• Blog news

HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді.

HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу  «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді.2017 жылдың 27 қырқүйегінде университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін сертификатталған коуч, оқыту дағдылары бойынша бизнес-тренер, «HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді. Коучинг стилінде меңгерілген білім мен оқу дағдылары біздің оқытушыларға студенттер, магистранттар мен докторанттарды коуч-сессия жүргізудің виртуозды дағдыларын пайдалана отырып белсенді оқытудың нағыз атмосферасын жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумына қатысу

Әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумына қатысуӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. 2017 жылдың 22ші қыркүйегінде Астана қаласында өткен әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумы жұмысына қатысты. Форумның ресми ұйымдастырушысы – ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Форумның 8-ші секция жұмысы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау және біліктілігін арттыру мәселелеріне арналды.
Форумның пленарлы отырысында: ҚР Мемлекеттік хатшысы Гульшара Абдыкаликова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дуйсенова, Әлеуметтік қамтамасыз ету халықаралық ассоциациясының Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстанның халықаралық ұйымдарының жетекшілері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, жоғарғы оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, Ресей, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Чехиядан келген шетелдік сарапшылар.

Форумда ӘЖ және ҚХА кафедрасының «Даму» ОҒӨК қатысушыларымен кездесу болды: руководителем «Қарағанды облысыгың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің жетекшісі Галиуллин М.Р., «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы ҚҚ өкілі Ивкин А.М. және т.б.

Форумға әлеуметтік сала бойынша мекемелерде қызмет етіп жүрген, Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының түлегі қатысты: Мустаева Нагима – әлеуметтік жұмыскер, Қарағанды қаласындағы «№3 емхана» МКҚК, Караганды и Тиыштықбай Акмаржан –Астана қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы"

Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы

Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы2017 жылдың қыркүйектің 22-сі күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді. Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері университеттің бас алаңында ректорат пен оқытушылардан сәттілік құттықтаулар мен тілектерін алу үшін жиналды. Қыздар мен бозбалалар 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты. Кросстың әр қатысушысы өздерін 100 пайызға көрсетті. Жағымды шаршау, достармен сөйлесуден қуаныш, таза ауадағы керемет серуен – бұның барлығы « күндік емес жақсы көңіл-күй кепілі! Күздік кросс ұйымдастырушылары – «Дене тәрбиесі» кафедрасы барлықтарымызды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен кәсіби-бағдарлық жұмысы

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен  кәсіби-бағдарлық жұмысы2017 жылы 22 қыркүйегінде Абай аудандық мобилді тобы құрамында «Экология және бағалау» кафедрасы аға оқытушысы Дузбаева Н.М., «ЭҚҚР» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. және «Банк ісі» кафедрасы магистрі Исанов А.С. оқытушылары Топар кентінде кәсіби-бағдарлық жұмысы шеңберінде жас түлектермен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар ЕҚФ студент-волонтерлері белсене қатысты: Стацюк А., Совет А. және Набиев А.
Жалпы жиналыс Топар кентінің Абай атындағы орта мектебінің акті залында өтті. Жас түлектер келесідей қызықты ақпараттар алды: оқу бағдарламалары жайлы, оқыту әдістер, оқу орынның жетістіктері, түрлі студенттік бірлесітктері мен шығармашылық топтары туралы және т.б.
Жиналысқа Абай, Корниенко және Б.Момышұлы атындағы мектеп түлектері қатысты.
Кездесу барысында түлектер алдына ҚҚЭУ жайлы бейне-ролигі ұсынылды. Түлектермен анкеталар толтырылды. Қолдарына ҚҚЭУ туралы буклеттер таратылды және оқытушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу оқытушылар үшін және түлектер үшін пайдалы әрі жүйелі өтті. Көптеген сұрақтар қойылды. бейне-роликтер көрсетілді. Аталмыш кездесулер келешекте де ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Тілдер күніне арналған іс-шара

Тілдер күніне арналған іс-шара2017 жылдың 22 Қыркүйек күні КЭУК ғылыми-білім беру орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай зияткерлік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб және қытай тілдеріндегі қызықты тапсырмаларды қамтыды . Ойын барысында қатысушылар әрбір тілден бірнеше жаңа сөздер мен осы халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлерінен көптеген қызықты деректерді үйренді. Іс-шараның соңында шетелдік әдебиет залында студенттерге экскурсия ұйымдастырылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL