс).
Қарағанды облысынң білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы "Сарыарқа дарын" аймақтық ғылыми – практикалық орталығы
"RoboLand 2015" фестивалі Оқушылар арасында робот техникасы бойынша бірінші ашық облыстық чемпионат пен "Болашақ жобалары – 2015" көрмесі өтті. ҚҚЭУ ЭБҚ коллджінің 3 курс студенттері Жамиленов А.З.,
Жунуспеков А.Е. "Болашақ жобалары – 2015" көрмесіне қатысты.
2015 жылдың 20-23 сәуір аралығында Орал мемлекеттік экономикалық университетінде «Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы басталды!
Форум шеңберінде халықаралық және бүкілресейлік деңгейдегі байқаулардың бес финалы өтті: «ХВҚ моделі», «Eurasia Green», «Глобальды экономикадағы корпоративтік басқару мен инвестициялар», «Азық-түліктік қауіпсіздік», «Территориялардың бәсекелестік қабілеттігі».
Ғылыми-зерттеу жобаларының халықаралық байқауында «Eurasia Green» жас ғалымдар мен студенттерін «Экологиялық мәдениет пен дүниетаным» бағыты бойынша біздің университетті «Туризм» және «Мейрамхана ісі мен мейрамханалық бизнес» мамандықтарының студенттері Абдиева Айнура, Шәкенова Айша және Уралбаева Эльвира таныстырды.
2015 жылдың 27 сәуірінде ҚЭУ ақпараттық-білім беру орталығында Волгоград мемлекеттік университеті негізінде «Ұлттық және халықаралық қаржылық жүйелердің өзгеруі жағдайында Ресейдің, Қазақстан мен Беларусь Республикасының салықтық жүйелерінің дамуы» атты тақырыпта II Жыл сайынғы Халықаралық студенттік ғылыми интернет-конференциясы өтті, оған ҚЭУ, сонымен қатар Кубан МАУ, Беларусь МЭУ студенттері мен магистранттары қатысты. Баяндамаларымен магистранттар Ф-21НП тобының - Корпешова Айдана, Ф-11НП тобының – Курманалин Сайран, Ф-22 тобының – Абдыгалым Алуа, Писаренко Анна, УА-32 тобының – Зимакова Елизавета, Голубева Елена, Каппас Жибек, Макеева Алина, Ф-22с тобының – Масло Анжелика студенттері шықты.
ҚЭУ-дан конференция ұйымдастырушысы болып ҚСС кафедрасынын – э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және э.ғ.к., доцент Улаков Н.С. шықты.
2015 жылдың 27 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультеті «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» дөңгелек үстелін тәжірибелік жұмыскерлердің қатысуымен өткізуде.
Студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттары мен жоо мұғалімдерін іс-шараға баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: қазқстандық конституциялық моделінің жақын және шалғай келешектегі даму болжамдары. Қазақстандық конституционалисттерге болашақ отандық Конституция қалай көрінеді? Қазақстанның конституциялық дамауының қандай мәселелері он жылдан кейін де сақталады және қандай жаңа мәселелер туындайды? Болашақта мемлекеттанушылардың рөлі қалай өзгереді? Осы және басқа да көптеген қызықты сұрақтарды біз дөңгелек үстелдің барысында талқылауды жоспарлаймыз.
Дөңгелек үстелдің өткізілу жері мен уақыты: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті бас корпусы, 1-қабат, аудитория 104 (конференц зал). Басталуы 14.00де.
2015 жылдың 22 сәуірінде «Болашак» Қарағанды университетінде заң мамандығы студенттері арасында аймақтық пәндік олимпиада өтті, оған 5 команда қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет, «Болашак» Қарағанды университеті және ҚР ІІМ Қарағанды академиясы. Олимпиада нәтижелері бойынша ҚҚЭУ «Бiрлiк» командасы, құрамында Акшимов Руслан, Кусаинова Сабина, Мейржанова Жанара студенттері бар, бірінші жүлделі орынды иеленді. Бұдан басқа, «Блиц- опрос» сұрақ-жауап байқауы қорытындысы бойынша Кусаинова Сабина «Жылдам ойлауы» үшін грамадақтамамен марапатталды.
Заңгерлік клиника қызметінің мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық ағарту, «Юриспруденция» мамандығы студенттерінде әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына заңгерлік көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Заңгерлік клиника жұмыс уақыттары:
Дүйсенбі – жұмы 14:00 – 17:00
Байланыс аялары:
Қарағанды қ., Академическая көш. 9, ҚҚЭУ
203а кабинеті (ЭҚҚР кафедрасына жолығыңыз, 207 каб.)
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Тел.: +7 (721) 2441568 (ішкі 126)
Заңгерлік клиника міндеттері:
1. Халыққа ақысыз құқықтық көмек көрсету;
2. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру;
3. Аз қамсыздандырылған халық топтарына екпіндеп Қазақстанда әділ сотқа жүгінуге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
4. Әлеуметтік бағдарланған кәсіби заңгерлік дүниеге көзқарасын тәрбиелеу;
5. Заңгерлік кәсіптің студенттердің тәжірибелік машықтарын игеруіне бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету.
Көбінесе заңгерлік көмекті қажет тұтатын адамдар көптеген себептерге байланысты кәсіби заңгерлерге жүгіне алмайды. Соған байланысты, біздің есіктер зеңгерлік кеңестерді қажет ететіндерге әрқашан ашық. Біз өз клиенттеріміздің заңгерлік біліктілігін жоғарылату мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. Біз сіздерге өтініштер мен басқа да процессуалдық қағаздарды сауатты толтыруға жәрдем береміз.
2015 жылдың 22 сәуірінде ҚҚЭУ Студенттер мәдениет сарайында «Мисс және Мистер ФБП» атты байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Жастарда эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ең дарынды, бірегей ұлдар мен қыздарды анықтау.
Байқауға Бизнес және құқық факультетінің түрлі мамандық студенттері қатысты. Қатысу мәлімдемелерін өзіне үйлесімді түрде сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниелерін қоса алған, оны визитка, зияткерлік байқау, шығармашылық және романтикаға толық дефиледе көрсете алған сегіз қыз бен ұл тастады.
Қатысушылар әділ қазылар алқасы бағалады, олардың ішіне кіргендер: арнайы шақырылған кәсіби журналисттер, суретшілер, хореографтар, жастар ұйымдарының өкілдері.