• Blog news

Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік

Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік

23 қыркүйек күні Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы» РҚБ ұйымдастыруымен «Кәсіби қауымдастықтардың әлеуметтік жұмысты дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан мен Орталық Азиядағы әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті стейкхолдерлер мен серіктестерге Қазақстанның әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығын таныстыру.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Әзімова Э.А., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Ж.Д., ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі Асылова Б.А., шетелдік сарапшылар, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде «Жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кәсіби қауымдастықтардың қосқан үлесі» атты баяндамамен ППжӘЖ кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. сөз сөйледі.
Баяндамада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсымен «Әлеуметтік жұмыс» Білім беру бағдарламасын жетілдірудегі, оқытушылардың біліктілігін арттырудағы және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіндегі көп жылғы жемісті жұмысы атап өтілді. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қазақстанның әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығына кіруі Орталық Азия аймағының кәсіби қауымдастықтары деңгейінде одан әрі ынтымақтастық перспективаларын кеңейтеді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі халықаралық күн тәртібіне қатысуды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан халқы тілдері күні»

«Қазақстан халқы тілдері күні»2022 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 16.00де «шетел және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен алдағы келе жатқан «Тілдер күніне» орай №3 жатақхана студенттеріне арнап «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мемлекеттік және халықаралық тілдерге қатысты қызықты мәліметтер беріліп, сұрақ-жауап ойындары өткізілді.

«QazTehna» ЖШС-мен ынтымақтастық

«QazTehna» ЖШС-мен ынтымақтастық2022 жылдың 22 қыркүйегінде «QazTehna» ЖШС мен Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру саласындағы мәселелер, бірлескен зерттеулер мен жобалар, студенттердің кәсіби тәжірибесі, одан әрі ынтымақтастықты дамытудың Жол картасын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ кіру жолында.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ кіру жолында.2022 жылғы 21 қыркүйекте халықаралық сарапшы, Германияның экономика және даму Министрлігі (BMZ) қаржыландыратын өңірлік жобалардың үйлестірушісі, Тәжікстан әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығының директоры, Э. ғ. д., профессор Ашуров С.Б. және Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ тең құрылтайшысы Жанаева Г.С. іс сапармен университетімізге келді.
Әлемдік білім кеңістігіне кірігу, жоғары мектептің сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастығы – бүгінгі күннің талабы. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті әлеуметтік жұмыс мектептерінің халықаралық қауымдастығының (IASSW) бір бөлігі болу мақсатын қояды. Алғашқы қадам жасалды – құрылтайшысы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы» РҚБ директоры Д.Г. Есімова және директоры Г.С. Жанаева тұлғасында «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледж» ЖШС болып табылатын Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептерінің қауымдастығы» ЗТБ-ға кіру туралы шешім қабылданды.
Сапар барысында университет ректоры, э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б., академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.к., доцент Абеуова С.Т. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өтті. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығына кіру мәселелері талқыланды.
Э.ғ.д., профессор Ашуров С.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешу контексінде инклюзивті қоғамды қалыптастыру» тақырыбында платина дәрісін оқыды.
Қонақтар үшін университет бойынша ұйымдастырылған экскурсия, ЖОО-ның алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасының презентациясы жақын келешектегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.

Маркетинг және логистика кафедрасы өз оқытушыларының біліктілігін арттырады

Маркетинг және логистика кафедрасы өз оқытушыларының біліктілігін арттырады

Кәсіби шеберлікті, сондай-ақ білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Маркетинг және логистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің теориялық білімін тұрақты түрде жақсартады және маркетинг және логистика саласындағы курстарды игеру арқылы алған дағдыларын шыңдайды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL