• Blog news

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Өрт - әрдайым алапат, ауыртпалық, бақытсыздық. Соған қарамастан, көпшілік адамдар өрт кезіндегі қарапайым ережелерді білмейді. Бала күннен белгілі – «101-ге қоңырау шалу»-дың өзін үрей, байбалам кезінде естен шығарып, ұмытып кетіп жатамыз. Басты ереже - ешқашан үрейленіп, байбалам күйге түспеу!
Өрт қауіпі өнеркәсіп пен мекемеде ғана емес, тұрмыста да кездеседі: - тұрғын үйде, жеке автокөлікте және көлікжайда да, саяжайлық аумақта және т.с.с. Сондықтан, өнеркәсіпте қамтамасыз еткендей, тұрғын жай және басқа орындарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш және т.с.с.) қамтамасыз ету қажет.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде:
- жанғыш заттар, жеңіл тұтанғыш заттар және газ баллондарды балкондарда және лоджияларда сақтауға;
- төсекте және арнайы темекі шегуге әзірленбеген жерлерде темекі шегуге;
- екі қабаттан жоғары үйлерде газ балондарын қолдануға;
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
- әзірленіп жатқан асты газ немесе тоқ плитасында қараусыз қалдыруға және тұрмыстық электр құрылғыларын (теледидар, үтік, шәйнек, шаш кептіру құрылғысы және т.с.с.) тоққа қосылған күйінде қалдыруға;
- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Ең бірінші әрі міндетті ережені есте сақтаңыз: пәтерде түтіннің әлсіз иісі келген кездің өзінде, ашық жалынның өзін айтпағанда, «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек.
Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласқаннан кейін, ересектер мен балаларды, қарттар мен сырқат адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жақын пәтерлердегі көршілеріңізді хабардар етіңіз. Пәтердегі немесе саты алаңындағы электр қалқанын қолданып электр көзін өшіріңіз. Ас бөлмесіндегі газ келетін жүйені жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтін шығару жүйесімен қамтамасыз етілген болса , оны іске қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей өртті қолда бар құралдармен – шелектегі сумен, өрт сөндіру құралымен, дымқыл тығыз матамен және т.с.с сөндіруге кірісіңіз.

АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов

Әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму Министрі А.Омаровтың атынан және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму Министрі А.Омаровтың атынан және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.Қазақстан Республикасы Ақпарат және Әлеуметтік даму Министрлігі Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Тутинова Нұргүл Ерқанатқызына Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі және «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағалары қауымдастығының қызметіне ерекше еңбегі үшін алғысын білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ф.ғ.к., профессоры Клишина Марина Васильевнаға жоғары атаққа ие болғаны ізгілік, рухани келісім, достық пен ұлтаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына қызмет ету үшін шексіз алғысын білдірді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындары арасында Ұлттық рейтингте 2-орынды иеленді

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындары арасында Ұлттық рейтингте 2-орынды иелендіБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) 2022 жылдың 22 шілдесінде 2008 жылдан бастап осы жылы он төртінші рет жарияланатын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының 2022 ұлттық рейтингісін қорытындылады.
IQAA-Ranking жеті академиялық индикаторды талдау негізінде қалыптастырылған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі - 2022 ұсынады. 1-Индикатор студенттер контингентінің сапалық құрамын, 2-индикатор – студенттердің оқыту нәтижелерін және ЖОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламаларының санын білдіреді, 3 – индикатор-академиялық кадрлар: профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ); 4 – индикатор-ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмысы; 5 – индикатор-халықаралық ынтымақтастық; 6 – индикатор - ақпараттық қамтамасыз ету; 7 – индикатор - ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру.
Биыл жетекші жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде Қазақстанның 31 жоғары оқу орны, көп бейінді жоғары оқу орындары санатында – 10 оқу орны, техникалық – 11, гуманитарлық-экономикалық – 5, педагогикалық – 3 және медициналық – 2 оқу орыны қатысты, олардың ішінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті құрметті 2-орынды иеленді!!!

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде диссертациялық кеңестің ашылуы туралы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде диссертациялық кеңестің ашылуы туралыҚазтұтынуодағы Қарағанды университетінде 8D04101 «Экономика» (6D050600 – «Экономика»), 8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (6D051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару») кадрларды даярлау бағыттары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес ашылды.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – ЖАҢА АШЫЛУЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ ӨСУ ЖОЛЫ!

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – ЖАҢА АШЫЛУЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ ӨСУ ЖОЛЫ!

8D041 Бизнес және басқару оқыту бағыты бойынша – 8D04107 Инновациялық менеджмент (докторантура) жаңа білім беру бағдарламасы 2022 жылғы 12 шілдеде білім беру бағдарламасының реестрінде тіркелді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық экономикадағы инновациялық үдерістердің ерекшеліктерін қамтитын жаңа принциптер мен әдістер негізінде бизнесті басқару саласында танымал ойлау стильдері, кәсіби құзыреттіліктері мен дағдылары бар бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- цифрлық экономикадағы инновациялық процестерді басқарудың ерекше қасиеттері мен заңдылықтарын игерген, оның әсерлерін ескере отырып, ақпараттық нарыққа арналған бизнес-модельдерді жобалай алатын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оларды түрлендіруге қабілетті менеджердің жаңа біліктілік моделін қалыптастырады;
- қазіргі заманғы менеджердің танымал ойлау стильдерін дамытады: аналитикалық, жүйелік, конструкторлық, шығармашылық, дизайн, бұл оған экономиканың жеке және мемлекеттік салаларындағы лауазымдарға үміткер болуға мүмкіндік береді.

8D04107 «Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасының түлегіне 8D04107 «Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі беріледі.

Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және коммерциялық негізде жүргізіледі.

Сіздерді оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желілердеміз: @management_inn_karuk

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL