Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ  Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан ауыстырылатын немесе қайта қабылданатын тұлғалар қағидаларда көзделген құжаттармен қатар, тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша белгіленген шекті балдан төмен емес нәтижесі бар ҰБТ сертификатын ұсынуы тиіс.

ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда, Университет шетелдік ЖЖОКБҰ білім алушысын белгіленген мерзімде міндетті түрде ҰБТ тапсыру және тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша шекті балдан төмен емес нәтиже алу шартымен тек бір академиялық кезеңге ғана қабылдайды. Одан әрі оқу аталған талап сәтті орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.

ҰБТ-ның белгіленген шекті балын жинаған білім алушы   Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқуын жалғастырады.

Ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Білім алушылармен жұмыс жөніндегі департаментіне, 312-кабинетке немесе 44-16-24 (ішкі 109, 6559) телефоны арқылы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша факультет деканаттарына жүгіну қажет: БҚжТФ деканаты – 383а-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 121, 122); ҚЛжЦТФ деканаты – 282-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 136, 163); ЭБжҚФ деканаты – 210б-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 164, 192).

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL