2021 жылдың 11 қарашасында сағат 15.00-де Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Менеджмент және инновациялар» кафедрасы «Халықаралық менеджерлер күні» қарсаңында Қарағанды каласының мектеп және колледж түлектері арасында зияткерлік-танымдық ойын өткізеді.
Қатысу үшін 2021 жылдың 10 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға қатысушылар тізімін (қатысушылар саны 5 адамнан аспау керек) жолдау қажет
Іс-шараны өткізу тілі: қазақ, орыс.
Жарыс қорытындысы бойынша командалар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл біз күнделікті өмірде үнемі кездестіретін жемқорлықтың бір түрі. Қолданыстағы заңдар, ережелерді айналма жолдар түрінде қолдану арқылы бәрі заңды болып көрінеді. Осылайша, аз мөлшердегі ақша қарапайым мәселелерді шешуге әсер етеді. Оларға ауруханаларда, мектептерде, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Сыйлық немесе конверттегі ақшамен көрсетілген алғысты біздің көпшілігімізге пара емес, оған қарағанда міндетті салт және қарым-қатынас төлсипаты ретінде қабылданады. Бізде не үшін алғыс білдіру қалыптасқан? Бір қызығы, барлығы үшін. Онымен қоса, қабылдаушы алғыстың жоқтығынан ренжіп қана қоймайды, сонымен қатар «өтініш беруші» алдын-ала дайындалмаса өзін ыңғайсыз сезінеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ. Осылайша, сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға зиян тигізеді. Ең алдымен, бұл экономикалық залал, өйткені үлкен сомалар мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді және оны қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланыла алмайды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықты күнделікті өмір құбылысына айналдырып, қоғамның моральдық қағидаларын бұзады. Ұзақ мерзімді жоспарда сыбайлас жемқорлық қоғамның одан әрі дамуын тежейді.
Қарағанды Казпотребсоюз университеті атынан өткізілетін #Erasmus Days-2021 Халықаралық күні
Университетіміздің студенттері арасында ұтқырлықтың артықшылықтары мен Erasmus+ жобаларының нәтижелері туралы хабарда болу мақсатында Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы жыл сайын өткізілетін, бесінші рет #ErasmusDays-2021 Халықаралық күнін 2021 жылдың 15 қазанында онлайн форматта өткізілуін хабарлайды. Халықаралық күннің форматы - қатысушылар арасында еуропалық немесе Эразмус+ бағдарламаларын білу бойынша викторина, нәтижесінде жеңімпазға сыйлық беріледі.
1.Спикер: Bilal Ahmad Malik (Билял Ахмад Малик) магистр, философия ғылымдарының докторы, Кашмир университеті, Үндістан мемлекеті. Баяндама тақырыбы «Religion Contributing to Harmone: Interfaith Dialogue Approach».
2.Спикер: Заңгер, PhD доктор СапаровБахытжанЖолдыбайұлы, Абай
атындағы ҚазҰПУ-нің әкімшілік департаментінің директоры. Баяндама тақырыбы; «Зайырлылық конституциялық құрлыстың негізі ретінде».