БЖЗҚ жастарға есігін ашты

ЕНПФ доступен для всех2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ ) Қарағанды облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 300-ден адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен оқу орындарының студенттері, яғни Қарағанды Экономикалық Университеті, Экономика, бизнес және құқық Колледжі «Болашақ» Академиясы, Қарағанды Мемлекеттік Политехникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Экономика» факультеті «Қаржы» кафедрасының, Қарағанды Медициналық Университеті, студенттер арнайы шақырылды. Филиал директоры Мордвинцев Андрей Валентинович атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.

«Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі.
Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.
Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.
Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады.
- БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті филиал директоры.
Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.
Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылып, сайыста озық нәтиже көрсеткен қатысушыларды филиал директоры алғыс хаттармен марапаттады.
- «Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым. БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін», - дейді шараға қатысушы оқушы ( ). БЖЗҚ АҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт іаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL