• Blog news

Құқық негіздері бойынша олимпиада

Құқық негіздері бойынша олимпиада

2022 жылдың 25 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қабырғасында Қарағанды қаласының 11 сынып оқушылары арасында "Құқық негіздері" пәні бойынша олимпиада өткізілді. Іс-шара мемлекет пен құқық мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау мақсатында өткізілді. Олимпиадаға келесідей құрамадағы командалар қатысты: "№9 Гимназия" КММ, "№63 ЖББМ" КММ, "№66 мектеп-лицей" КММ, "Қаныш Сәтпаев атындағы Гимназия" КММ, және "№59 ЖББМ"КММ.
Мектеп командаларының қатысушылары өз білімдерін қолдана отырып, әр түрлі жеке және командалық тапсырмаларды орындады. Бұл құндылық оқушылар тарапынан кәсіби бағдарлау үшін баға жетпес тәжірибе ретінде бағаланды. Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен "№9 Гимназия" КММ "Лидер" командасы марапатталса, I I дәрежелі дипломмен "№63 ЖББМ" КММ "Оптимисты", және "№66 мектеп-лицей" КММ "Ареопаг" командалары марапатталды, Сондай-ақ I I I дәрежелі дипломмен "№66 мектеп-лицей" КММ "Болашақ", "Қаныш Сәтпаев атындағы Гимназия" КММ "Зерде", "№59 ЖББМ" КММ "Темис"командалары марапатталғандығын атап өтуге болады. Барлық командалар дипломдармен марапатталды, ал топ жетекшілері мен мектеп директорларына алғыс хаттар табыс етілді.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ

Кәсіпорындарға бару сабақтары немесе экскурсиялар Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқуды ұйымдастырудың көп жылдық дәстүрлі және кеңінен қолданылатын түрі болып табылады.
2022 жылдың 25 ақпанында «Кәсіпкерлік» пәні аясында «Менеджмент және инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Д.М. Салауатова «Атамекен»Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырды.Директор Кульпеисов Е. Д., адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Оспанова К.А. студенттермен шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіретін, құқықтары мен мүдделерін қорғауды, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесінде барлық кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым ретінде Палата қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру сұхбаты ұйымдастырылды және өткізілді. Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы К.А. Оспанова «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының негізгі бөлімдері бойынша экскурсия жүргізіп, олардың қызметімен таныстырды.
Студенттер жобаларды гранттық/ жеңілдікпен қаржыландыру байқауларына қатысу мүмкіндігі бойынша сұрақтар қойды, себебі «Кәсіпкерлік» пәні бойынша қорытынды жұмыс бизнес-жоспарды әзірлеу болып табылады. Кездесу қызықты және нәтижелі өтті.
Ынтымақтастық үшін» Атамекен « Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтамыз!

US Service Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесу

US Service Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесу2022 жылдың 22 ақпанында "Есеп және аудит" мамандығының студенттері US Service Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесті.
"US Service Kazakhstan" ЖШС компаниясы – бұл Қазақстан аумағында 2011 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан пікірлестердің ұйымшыл ұжымы. Компания климаттық жабдықты сапалы түрде орнатып қана қоймай, сонымен қатар сэндвич панельдерінен дайын тоңазытқыш қоймаларын салады. Қоймаларды салу кезінде ең заманауи технологиялар қолданылады. Бұл клиентке бір жерде қызмет көрсетудің тамаша нұсқасын ұсынуға мүмкіндік береді.
Біздің университетте "US Service Kazakhstan" ЖШС өкілдері бухгалтерлерді, қойма меңгерушілерін, материалисттерді іздеді. Кездесу қызықты өтті, студенттер белсенді болды, сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша тегін және ақылы тәжірибеге келісімшарт жасасу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

23.02.2022 ж. кафедра СҒҚ отырысын өткізді, онда студенттер баяндамаларын қорғады. Барлығы 5 баяндама тыңдалып, олар «Нархоз университеті» КЕАҚ конференциясына қатысу үшін ұсынылды.
Қатысқандар: Талимова Л. А., Борисова Е. И., Сайфуллина Ю. М., Курманалина А. К., Гусманова Ж. А., Ермакова А. К., Идирисова А. Т., Исанов А. С.
Шақырылғандар: «Қаржы» мамандығының студенттері Ф-19-2 тобы студенті Павлова А., Юстус А., Рожков К., Кассихина В. Және Ф-20-3с/к тобының студенті Алшымбеков Ш.
Отырыстан кейін келесі қаулылар қабылданды:
1. Алшымбеков Ш. «КР тұтынушылық несиесі» (ғылыми жетекші: Ермекова К. А.).
2. Павлова А. баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында белгісіздіктің өсуі жағдайында коммерциялық банктердің дамуының негізгі үрдістері» (ғылыми жетекшісі: Гусманова Ж. А.)
3. Юстус А. баяндама тақырыбы: «Электрондық төлем жүйелері, олардың елдегі экономикалық рөлі және қауіпсіздігі» (жетекшісі: Борисова Е. И.)
4. Кассихина В. «Экономика жағдайында ипотекалық кредит беру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен дамуын талдау» (ғылыми жетекшісі: Гусманова Ж. А.)
5. Рожков К. «Ұлттық Банктің экономикадағы ақша-несиелік реттеудегі рөлі, оның проблемалары және халықтың әл-ауқатына әсері» (ғылыми жетекшісі: Борисова Е. И.)
Студенттердің алдағы «Нархоз университеті» КЕАҚ конференциясына қатысуы үшін ұсынылған баяндамаларды ұсыну туралы шешім қабылданды.

ҚР ҰБ және ҚФ АҚ «Жусан банк» қабырғасындағы дәріс

ҚР ҰБ және ҚФ АҚ «Жусан банк» қабырғасындағы дәріс

«Банк менеджменті және қаржы нарығы» кафедрасы ҚР Ұлттық Банкі ММ КҚ-да және «Жусан банк» КФ АҚ-да 2022 жылғы 22 ақпанда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін э.ғ.к., доцент Ю. М. Сайфуллина, э.ғ.к., доцент Е.И. Борисова және аға оқытушы Идирисова А.Т. жетекшілігімен «Инвестицияларды қаржыландыру және кредиттеу» пәнінің «Инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілі ретінде қысқа мерзімді банктік кредиттеу» тақырыбына, «Банктік менеджмент және маркетинг» пәнінің «Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару» тақырыбына және «Ақша-несиелік реттеу» пәнінің «Ақша массасының көлемін және ақша базасын реттеу» тақырыбына сай Ф-19-2, Ф-20-4с топтары үшін дәрістер ұйымдастырылған.
Студенттер аталмыш қаржылық мекемелерде мамандардың осы ұйымдарда қандай негізгі қыззметтермен айналысатыны, олардың ақша-несие реттеу саласындағы жүргізілетін бсты іс-шараларымен және т.б. танысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL