2019 жылдың 14 қазаннан 8 қарашаға дейін
Қарағанды экономикалық университетінің студенттері үшін «Заманауи саясаткерлер және халықтың осал топтарын әлеуметтік инклюзия және әлеуметтік қорғау саласындағы жаңа бағыттар: еуропалық тәжірибе» тақырыбында Стара Загора Тракия университетінің (Болгария) э.ғ.к., доцент Генчо Вълчев дәріс оқиды.
Бизнес және құқық факультеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламалары бойынша келесі ваканттық білім беру гранттарына конкурс жариялайды:
1. «Туризм», 2 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018, оқыту тілі - орыс
2. «Туризм», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2017, мемлекеттік тілде оқыту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ваканттық білім беру грантын алуға үміткер студенттер деканатқа 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) транскрипт
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) мінездеме
4) деканның ұсыныс хаты
5) конкурсқа қатысуға өтініші

Сіздерді жұмысқа орналасу мүмкіндігі шеңберіндегі «Халық Банкі» қоғамдық қорының өкіліменен кездесуге қатысуға шақырамыз. Сіздерді 2019 жыл 13 қыркүйек күні 103 аудиторияда көруге қуанышты боламыз. Басталуы: 14:00. «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент», «Құқықтану» мамандықтарының студенттері мен түлектері шақырылады.
Кездесудің мақсаттары:
- «Халық Банкі» АҚ-да одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- осы құрылымның маманымен тікелей байланыс;
- алдын-ала сұхбаттасу мүмкіндігі.
2019 жылдың 13 қыркүйегінде, сағат 11-00-де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми-білім беру орталығында (кітапхана) «Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұрудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері» тақырыбы аясында өткізілді.
Іс-шараға университеттің жас ғалымдары (ғылым магистрлері, докторанттар мен магистранттар, мамандар мен студенттер) шақырылады.
Бизнес және құқық факультеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламалары бойынша келесі ваканттық білім беру гранттарына конкурс жариялайды:
1. «Туризм», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
2. «Туризм» 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2017.
3. «Стандарттау және сертификаттау», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
4. «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ваканттық білім беру грантын алуға үміткер студенттер деканатқа 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) транскрипт
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) мінездеме
4) деканның ұсыныс хаты
5) конкурсқа қатысуға өтініші

Кафедра экономической теории и ГМУ поздравляет Кернебаева Айдына Сапаровича с присуждением степени доктора PhD по специальности 6D051000 «Государственное и местное управление».
«Қаржы» мамандықтары бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиада іріктеуінің нәтижелері.