Студенттердің назарына!
Мансап және кәсіби даму орталығы "Үздік бизнес-идея" байқауын өткізетінін хабарлайды.
Байқау шарттары қарапайым және барлығына қол жетімді:
- "Менің бизнес-идеям" тақырыбында эссе жазып, оны trud_keu@mail.ru поштасына жіберіңіз;
- Эссе мәтіндері конкурсқа электронды түрде ұсынылады (көлемі А4 форматындағы 4 параққа дейін, MicrosoftOfficeWord бағдарламасында орындалады; қаріп: TimesNewRoman; 14-ші өлшем, бір интервал)
- Эссе ресімдеу кезінде басты бетте тақырыпты, қатысушының аты-жөнін, тобын және факультетін көрсету қажет;
- Эссе жазу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
- Эссе 20.11.2023 дейін қабылданады.