Сіздерді жұмысқа орналасу мүмкіндігі шеңберіндегі «Халық Банкі» қоғамдық қорының өкіліменен кездесуге қатысуға шақырамыз. Сіздерді 2019 жыл 13 қыркүйек күні 103 аудиторияда көруге қуанышты боламыз. Басталуы: 14:00. «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент», «Құқықтану» мамандықтарының студенттері мен түлектері шақырылады.
Кездесудің мақсаттары:
- «Халық Банкі» АҚ-да одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- осы құрылымның маманымен тікелей байланыс;
- алдын-ала сұхбаттасу мүмкіндігі.
2019 жылдың 13 қыркүйегінде, сағат 11-00-де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми-білім беру орталығында (кітапхана) «Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұрудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері» тақырыбы аясында өткізілді.
Іс-шараға университеттің жас ғалымдары (ғылым магистрлері, докторанттар мен магистранттар, мамандар мен студенттер) шақырылады.
Бизнес және құқық факультеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламалары бойынша келесі ваканттық білім беру гранттарына конкурс жариялайды:
1. «Туризм», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
2. «Туризм» 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2017.
3. «Стандарттау және сертификаттау», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
4. «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», 1 грант, университетке оқуға түсу жылы - 2018.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ваканттық білім беру грантын алуға үміткер студенттер деканатқа 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) транскрипт
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) мінездеме
4) деканның ұсыныс хаты
5) конкурсқа қатысуға өтініші
Кафедра экономической теории и ГМУ поздравляет Кернебаева Айдына Сапаровича с присуждением степени доктора PhD по специальности 6D051000 «Государственное и местное управление».
«Қаржы» мамандықтары бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиада іріктеуінің нәтижелері.
Қымбатты түлектер!
Дүие танымы кең кәсіби маман болуды қалайсыздар ма? «Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобына жұмысқа тұрғыларыңыз келе ме?
Болашағыңды бүгіннен бастап қолыңа ал!Еліміздің тарихын Жас Өркенмен бірге жаса!
Жас мамандарды дамытуға арналған «Жас Өркен» бағдарламасы БҰЛ:
- еліміздің ең дарынды түлектерін дайындау
- «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларында қызмет жолын бастау мүмкіндігі
- жаңа буын басқарушыларын дайындау.
Біз Сенің өркендеуіңе жағдай жасаймыз:
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бірнеше компаниясында жұмыс ерекшеліктеріне жылдам шолу
- Компания топ-менеджерлерінен тағайындалатын жеке тәлімгер
- Ай сайынғы еңбек ақы төлемі
- Орын ауыстыру және жолақы төлемі
- Өмір сүру шығындарының төлемі
- Бағдарламадан сәтті шыққан жағдайда, қызмет жолын жалғастыру мүмкіндігі.
Өтініштерді қабылдау дедлайны - 31 наурыз 2019 жыл.
Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты веб-торабында таба аласыз: https://www.zhasorken.skcu.kz
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон: +77172799599
Сіздерді Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультеті және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы КММ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 наурызында өтетін «Жастар және Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2019 жылдың 29 наурызында Қарғанды экономикалық университеті базасында «Қаржы» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.