• Blog news

Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

2021 жылдың 26 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияны Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференция дәстүрлі уақытта емес, сағат 12-де басталды. Бұл пленарлық отырыстың баяндамашыларының көпшілігі уақыт айырмашылығы 3-4 сағатты құрайтын Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Гомель қалаларының еуропалық бөлігінен болғандығына байланысты болды.

Конференция қатысушыларына арнап, ғылыми-зерттеу және интеграциялық қызмет жөніндегі проректор э.ғ.д., проф. Г.Е. Накипова құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі, з.ғ.д., профессор Б.М. Нұрғалиев (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті), РФ Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, з.ғ.д., проф. Т.С. Волчецкая (Кант атындағы Балтық Федералды университеті, Калининград), э.ғ.д., проф. С.Н. Гришкина (РФ Үкіметі жанындағы қаржы институты, Мәскеу ), п.ғ.д., профессор А.Н. Григорьев және оқытушы Е.А. Кот (РФ ІІМ Санкт-Петербург университетінің филиалы), з.ғ.к., доцент Панькина И. Ю. және магистрант Джолы В.А. (Балтық Федералды университеті). (Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университеті, Мәскеу), Рябенькая Н.Л. (Краснодар өлкесінің қадағалау бөлімінің прокуроры, РФ), ф.ғ.к., доцент Турсунов Ф. А. (Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Новосибирск қ.) сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс және баяндамаларды талқылау аяқталғаннан кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты.


Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Студентіміз «Nur Qadam» сыйлығының иегері!

Студентіміз «Nur Qadam» сыйлығының иегері!Бизнес, құқық және технология факультеті ФКиСМ-2O-5с тобының студенті Артем Антроповты «Жылдың жас спортшысы» номинациясында Қарағанды қаласы әкімінің «Nur Qadam»жастар сыйлығымен марапатталуымен құттықтайды!
Антропов Артем – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия және әлем чемпионы, рекордсмен, 2021 жылғы Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «2020 жылдың үздік спортшысы» атағының иегері.
Артемге денсаулық пен оптимизм, жоғары спорттық жетістіктер, ауыр атлетикадан алдағы әлем чемпионатында жеңіс тілейміз!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есебі

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есебіМаркетинг және логистика кафедрасының магистр, оқытушысы Кошмаганбетова Айжан Сергазыевна, жоспарға сәйкес 24.11.2021ж. Жаңаарқа ауданында О.Жумабеков және Б.Амалбеков атындағы ЖББМ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, онда оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерешеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілрге мамандық таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. Аталмыш мектептерде мамандықтар туралы презентациялар көрсетіліп, сауалнама толтыртып, бейнероликтерді де көрсету арқылы оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Алдағы уақытта жаппай оқушыларға ҰБТ сәтті өтіп, өздерінің таңдаған маман иесі болуына жылы лебізіміді білдіреміз.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан тарихынан онлайн олимпиада Қарағанды қаласы мен Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан тарихынан онлайн олимпиада Қарағанды қаласы мен Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында

2021 жылдың 27 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті бизнес, құқық және технологиялар факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқушылары арасында пәндік онлайн олимпиадасын өткізді
Пәндік онлайн олимпиаданың мақсаты – Қазақстан тарихы бойынша білімдерін жалпылау және жүйелеу, оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық белсенділігін дамыту, Қарағанды және Жезқазған қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында туған тарихын сүйетін дарынды зиялыларды іздеу.
Онлайн олимпиадаға КММ «ЖББМ № 3» Жезқазған қ., КММ «Б. Момышұлы атындағы КМБҮ» Карағанды қ. және КММ «ЖББМ Ә. Бөкейханов атындағы» Карағанды қалаларының мектептерінен 27 оқушы қатысты.
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихынан онлайн олимпиаданың жеңімпазы атанды:
Несіпбек Әмина, КММ «ЖББМ Ә.Бөкейханов атындағы», Қарағанды (1 орын, қазақ тілінде),
Делис Виктория, КММ «Б. Момышұлы атындағы КМБҮ», Қарағанды (1 орын, орыс тілінде),
Жұманбаев Нұржас, КММ «ЖББМ Ә.Бөкейханов атындағы», Қарағанды (2 орын, қазақ тілінде),
Уразбекова Даяна, КММ «Б. Момышұлы атындағы КМБҮ», Қарағанды (2 орын, орыс тілінде о),
Мусин Тоқтар, КММ «Б. Момышұлы атындағы КМБҮ», Қарағанды (3 орын, қазақ тілінде),
Южда Олег, КММ «ЖББМ № 3» Жезқазған (3 орын, орыс тілінде).
Онлайн-олимпиаданың жеңімпаздарына 2022-2023 оқу жылында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне оқуға түсу кезінде сертификатта көрсетілген жеңілдікті алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табыс етілді. Қалған оқушылар мен мектеп мұғалімдері мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАРАШАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстандағы тарихи кезеңдер

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАРАШАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  "ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстандағы тарихи кезеңдер

Өткізу күні:

2021 жылғы 30 қараша (сейсенбі), сағат 15.00-18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)

Өткізу нысаны:

Онлайн (ZOOM конференциясы), логин – 681 142 7904, пароль – 2020

Ұйымдастырушы:

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

«Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL