• Blog news

ECOLIFE КОМАНДАСЫ «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ECOLIFE КОМАНДАСЫ  «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 22 қыркүйекте Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайынғы «Таза тазалық кубогы: студенттік лига» атты қалалық турнир өтті, онда «Эколайф» командасы екінші орынды иеленді. Турнирге университеттің 12 командасы 90 адам қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары: т.ғ.д., профессор К.Ж. Абилов, п.ғ.к., доцент М.К. Абдакимова, доцент С.М. Адамбекова, PhD доктор, оқытушы М.М. Манасова, магистр., оқытушы Б.Р. Бекмухамбетова, оқытушы Г.Н. Тусупова 2017 жылдың қыркүйек айының 11 мен 19 аралығында ҚР Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласынның талаптарын талқылау мен түсіндіру бойынша университеттің барлық мамандықтарының студенттерімен дөңгелек үстелдермен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан ҚР Елбасы ұсынған әлеуметтік жобалармен қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттары мен талаптары талқыланды:
- «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру»
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
- «Туған жер»
- «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»
- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»
- «Қазақстандағы 100 жаңа есім»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»2017 жылғы 9 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды экономиқалық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде «Денсаулық фестивалі» өтті және фестиваль өткен уақытта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Университет пен колледждің студенттері теннистен, футболдан, волейболдан, баскетболдан жарыстарға белсене қатысты, жаңартылған спорт залда жаттығулар жасады. Осы фестиваль кезінде оларға «Дене тәрбиесі» кафедрасының тәжірибелі оқытушылары көмектесті.

Білім күнін

Білім күнінҚұрметті бірінші курс студенттері!
Біз сіздерді 2017 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 10.00-де Студенттер мәдениет сарайында өтетін «Білім күнін» мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста күтеміз.
Сіздерді ҚЭУ студенттік ұйымдарының мүшелері - факультеттердің белсенділері қарсы алады.

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армян мырза бастаған румын делегациясының іс-сапары

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армян мырза бастаған румын делегациясының іс-сапары  2017 жылы 24 тамызда Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армяну мырза басшылығымен ықтимал ынтымақтастық жобаларын талқылау мақсатында румыниялық делегацияның іс-сапары өтті. Делегация құрамында Румынияның Қазақстандағы Елшілігінің сауда және экономикалық мәселелер жөніндегі бірінші хатшысы Николае Павалука, «Спиру Харет» университетінің зерттеу және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Рамона Михайла-Штефанеску, Ush Pro Business кластерінің өкілдері Костина Лиана және Кристина Илие, Хевеко компания өкілдері Костин мен Габриела Трандафир және ЭКСПО-2017 көрмесіндегі румындық павильонның директоры Кристиан Куташ болды. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық бағыттары мен тәжірибе алмасуды жылғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді және Қарағанды экономикалық университеті мен «Спиру Харет» университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL