• Blog news

«Достық» коворкинг-орталығы туралы дөңгелек үстел

«Достық» коворкинг-орталығы туралы дөңгелек үстел09.12.2021 ж. «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Исанов А.С. «Қаржы», «Юриспруденция» бойынша оқитын студенттер үшін «Достық» коворкинг-орталығы туралы арнайы «Дөңгелек үстелін» ұйымдастырды. Аталмыш жиында «Достық» коворкинг-орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары айтылды. Дөңгелек үстелге сонымен қатар «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары да қатысып, өз ой-пікірлермен бөлісті.

Коворкинг орталығында "Қалай барлығына ұнайтын компания болуға болады"митапы өтті

Коворкинг орталығында "Қалай барлығына ұнайтын компания болуға болады"митапы өтті2021 дың 6 желтоқсанында ТБИ Коворкинг орталығында Анастасия Голощукпен бірге " Қалай барлығына ұнайтын компания болуға болады " митапы өтті.
Митапта ол бизнесті алға жылжытудағы тәжірибесі және құпияларымен бөлісті. Митап қатысушылары:
- Клиентке бағдарлану дегеніміз не және оны қалай енгізу керек
- Сапаны бақылауды қалай жүргізу керек
- "Өнім үшін жауапкершілік"нені білдіреді?
- Тұрақты дамуды қалай қамтамасыз етуге болатынын білді.
Сондай-ақ, Анастасия маркетингтік стратегияны құру туралы айтты, соның арқасында компаниян басқаларға ұнайтындығына дәлелдер келтірді. Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өтті.

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ФИЛОСОФИЯСЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ".

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ФИЛОСОФИЯСЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ".2021 жылғы 7 желтоқсанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде онлайн форматта "Рухани жаңғыру" - Қазақстанның жаңа философиясы: атқа міну мәдениеті"атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел "Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру, "Атқа міну мәдениеті" шаруашылық келісім-шарт тақырыбын орындау және "Заманауи білім берудің теориясы мен практикасына философиялық талдау" атты бастамашыл тақырыпты орындау шеңберінде өткізілді.
Модератор - ф.ғ.к., профессор М.В. Клишина дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Конференция қатысушыларына университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, т.ғ. д., профессор Қ.Ж. Әбілов құттықтау сөз сөйлеп, тақырыптың пәнаралық сипатын, студенттердің одан әрі зерттеу, жобалау қызметінде талқыланатын тақырыптың маңыздылығын атап өтті.
Зерттеу қызметі, шығармашылық әлеуетті дамыту, дүниетанымды, ойлау мәдениетін қалыптастыру және студент жастардың қоғамдық санасын жаңғырту, патриотизм, азаматтық жауапкершілік шеңберінде маңыздылығы бар "жаңа философияның" орнын айқындайтын студенттердің баяндамалары талқыланды:
1. «"Мәңгілік Ел" стратегиясы және "Рухани жаңғыру" жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары», Төлеуова Айдария Ю-20-4;
2. «Туған жер. Қазақстан табиғатының әсемдігі: эстетикалық, утилитаристік, экологиялық аспектілер». Шваб Магдалена Ю-20-4
3. «Қазақстандағы жылқы шаруашылығы: тарих және қазіргі заман. Жылқы зауыттары». Абросимова Екатерина Эко 20-2
4. «Атпен жүру-гедонистік және медициналық аспектілер». Кириакиди София ЭКО-20-2
5. «Ат туризмі». Төлеуова Айдария Ю-20-4
6. «Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында М. Спицын мен А. Ярошенко ФКиСМ20-3 және т. б.
Әбілов Қ.Ж. пәнаралық дөңгелек үстел социогуманитарлық цикл пәндерін оқудың жарқын аяқталуына айналғанын және дөңгелек үстелге қатысушылардың жоғары зерттеу мәдениетін көрсеткенін атап өтті.

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» (интеллектyалдық-танымдық ойын)

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» (интеллектyалдық-танымдық ойын)2021 жылдың 26 қарашасы күні Психология, педагогика және әлеyметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастырылуымен Қазақстан Респyбликасы Тәyелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты университетаралық интеллектyалдық-танымдық ойын өткізілді. Мерекелік іс-шараға Орталық Қазақстан академиясынан «Бүркіт» тобы, Қазтұтынyодағы ҚарУ «Қамқор» тобы қатысты. Интеллектyалдық ойын:
1) Кел, таныс болайық;
2) Болашақ мамандыққа қатысты «Жағдаяттық кейстер»;
3) Тәуелсіздігімізге қатысты «Блиц-сұрақтар»;
4) «1001 мақал-мәтел» атты 4 кезеңнен тұрды.
Жеңімпаздар мадақтама және алғыс хаттармен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL