Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.

Құрметті Талапкер!

Мамандықтар әлеміне саяхат жасағыңыз келе ме? Сұранысқа ие мамандықты таңдап, білікті әрі мықты маман болғыңыз келе ме? Қайталанбас нағыз студенттік өмірді шынайы сезінгіңіз келетін шығар?
Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.
Сіз бұл күні жоғары оқу орнына түсу ережелері, университеттің білім беру бағдарламалары туралы бәрін біле аласыз; профессорлармен және оқытушылармен танысып қана қоймай, олардың ақыл-кеңесін тыңдай аласыз; біздің аудиториялар мен зертханаларды өз көзіңізбен көре отырып, университетіміздің «ғажайып» екеніне көз жеткізесіз, квесттер мен би батлдарына қатыса аласыз!

Келіп көріңіздер! Дұрыс таңдау жасап, біздің университетіміздің студенті болыңыздар!

Университетімізге №19, 30, 31, 44 автобустарымен келе аласыздар! (Коопер аялдамасы)

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus