2020 жылдың қазан айында Стратегиялық даму бөлімінің бас маманы Л.Т. Балмағамбетова «ҚҚЭУ - нің ішкі сапа кепілдігінің жүйесі» тақырыбында семинар өткізді. Оқу жылының басында жұмысқа орналасқан университет оқытушылары мен қызметкерлері СҚКЖ құрамдас бөліктерімен таныстырылды: миссия, сапаны қамтамасыз ету саясаты, ҚҚЭУ даму бағдарламасы, ESG стандарттары, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық. Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмысы туралы алынған ақпарат олардың жаңа орынға сәтті бейімделуіне және белгіленген жұмыс ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 17 қыркүйегіне дейін профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Қашықтықтан оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Оқытуды э.ғ.к., "Цифрлық инженерия және IT-Аналитика" кафедрасының доценті
Н. М. Тәжбаев онлайн форматта жүргізді. Тыңдаушылар бұл курсты жоғары бағалады. Олар classroom.google.com-дағы дәрістер мен практикалық тапсырмаларды сабақтарды сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік беретінің атап өтті.
2020 жылдың 8 қазанында сағат 15:10-да және сағат 16:10-да ZOOM алаңында ЭБКФ және БҚТФ бітіруші курс студенттерімен онлайн кездесу өтті. Ресурстық орталықтың тұсаукесері өткізілді, орталық қызметінің бағыттары: тағылымдамаларды ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндемелерді жасау және т.б. сұрақтар баяндалды, әсіресе "жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектерді бөлу мәселелері қызықтырды.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, қоғам санасының өзгеруі бизнес, мемлекеттік органдар, білім беру өкілдері кездесетін алаңдарға қатты қызығушылық тудырады. Мұндай кездесулерде өңірдің, елдің өткір экономикалық мәселелеріне қатысты пікірлер айтылып, талқыланады. 2020 жылдың 2 қазанында Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open space" алаңына экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар, экономикалық теория және МЖБ, Менеджмент және инновациялар, экономика және кәсіпкерлік кафедралары қатысты. Кездесуге бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Р. А. Кенжебеков, Кәсіпкерлер палатасының директоры Е. Д. Күлпеисов, Қарағанды өңірінің көмір саласындағы фирмалар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Аймақтық көмір нарығындағы баға белгілеудің өткір тақырыбындағы пікірталас үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер кәсіпкерлер мен мемлекет арасында қарым-қатынас орнату тәжірибесі мен дағдыларына ие болды, кәсіпкерлердің өздерінің бәсекелестік құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы білім беру бағдарламаларын талқылауға қатыса отырып, Қарағанды Экономикалық университетімен белсенді ынтымақтасады, біздің түлектеріміз үшін жұмыс берушілер болып табылады.
2020 жылдың 08 қазанында волонтерлер жылы аясында алғашқы медициналық көмек көрсету және жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін білім мен практикалық дағдыларды алу мақсатында волонтерлер үшін оқыту өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ "Жастар ортасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасын іске асыру" гранты шеңберінде "Қазақстан волонтерлері лигасы" қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің ұжымы экономикалық теория және МЖБ кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Елена Анатольевна Ставбуникті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесімен шын жүректен құттықтайды!
«Nur Otan» партиясына праймеризге дауыс беру Қазақстанда аяқталды. 2020 жылдың 06 қазанында Қарағандыда барлық деңгейдегі мәслихат кандидаттарына партияішілік іріктеудің бірінші кезеңін қорытындылай келе, праймеризге қатысушыларды қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады. Қала басшысы оларға алғыс хаттар табыс етті.
Праймеризге қатысушылар қатарында менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Блялов Бахытжан Еерикович болды. Ол праймеризге, сондай-ақ қаланың дамуы мен «Nur Otan» партиясының өміріне белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатын алды. Ол бағдарламалармен жұмыс істеді, пікірталастарға қатысты, халықпен кездесті.
Бақытжан Ериковичті осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және оған алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелі жұмыс тілейміз!
2020 жылдың 8 қазанында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес инкубаторы "PIXEL" IT компаниясының басшысы А.Отарбаевтың қатысуымен ZOOM платформасында "Табысты IT-бизнесті құру ерекшеліктері" тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды.
Спикер студенттерді ІТ жобаны әзірлеудің теориялық ерекшеліктерімен таныстырып, оның құрылымы туралы сөз қозғап, дұрыс және құрылымды стартап жобаны жазу бойынша қадамдық нұсқаулықпен бөлісті. Сондай-ақ, Отарбаев Абай жобаның маңыздылығын қалай дұрыс негіздеу керектігін айтып, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.
07.10.2020 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бірінші курс студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында талқылау ұйымдастырылды. "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жұмыс жоспары аясында "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жетекшісі Орынбеков А.С. және қауымдастық төрағасы Рахтаева И. Е. дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі формалары, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі көрінісі туралы жалпы түсінік беру; оның өмірдің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері, зиянды салдары туралы түсінік беру; осы әлеуметтік құбылысты барабар талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру; студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру болып табылды.
Сөз сөйлеу барысында лектор қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары, сондай-ақ осы қылмыспен күресудің әдістері туралы айтып берді. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды. Негізгі себептер ретінде экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы себептер анықталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік-рухани салаларында туындайтын жағымсыз салдарлары атап өтілді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл шын мәнінде біздің ортақ борышымыз екені атап өтілді. Егер бүгін жастар жемқорлар қатарына кірмесе, онда бір ұрпақтан кейін сыбайлас жемқорлықтан ешқандай із қалмайтыны сөзсіз.
2020 жылдың 07 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару»білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.