• Blog news

«Әлем чемпионы»

«Әлем чемпионы»Баку қаласында (Әзірбайжан) өткізілген спорттық акробатикадан әлем чемпионатына ҚР Кубогына қатысып, «Әлем чемпионы» атағын жеңіп алған ФКиСМ-20-5С тобының студенті Шуляр Вадимді құттықтаймыз!
Біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз! Алдағы жарыстарда сіздерге үлкен жеңістер тілейміз, біздің студенттер арасында осындай жеңімпаздар оқитынын мақтан тұтамыз!

«Ұжымда жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату» тақырыбындағы тренингі

«Ұжымда жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату» тақырыбындағы тренингі«Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы «Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің қатысушы-мүшелерімен ынтымақтастықты табысты дамытуда. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының бірі аймақтың жетекші мекемелерімен «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша психолог мамандарды бірлесіп даярлау болып табылады. Педагогикалық ұжымдағы қатынастар жұмыс процесінің тиімділігіне үлкен әсер етеді. Әр қызметкердің өзінің жеке, кейде қиын, мінезі, қалауы бар. Сондықтан ұжымдағы қарым-қатынас психологиясын білу маңызды рөл атқарады. Өзара түсіністік атмосферасын қалай құруға болады? Әлеуметтік психологиялық клиаматты жақсартудың көптеген психологиялық формалары мен әдістері бар, олардың ішінде тренингке ерекше орын беріледі. Кафедраның аға оқытушылары Исина С.С. және Жакишева Г. С. «№2 оқушылар сарайының педагогтарымен» ұжымда оң қарым-қатынас құру тақырыбында тренингтік жаттығулар өткізді. Педагогтердің пікірлері бойынша тренинг қызықты, сапалы өтті, психологиялық қорғау ресурстарының ашылуына ықпал етті, сондай-ақ педагогтердің эмоционалдық көңіл-күйін жақсартты.
Ынтымақтастық «ДАМУ» ОҒӨК туралы келісімге сәйкес жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызметке дайындаламыз.....

Мемлекеттік қызметке дайындаламыз.....2022 жылдың 09 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының студенттері үшін студенттердің мемлекеттік қызметке орналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға және таныстыруға арналған семинар өткізді.
Мемлекеттік мекеменің өкілі Индира Магиланова студенттерге Мемлекеттік қызметке іріктеу критерийлері, мемлекеттік қызметшінің кодексі туралы айтып, мансап сатысымен көтерілуге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Әсіресе, бұл ақпарат мемлекеттік қызметке түсуді жоспарлап отырған студенттер үшін өзекті.

«Цифралық инженерия және IT-Аналитика» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

«Цифралық инженерия және IT-Аналитика» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

25.02.2022 ж. кафедра СҒҚ отырысын өткізді, онда студенттер баяндамаларын қорғады. Студенттердің ғылыми қоғамы отырысында 3 баяндама тыңдалып, олар «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ конференциясына қатысу үшін ұсынылды.
Қатысушылар: СҒҚ студенттері және ЦИ және IT-Аналитика кафедрасының оқытушысы Сайлаубаев С.Ш.
Шақырылғандар: «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері ИС-20-2 тобының студенті Cамалова А., ИС-20-4с тобының студенті Балахмет М.М., ИС-19-1к тобының студенті Кабыкен Н., ИС-21-1 тобының студенті Жамхур Е.
Отырыстың қорытындысы бойынша келесі қаулылар қабылданды:
Ұсынылған баяндамалар:
1. Жамхур Е. Баяндама тақырыбы: «Туристік компанияның ақпараттық жүйесін құру»
2. Кабыкен Н. Баяндама тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесін құру»
3. Балахмет М. М. Баяндама тақырыбы: «Заманауи логистикалық ақпараттық жүйелерді талдау»
Студенттердің алдағы «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ конференциясына қатысуы үшін ұсынылған баяндамаларды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Ашихара каратэ АИКО Әлем Чемпионаты

Ашихара каратэ АИКО Әлем Чемпионаты

Тамаша жаңалық! 2-6 наурыз аралығында Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэ АИКО бойынша Әлем Чемпионаты өтті. Жарыс үш бөлімде өтті: "Ката", "Кумите" және «Толық байланыс». Қазақстан ұлттық құрамасы 51 спортшыдан тұрды. "Ката" бөлімінде Қазақстан спортшыларынан 1 алтын, "Кумите" бөлімінде ҚР құрамасы 18 алтын, 14 күміс және 9 қола медаль жеңіп алып, 18 елден 2 жалпыкомандалық орынға ие болды. Сондай-ақ, «Толық-байланыс» бөлімінде біздің спортшылар 3 алтын және 4 күміс медаль иеленді. Қарағанды құрамасының құрамында 5 спортшы болды, барлық жүлделі орындар: 4 алтын және 1 күміс.
1 алтын медальді біздің ФКиСМ-21-к, ФКиСМ-21-4с топтарының кураторы, магистр, "ӘСП және ҚХА" кафедрасының аға оқытушысы Исабекова Анар Сабыржанқызы жеңіп алды. Анар Сабыржанқызы 2021 жылы Ашихара каратэден ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері, Павлодар қ., 1 дан қара белбеу иегері және Ashihara International Karate Organization "С" санатының халықаралық төрешісі болып табылады.
2 алтын медальді Шәкәрім атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Исабекова Дина мен Молодушкина Евангелина, 1 алтын және 1 күміс медальді Қарағанды техникалық университетінің студенттері Самбаев Айдын мен Раимбеков Арман жеңіп алды.
Арман Райымбеков - Қарағанды облысы құрамасының бас бапкері, 7 жыл тәжірибесі бар, Арман Райымбековтың көптеген тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың чемпиондары, Азия, енді әлемдік деңгейдегі чемпиондары болып табылады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL