2015 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу және физикалық тәрбиелелеу кафедраларымен Қарағанды қ. мектептері мен колледждері оқушыларына арналған воллейбол бойынша жарыс өткізілді. Суретте Жеңімпаз команда – Банк Колледжінің Құрамасы.
16 ақпан күні «Парасат» СҒҚ «Экономиканың түрлі салаларындағы Қазақстан Республикасының мәселелері» атты тақырыбына арналған дөңгелек үстелеін өткізді. Бұл шараға қатысқан УА-13 тобының студенттері Хазина Ляйсан мен Токтарова Асель көлік, мұнай және газ индустрияларындағы мәселелерді талқылап, олардың шешімдерін ұсынды. Одан басқа, Калибева Найля халықтың кедей тұрмыстық жіктері мәселелерін талқылады, Женисбекова Айнур Қазақстаннның туристік саласын қазіргі дамуына арналған баяндамасын таныстырды. Қатысушыларға үлкен рахмет!
2015 жылдың 11 ақпанында Кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор Мештаева Б.С. кездесті, Қарағанды экономикалық университеті буклеттерін оқушылар арасында таратты. 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысты. «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. Г.Мұстафин атындағы №83 ОББМ стенділеріне жарнамалық буклеттерді орналастырды.
2015-2017 жылдарға ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздары болуымен ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Ғылыми-зерттеу қызметінде онан арғы табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз.
2015 жылдың 28 қаңтарында салалар бойынша 0519000 «Экономика» мамандығының пән аптасы шеңберінде Оспанова Г.С. және Несипбаев Р.Е. оқытушыларымен Э-31к, Э-32 студенттік топтары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Экономикалық кафе» ойыны өткізілді. Аудиторияда кафе көрінісі жасалынды. Бес айналым ұсынылды: "Дәмтатымдар", "Бірінші тағамдар", "Екінші тағамдар", "Десерт", "Сусындар". Қатысушылар кезектесіп тағамдарды таңдады, сұрақтарға жауап берді. Тағамдар ассортименті алуан түрлі. Ұсынылды: экономика деңгейіндегі бутербродтар, "Қажеттілік" атты кесіліп қуырылған нандар, ақшадан жасалынған винегрет, сұраныс пен ұсыныстан дайындалған щи, "Берекелі" торты және тағы басқалар. Жюри қорытындысын жасады. Әрбір топ өз капиталын жинады. Дегенмен, ең рентабельді болғандар Э-32 тобы. Белсенді қатысқан студенттер: Досов Адиль, Жунуспеков Азат, Садвокасова Гульмира, Гурский Стас.