2014 жылдың 25-28 қарашасыаралығындаҚарағандыэкономикалықуниверситетіҚР КҒА ресми қолдауымен «Атакент – ЭКСПО» Халықаралық көрме компаниясыАстанақ. өткізген«ХХI ғасырдағыбілімжәнеғылым – 2014» атты XII Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмені ҚР КҒА жоғары және жоғарыдан кейінгі білім департаментінің төрағасы Шаймерденов Ж.К. ашты. Құттықтау сөз Томск облысының ғылым және білім кешені мен инновациялық саясат бойынша Губернатор орынбасары Сонькин М.А. берілді.
2014 жылдың 27 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің Ю-31с/к тобы және топ кураторы Киакпаев Д.Б. «Таңшолпан» балалар уйінде біздің елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызы бастамасымен дәстүрлі түрде өтілетін «РИЗАШЫЛЫҚ» күні аталып өтті.
Ағымдағы жылы мереке күнінде демеушілер Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бастығы Исахова Айгуль Сапаровна, балалар мейрамын ұйымдастыру студиясы «RIO», Бизнес және құқық факультетінің Ю-31с/к студенттері және «НОВОЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ» жергілікті телекеналдың қатысуымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасампаздық шығармашылық арқылы еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған сыйлықтар тапсырылды.
Мерекенің өткізу мақсаты– үйлесімді даму, рухани – адамгершілікті байыту, шығармашылық қабілеттерін және еңбек дағдыларын дамыту. Факультет студенттері балаларға шын жүректен өз мейірімдері мен махаббаттарын көрсетті және сыңғырлаған бала күлкісін сыйлады. Әрбір студенттің адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау-әрбір азаматтың мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз.
2014 жылдың 27 қарашасында «Экология және бағалау» кафедрасы жыл сайынғы «Биология білгірі - 2014» атты конкурсын өткізді. Бұл іс-шараға Қарағанды қ. 85 бітіруші сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындылары кафедраның сайтында жарияланады.
2014 жылдың 25 қарашасында Экономика және басқару факультеті 3 курс студенттеріне ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауы «Нурлы жол – болашаққа бастар жол» бойынша ашық куратор сабағын өткізді.
2014 жылдың 11 қарашасында Нұрсалтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауымен шықты. Соған байланысты, есеп-қаржы факультеті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбына Дөңгелек үстел өткізді.