КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн

КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн2018 жылдың 3-қарашасында Бизнес және құқық факультетінің ұйымдастырылуымен «КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн» тақырыбында кәсіби бағытталған іс-шара өткізілді. Іс-шараға 15 мектептен 117 оқушы қатысты.
Оқушылар кестеге сәйкес дәріс сабағына қатысып, онда факультет деканы з.ғ.к., профессор Ф.С. Момышеваның құттықтау сөзін тыңдап, университеттің шығармашылық ұжымдары мен спорт секциялары туралы ақапаратпен кеңінен танысты. Факультеттің бетке ұстар белсенділері мен студенттік парламенттің өкілдері студенттік өмірдің ерекшеліктері мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жастардын еркін дамуы үшін университетте жасалып жатқан жағдайлар туралы әңгімелеп берді.
Екінші сабақ университеттің жетекші оқытушыларымен арнайы аудиторияларда оқушылардың таңдаған бағытына сәйкес өткізілді. Бұл аудиторияларда мектеп оқушылары болашақ мамандықтың кейбір ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар арасында «Қаржы», «IT-Кәсіпкерлік», «Менеджмент», «Халықаралық қатынастар», «Юриспруденция», «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі», «Туризм» мамандықтары ерекше қызығушылық тудырды.
Аталып отырған іс-шара университет спортзалында аяқталды. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары өзімен бірге спорт киімдерін алып келген оқушылармен спортзалда сабақ өткізіп, оқушылардың қалған бөлігіне пайдалы тамақтану туралы қызықты дәріс оқыды.

 

КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus