2015ж. 18 қырқұйекте ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ЖАОК онлайн-оқыту» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинарын ұйымдастырып, «Жаппай ашық онлайн-курстары» туралы ақпаратты таратуға бағытталған материалдың тұсаукесерін өткізді. Семинардың мақсаты: университетте ЖАОК туралы ақпарат беру, дүние жүзінің қандай университеттері қазіргі уақытта ақысыз оқытып, осы курстар ЖОО оқу процессіне қалай көмек көрсете алады және т.б.
Жинақталған тәжірибеге шолу жасалып,осы білім беру ресурсының даму болашақтарының мүмкін үрдістері белгіленді. Семинарға университеттің проректорлары мен декандары, кафедралардың меңгерушілері, Қашыктықтан оқыту орталығының мамандары қатысты.
Сөйлегендер: ҚОО директоры – Аманов И.А., ҚОО директорының орынбасары – Дрозд В.Г., «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі – Емелина Н.К..
Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айының 16 күні кітапхананың ақпараттық-білім беру орталығында «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына университет пен ҚЭБҚ колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қоса академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен арнайы шақырылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсембекова Нұрсахан Ахметқызы және ф.ғ.к., доцент Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы қатысты. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақ хандығының пайда болуы, хандықтың құрылуына зор үлесін қосқан тарихи ұлы тұлғалардың үлесі төңірегінде мәселелер қарастырылып, Қазақстанның мәдениет саласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырылды. Аталған шараның соңында қонақтақға құрмет көрсетіліп, университет атынан әдеби кітаптар сыйға тартылды.
15-ші қыркүйек күні 105-ші аудиторияда Дүниежүзілік туризм күніне араналған кафедраның халықаралық ынтымақтастығы туралы прзентациясы өтті. Аталмыш іс-шараға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша келген Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеттінің студенттері қатысты. Оларда өз университтері туралы айтып берді.
Бірінші болып, іс-шараны бастаған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.К. Жуспекова құттықтау сөз сөйледі.
Және де кафедра мамандықтарының өткен оқу жылында халықаралық тәжірибе, ішкі және сыртқы акдемиялық мобильділік, қысқы және жазғы мектеп бағдараламаларына қатысқан студенттері қатысты. Олар өздерінің өткен тәжірибелері мен тағылымдамалары туралы, алған әсерлерімен бөлісті. Бірінші курс студенттері оларлы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарды белсенді койды.
Аталмыш іс-шара студенттерге университет пен кафедраның шетелдік ЖОО –мен халықаралық ынтымақтастығы туралы білуге мүмкіндік береді.
Талқыланған сұрақтар университеттегі
Талқыланған сұрақтар бірінші курс студенттеріне біздің университеттегі жаңа оқу жылына дайындық береді.
Құрметті 1 курс студенттері, сіздерді Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!
2015 жылдың 01 қыркүйегінде Білім күніне
ҚЭУ студенттердің мәдениет сарайына шақырамыз!
1 курс студенттерінің жиыны 01 қыркүйек күні сағат 10.30 университет алдындағы алаңда болады.
Ұйымдастыру комитеті
Студенттер «Туризм» мамандығының 1 курс стууденттері 09.06.2015 ж. - 20.06.2015 ж. аралағында Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи аумағында орналасқан Самал туристік сауықтандыру қалашығында өтті.
Тәжіриби нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру әдістері мен өткізу дағдыларын меңгерді. Университтен тәжірибе жетекшісі г.ғ.к., доцент Жетписов С.У. және «Самал» туристік-экскурсиялық орталық жетекшісі, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген инструкторы, Қарағанды қаласындағы ЖЖС қарамағындағы спорт және туризм бөлімінің меңгерушісі Каримова Р.О.
Студенттер университет ректоры Е.Б., Аймагамбетовке және ҚБФ деканы Ф.С. Момышеваға және туризм және мейрамхана ісі кафедра меңгерушісі А.К. Жуспековаға аталмыш тәжірибені өтуге көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіреді.
2015 жылдың 8-20 маусымы аралығында С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне аға оқытушы, х.ғ.к. Исабекова Г.М. үлкен ықыласпен «Жазғы мектеп» сабақтарын өткізді. Теория мен тәжірибенің сабақтастығы анық байқалды. «Шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау» пәні бойынша екі апталық дәрістер шеңберінде студенттер шикізат пен дайын өнімнің сапасы технологиясы және бақылауымен танысу мақсатында «Нәтиже» Қарағанды сүт зауытына, «Қаракөз» Қарағанды ұн тарту фабрикасына экскурсия жасап, сапаның органолептикалық бағалауын жүргізіп, талдаудың физика-химиялық әдістерінен тәжірибе алды. Университетте слайдттар мен бейнежазбалардың қолданысымен өткізілген қызықты лекциялардан басқа, студенттер өздері ұнның, нан, сүт және басқа да өнімдердің әртүрлі әдістерді қолдану арқылы сапасын анықтай алатындай лабороториялық дәрістер де жүргізілді. Студенттер өзіндік тапсырмаларды да орындады: эссе жазды, реферат және таныстырылымдар дай ындады. Студенттер «...біз мұндай жақсы қарсы алуды, қызықты сабақтар мен өндіріске барып тәжірибе алатындай дәрістерді күтпеген едік. Бізге өте ұнады. Мұнда біз көп нәрсені үйрендік, ал ең бастысы, болашақ кәсіби қызметімізге қажет болатын азық-түліктердің сапасын бақылау және бағалауды үйрендік, біз өзіміз, өз қолдарымызбен, өз көзімізбен көріп, жұмыс жасадық, бұл, әрине, біздің есімізде мәңгі-бақи қалмақ. Сіздерге үлкен рахмет» деді.
Дүниежүзілік оршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1972 жылы тағайындалып, сол кезден бері жыл сайын әлемдік қоғамдастықпен тойланады.
5 маусым Эколог күні — экологтар және белсенділер – барлық табиғатты қорғаушылар, қоршаған ортаны қорғау мамандары, қоғам қайраткерлері кәсіби мейрамы.
Бас Ассамблея қоршаған ортаны қорғау және жақсартуға деген ынтасын айқын байқату мақсатында мемлекеттерді және БҰҰ ұйымдар жүйесін жыл сайын осы күні іс-шаралар ұйымдастыруға шақырады. Бұл кәсіби мереке күні Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер туралы» Заңында ресми тағайындалған..
«Экология және бағалау» кафедрасы және «Экология» мамандығының 1-2 курс студенттері (15 адам) Қарағанды қ. Мәдениет және демалыс Орталық саябағында «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған Қоғамдық акциясын ұйымдастырды.
15 маусымда сағат 10.00 Свердлов облысының Заң шығарушы кеңесінің Басты мәжілісінде Экономика институты УРО РҒА қатар (Екатеринбург қ.) «Кеңестен кейінгі кеңістіктегі демографиялық үрдістер» атты VI Орал демографиялық форумының толық мәжілісі өтті. Берілген ғылыми іс-шараның қатынастар жөніндегі келісімшарты негізінде ұйымдастырушыларының бірі болып Қарағанды экономикалық университеті шықты. Конференцияның ұйымдастыру комитетінде біздің Университет ректор, э.ғ.д., профессор Аймагамбетов Е.Б. таныстырылды. Толық мәжіліс шеңберінде біздің университет атынан құттықтау сөзімен ғылым жөніндегі проректор э.ғ.д. Таубаев А.А. шықты. Толық мәжіліс модераторы УРО РҒА Экономика инситуты директоры, РҒА Академигі, э.ғ.д. Татаркин А.И. конференция ұйымдастырушылары атынан ҚҚЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Аймагамбетов Е.Б. жоғары дәрежеде іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысынан басқа, осындай іс-шаралар арқылы Ресей мен Қазақстан аудандарының ғылыми және білім жағынан қарым-қатынастары дами берсін деген тілегі жазылған Алғыс хатын сыйлық етті. Ғылым жөніндегі проректор, э.ғ.д. Таубаев А.А. бұл іс-сапары ҚР КҒА ғылым комитетінің «Еуразиялық экономикалық кеңес мемлекеттерінің ұлттық инновациялық жүйелері: даму механизмдері, қарым-қатынас тетіктері мен интеграция келешегі» атты тақырыбы қаражаты есебінен және шеңберінде ұйымдастырылды, мемлекеттік тіркеу № 0115РК01823.
Тікелей эфирге қатысып, көрермендерге ЖОО жайында, мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері, ұтқырлық, магистратура және халықаралық бағдарламалар туралы атқандар:
- стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Ибышев Е.С., - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, э.ғ.к., доцент Курманалина А.К.,
-Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы директоры, з.ғ.к., PhD докторы Горячева Е.В.; - Жоо-дан кейінгі және қосымша білім беру департаменті директоры Легостаева А.А., которые рассказали зрителям о ВУЗе, специальностях, возможностях обучения, мобильности, магистратуре и международных программах.
Анонс:
26 маусым 2015 ж. – ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі «Қазіргі білім беру бегісі» 3 шілде 2015ж. – Есеп-қаржы факультеті «Әрқашан қажетті мамандықтар» 10 шілде 2015ж.- Экономика және басқару факультеті «Табыстылық формуласы – бұл экономика және басқару факультеті» 7 тамыз 2015ж. – Бизнес және құқық факультеті «Табыстылық факторы» 14 тамыз 2015ж. – Ақпараттық-техникалық факультет «Болашақ мамандықтары».
2015 жылдың 10 маусымы мен 12 маусымы арасында Астанада Назарбев Университетінде «XXI ғасыр түлегі: кілтті құзыреттері мен еңбектің жаңа нарығы» жоғары білім көшбасшыларының IV Еуразиялық Форумы өтті. Форум сессияларының негізгі тақырыптары: «Жаһандық дағдылар», «Еңбекпен қамту: экономика диверсификациясы жағдайындағы түлектердің дербес ұмтылымдары мен машықтары», «Университет, жұмыс беруші және қоғам: ортақ табыс мақсатындағы әріптестік», «Техникалық дағдылар: оқу арқылы ма, әлде тәжірибе арқылы ма?», «Бейімделу кезеңдері: мектеп, жоо, кәсіпорын». Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Саринжипов А., ҚР ЖОО Ассоциациясы президенті Р.Алшанов, жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы Джамиль Салми (Марокко), Кембридж университетінің білім факультеті деканы Джеф Хевард, Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу және басқалар қатысты. Форум спикерлерінің сөздері жастардың еңбекпен қамтылу тұжырымдамасын талқылауға арналды. Форум қатысушыларының ойлары бойынша болашақта қажет етілетін дағдыларды алу өткенгіге қарағанда өзгешеленеді. Университет түсінігі дүниежүзіндегі ұқсас ойланатын мекемелердің үзіліссіз өзгеретін желісіне сәйкес келетіндей қайта құрылуы қажет. Форум жұмысына бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О., стратегиялық даму департаментінің директоры п.ғ.д., профессор Муликова С.А. қатысты.