Хабарландыру

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес 2027 жылғы 5–17 қаңтар аралығында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау жүргізіледі.

Ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы мәселені қарау үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі.
  2. QR-коды бар № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама немесе оның көшірмесі.
  3. Флюорографиялық тексеру нәтижесі.
  4. Білімі туралы құжаттың — қосымшасы бар аттестаттың немесе дипломның түпнұсқасы мен көшірмесі.
  5. ҰБТ/КТ сертификатының көшірмесі — бар болса.
  6. Бұрын меңгерілген оқу нәтижелерін растайтын құжат:
  • отандық ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін — транскрипттің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • шетелдік ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін — бағалары бар үзінді көшірме не сынақ кітапшасының куәландырылған көшірмесі;
  • бұрын оқудан шығарылған тұлғалар үшін — академиялық анықтама немесе транскрипт.
  1. Курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Шетелдік ЖЖОКБҰ-дан ауыстырылатын немесе қайта қабылданатын тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар:

  • тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша белгіленген шекті балдан төмен емес нәтижесі бар ҰБТ сертификаты;
  • меңгерілген оқу нәтижелері туралы құжаттар;
  • егер құжаттар шет тілінде жасалған болса, құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармалары.

Академиялық айырмашылықты құрайтын пәндер тізбесі айқындалғаннан кейін білім алушы 2026–2027 оқу жылына бекітілген бір академиялық кредиттің құнына сәйкес академиялық айырмашылық ақысын төлеуге міндетті.

Ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Білім алушылармен жұмыс жөніндегі департаментіне, 312-кабинетке немесе 44-16-24 (ішкі 109, 6559) телефоны арқылы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша факультет деканаттарына жүгіну қажет: БҚжТФ деканаты – 383а-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 121, 122); ҚЛжЦТФ деканаты – 282-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 136, 163); ЭБжҚФ деканаты – 210б-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 164, 192).

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL