• Blog news

"City Voice" вокалдық байқауында БАС ЖҮЛДЕ

"City Voice" вокалдық байқауында БАС ЖҮЛДЕ

2021 жылдың 7 қарашасында Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында "City Voice" караоке –конкурсы өтті, конкурс қорытындысы бойынша біздің "Мэлоди" вокалдық студиясының әншісі Меней Жұлдыз (ТД-18-1к тобынын студенті) Гран При жеңіп алды! Жеңісіңізбен құттықтаймыз, Жұлдыз!

Студенттік Парламенттің жаңа құрамы таңдалды

Студенттік Парламенттің жаңа құрамы таңдалды

Студенттік парламент студенттік өзін-өзі басқарудың өкілді органы болып табылады.

Студенттік Парламент депутаттары не істейді?
-студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, соның ішінде олардың мүдделерін қозғайтын білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешуге белсенді қатысады;;
- білім беру және ғылыми міндеттерді шешуге, бос уақытты ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі;
- Жастар бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етеді;
- республикалық және облыстық жастар ұйымдарымен және қозғалыстармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Университеттегі оқудан тыс өмір саласында жаңа идеялар бар, бірақ оларды қалай жүзеге асыруды білмейсіз бе? Парламент депутаттарына батыл жүгіне аласың!

Студенттік ортадағы құқық тәртібі

Студенттік ортадағы құқық тәртібі2021 жылдың 02-03 қарашасында Михайловский ПБ ЖПҚ МӨБ МПҚБ УПИ инспекторлары Д. Такенова, А. Кулейменова және полиция капитаны Ж. Балагазин Михайловский ПБ УПИ-мен бірлесіп, №1,3,4 университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында темекі шегудің, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың, былапыт сөздердің алдын алу, кәмелетке толмағандардың кейінірек көшеде және көңіл көтеретін орындарда ата-анасының еріп жүруінсіз болуы және т. б. мәселелер бойынша әңгіме өткізілді. Студенттердің назарына қоғамдық тәртіпке қол сұғатын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін әкімшілік заңнаманың нормалары жеткізілді.

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

04.11.2021 ж. сағат 16-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна "Zoom" платформасында "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау тәртібі туралы" тақырыбында он-лайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ оқытушылары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми стипендияға үміткерлер үшін ҚР БҒМ құжаттарды ресімдеу және тапсырудың ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелері, ғылыми стипендиялар алуға үміткерлерді іріктеудің өлшемдері мен тәртібі қаралды.
Семинарда оқытушылар ғылыми стипендияларды алуға арналған ғылыми жұмыстарды қарау критерийлері, құжаттаманы ресімдеу және жұмыстарды ҚР БҒМ-ге беру және қарау мерзімдері бойынша сұрақтар қойды.

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

02.11.2021 ж. сағат 13-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна ҚҚарУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Zoom" платформасында "Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері, Қазақстандағы инновациялық қызметтің өзектілігі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде магистрлік және докторлық диссертацияларды жазудың практикалық мәселелері қаралды.
Семинарда ғылыми және инновациялық қызметтің міндеттерін құрайтын негізгі мақсатты сипаттамалар, ғылыми жұмыстардың мәні, мазмұны мен құрылымы, ғылыми және статистикалық ақпарат көздерін іздеу бойынша мәселелер талқыланды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL