2019 жылдың 16 қазанында «Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушысы, «Go Sauda», «Go travel», «International mentors group» компанияларының негізін қалаушы А. Е. Жартыбаевпен «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге кәсіпті қалай ашу және оны одан әрі қарай дамыту жолдарын баяндап берді. Сондай-ақ, ол тыңдаушыларға жаңа кәсіпкерлердің бастапқы кездегі қиындықтары туралы айтты.
Талқылауға студенттер қызығушылықпен араласты. Олар кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты туындайтын барлық мәселелер және оны айналып өту жолдары туралы сұрақтар қойып, жауаптармен қанағаттандырылды.
ҚҚЭУ оқытушылар Исанов А. С., Юсупов М. Т., Минжанов М. Н. және студент-волонтерлар Абай қаласы мектеп түлектері үшін ауқымды кәсібибағдарлық жұмыс жүргізді.
Абай ауданы әрқашан да өзінің ғылыми жетістіктерімен қатар, спорттық жетістіктерімен де танымал. Олардың ішінде Сапиев Серік, Жүсіпов Абылайхан, Маскаев Олег, Рагозина Наталья және т.б. әлем біріншіліктері мен олимпиадаларының чемпиондары мен жүлдегерлерін атап өтуге болады.
Жыл сайын Абай ауданынан біздің ҚҚЭУ-не түсушілер саны артып келеді. Бұған соңғы 5 жылдағы статистикалық деректері куә. Бұған белгілі бір дәйектемелер бар.
Кәсіптік бағдар беру жиналысы Абай "Білім беру бөлімінде" өтті.
Түлектерге бейне-роликтер көрсетіліп, біздің оқу-орны туралы ақпараттық буклеттер таратылды және сауалнама толтырылды. Сонымен қатар түлектерге ойындар ұйымдастырылды.
2019 жылғы 12-13 қазанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Назарбаев Университетімен бірге Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында TECH CENTRAL ASIA бағдарламасы аясында StartUp Weekend 2019 стартап жобалары байқауын ұйымдастырды.
TECH CENTRAL ASIA Орталық Азиядағы стартаптарды дамыту бағдарламасы тұрақты бизнес құруға және оны әрі қарай дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге, студенттерге, инноваторлар мен өнертапқыштарға өз стартаптарын ашуға көмектесуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты студенттерге бизнесті қалай құруға және жүргізуге, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін табуға үйрету болып табылды.
Іс-шараға 26 командадан тұратын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарынан 100-ден астам қатысушы қатысты. Ақтық сынға 9 студенттік команда өтті, олардың ішінде біздің университеттің командалары да болды. ВТ-31 тобының студенттері Бөлекбаева Жібек пен Мырзатаев Бексултанның жобалары жеңімпаздар қатарынан табылды. Оларға Назарбаев Университетінің екі айлық жеделдету бағдарламасынан өтіп, Нұр Сұлтан қаласындағы Demo Day іс-шарасына қатысу мүмкіндігі берілді.
Сіздерді педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламалары бойынша қосымша оқудан өтуге шақырамыз, ол сізге ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға, кейін оқуды доктарантурада жалғастыруға мүмкіндік береді.
Оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:
- Ректордың атына өтініш;
- 3 қосымшасы бар нотариалды куәландырылған магистр дипломы;
- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
- Кадрлар бөлімінде есепке алынатын жеке қағаз, еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (жұмыс өтілі бар адамдарға)
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Скоросшиватель.
Оқыту ақылы негізінде жүргізіледі.
2019 жылдың 20 қазанына дейін 264 каб. жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім Департаментінде құжаттарды тапсыру қажет. Қосымша сұрақтар бойынша 44-16-24 (199)ішкі нөмір бойынша хабарласуға болады.
2019 жылғы 9 қазанда ЭҚЗ Ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері «Достық» коворкинг орталығында Қазақстан Республикасында ӨМШТ технологиясын (өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы) насихаттауға қатысу үшін белсенді студенттер мен оқытушыларды іріктеу конкурсын ұйымдастырды және өткізді.
ӨМШТ технологиясы заманауи әдістемелерді, инновациялық технологияларды және жобаларды басқарудың құралдарын жылжытумен, консалтингтік және кәсіптік білім беру (ЖОО кейін) қызметтері үшін кәсіби қызмет ететін нарықты қалыптастырумен байланысты болып келеді.
Конкурстық іріктеу кезеңінде келесі өзіндік идеялар ұсынылды:
- суық бөлме негізінде жылдам кондиционерлеу;
- тағамды тамашалау кезінде иістерді пайдалану мүмкіндігі және т.б.
Конкурстық іріктеудің нәтижесінде ЭҚЗ ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және ЭҚЗ ҒЗИ зертханасының меңгерушісі Баширов А.В. тұрған комиссия келесі студенттерді ҚҚЭУ атынан ұсынады:
1. Жанбекова А.(ЕҚФ, Ф32);
2. Феденько А.( ЕҚФ,УА-18-3);
3. Гиса Д.(ЭБФ, МО-31к);
4. Турсынова А. (БҚФ,С-18-4c).
Тәлімгер ретінде оқытушы Саржанов Д.К. ұсынылды. (Логистика және маркетинг кафедрасы).
Таңдалған кандидаттар мен тәлімгердің Қазақстан Республикасында ӨМШТ-ді жылжыту бойынша өзара іс-қимылы Қазақстандық жобаларды басқару институтының президенті Владимир Затолокинмен (Алматы) жүзеге асырылады деп күтілуде.
ҚҚЭУ оқу теледидар орталығында ММ «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» мүгедектермен және ардагерлермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Е.Е. Нуксуевтің «Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «платин » дәрісі өтті.
Дәрісте мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық база талданды, Медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі, сондай-ақ мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасындағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметі талқыланды.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚҚЭУ оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге аталған ұйым басшысы Құсайын Е.Б., университеттің әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Әбілов Қ.Ж., Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі Абдакимова М.К. және оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттің қазіргі саясаты, Ассамблеяның жұмысы барысы мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтылды. Сондай ақ осы жлы 24 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Л.Г. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы жайлы атылды.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтар қойылып, ғылыми жұмыстар бірлесіп жүргізсек деген ұсыныстар да айтылды.
2019 жылы 4 қазанда "Благодать" қарттар үйінде Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы және Қарағанды Экономикалық Университетінің бизнес және құқық факультетінің 1 курс студенттері мүшелері болып табылатын "VOLTEQ" еріктілер клубының өкілдерімен бірлесіп Қарттар күніне арналған "Қарттар асыл қазынам" атты мерекелік қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Қазақ халқы қарт адамдарды ежелден байлық деп санайды және әрқашан үлкендерге құрметпен қарайды. Іс-шараның негізгі мақсаты-жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Студенттер концерттік бағдарлама дайындады, оған қарт адамдардың өздері де қатысты. Іс-шараның барлық қатысушылары бір үлкен отбасымен караокеде ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады.
ҚҚЭУ оқу телевидениесі орталығында «Гиппократ» МФ ЖШС әлеуметтік-психологиялық қызметтің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор орынбасары В. А. Нестерованың «Пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Пробация қызметінің жүйесі» атты «платиндік» дәріс «әлеуметтік жұмыс» және «құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін оқытылды.
Дәрісте шартты түрде сотталған адамдарды медициналық-әлеуметтік жұмыстың және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері, олардың реадаптациясы мен қайта әлеуметтендірудің ерекшеліктері мен механизмдері, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық қызметте кейс-менеджмент технологиясын қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды.
2019 жылы 3 қазанында «Қаржы нарықтары және банк менеджменті» кафедрасының доценті Е. И. Борисованың жетекшілігімен Қарағанды қ. № 1 МГ түлектері үшін ҚЭУ қабырғасында арнайы кәсібибағдар беру жұмысы ұйымдастырылды.
Тәжірибе көрсеткендей, осындай іс-шараларды өткізу мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына келуін күшейтеді және мамандықтарды таңдауға ықпал етеді.
Қарағанды қ. №1 МГ түлектеріне біздің ЖОО-ның ерекше көрмелері, инфрақұрылым, оқу аудиториялары, кітапханалар, спорт залдары және т.б. көрсетілді.
Оқушылар ЖОО, мамандықтар және басқа да мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.