• Blog news

PhD оқуға түсуге ниет білдірген магистранттар үшін әлем зертханаларында жазғы тағылымдама

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар бағдарламасына қатысу үшін конкурс жарияланады.

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар бағдарламасының ережесі.

I Жалпы ережелер

  • "Әлемнің ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар" бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында (бұдан әрі – Бағдарлама) жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 3 айға дейін 17 грант ұсынады;
  • Бағдарлама болашақта PhD дәрежесін алуға және Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін талантты қазақстандық студенттер мен қазіргі ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.
  • Бағдарламаның мақсаты – әлемнің үздік ғылыми және зерттеу зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беру арқылы PhD түсу кезінде қазақстандық студенттер мен ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары бағдарламаға қатысушылар болып табылады:

      - жұмыс істеп тұрған ғылыми қызметкерлер (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес);

      - қазақстандық жоо-да оқитын техникалық және жаратылыстану – ғылыми мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратура студенттері.

1.5. Бағдарлама гранттары былайша бөлінеді;

    - Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант бөлінеді;

    - 7 грант бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистратураның 1-2 курс студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге бөлінеді.

Барлық толық ақпарат «Әлемнің ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар»  PDF құжатында көрсетілген.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылдың 15 қарашасында сағат 14.00-де 289 аудиторияда Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің менеджмент және инновациялар кафедрасы «Халықаралық менеджерлер күні» қарсаңында Қарағанды каласының колледж түлектері арасында «Жүзден шамалы көп» атты зияткерлік-танымдық ойынын өткізеді.
Соған орай 2019 жылдың 14 қарашасына дейін ұйымдастырушылық комитет қатысушылар тізімін (әр мектептен (колледжден) ұсынуды сұрайды.
Өтінімнің үлгісі қосымшада көрсетілген.
Ойынды жүргізу тілі: орыс тілі
Анықтамалар үшін телефон нөмірлері моб. 87024669986
Қатысу үшін өтінімді келесі электрондық поштаға жолдауға болады Е-mail: aziz_-_90@mail.ru
Орындаушы: Зұлхарнай Азиз Нұрланұлы

«Бос орындар жәрмеңкесі-2019»

«Бос орындар жәрмеңкесі-2019»

2019 жылдың 14 қарашасында сағат 10.00 «Миллениум» кафесінде «Бос орындар жәрмеңкесі-2019» өткізіледі.
Жәрмеңкеге білікті мамандарды қажет ететін ұйымдар мен компаниялардың өкілдері шақырылды. Кездесу барысында түлектер жедел сұхбаттан өтіп қызықты жұмыс таба алады.

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

2019 жылдын 26 қазаны сағат 10:00-де, Шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп пен колледж оқушыларының арасында шет тілдері бойынша (ағылшын, қазақ, орыс) тілдік олимпиадасын өткізеді.

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
26 қазан 2019 ж. сағат 10.00 - де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мен-экологпын» зияткерлік ойынын өткізеді.
Қатысуға шақырамыз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL