• Blog news

Эразмус+ Жан Моне 600571-EPP-1-2018-1-KZ-EPPJMO-MODULE “Theory and Practice of European Integration” жобасының таралуы

Эразмус+ Жан Моне 600571-EPP-1-2018-1-KZ-EPPJMO-MODULE “Theory and Practice of European Integration” жобасының таралуы

2021 жылдың 11 және 17 наурызында Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық ұтқырлық орталығының көмегімен Эразмус+ Жан Моне 600571-EPP-1-2018-1-KZ-EPPJMO-MODULE “Theory and Practice of European Integration” жобасының нәтижелерін іске асыру үшін серіктес университеттер арасында ақпарат таратуда жобаға қатысушылары, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушылары Шукушева Е.В. мен Атабаева Д.Т. Кубан мемлекеттік аграрлық университетінің экономикалық және заңгерлік мамандықтарының студенттеріне арналған (Ресей) дәрістер оқыды. Дәрістер еуропалық интеграция теориясына, оның тарихына, сондай-ақ Еуроодақтың еуразиялық интеграция жағдайындағы посткеңестік елдерге қатысты саясатына және ЕО-ЕАЭО ынтымақтастығының перспективалы бағыттарына арналды.
https://kubsau.ru/entrant/podig/news/lektsiya-ot-kazakhstanskikh-partnerov/

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»2021 жылдың 10 наурызында «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және бірінші курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің №1 жатақханасында «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны кафедраның тәрбие жұмысына жауапты магистр, аға оқытушы Мусипова Л.К. және «Есеп және аудит» білім бағдарламасының 1 курс магистранты Назаргалиев Т. Ұйымдастырған. Сондай – ақ іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары А.Е. Томашинова қатысып, талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның түрлері, себептері, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың жазасы, сондай-ақ заңнамалық жүйеде осы мәселеге қатысты кемшіліктер туралы ақпараттандыру болды. Студенттер тақырыпты белсенді түрде талқылап, өз пікірлерін және көзқарастарын бүгінгі таңдағы өзекті болып саналатын тақырыптардың бірі ретінде қарастырып, мәселені шешудің жолдарын атап өтті.

Теміртау қаласы полиция басқармасының өкілімен кездесу

Құрметті "Құқықтану" және "Кеден ісі" мамандықтары бойынша бітіруші курс студенттері, сіздерді полиция органдарында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша Теміртау қаласы Полиция басқармасымен онлайн кездесуге қатысуға шақырамыз. Барлық сұрақтарыңызды Теміртау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әбділдә Еркебұлан Мешітбайұлына қоя аласыздар.
Кездесу 2021 жылдың 11 наурызында сағат 16:00-де ZOOM алаңында өтеді:
Конференция идентификаторы: 772 186 2443
Кіру коды: 2020

2021 жылғы 10 наурыз 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ бойынша

2021 жылғы 10 наурыз 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ бойынша

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ағымдағы жылы алғаш рет электрондық форматта 10 наурыз - 10 сәуір аралығында өткізіледі.

Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" принципі бойынша электрондық форматта өткізіледі. Электрондық форматтағы ҰБТ-ның бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда:

- тестіленуші өзіне ыңғайлы орынды, күнді, уақытты таңдай алады;

- өтінішін өзгерту мүмкіндігі (тест тапсыру тілі мен пәндерін);

- тестілеу барысында белгілеген сұрақтарға қайта оралып, қате жауаптарды түзету мүмкіндігі беріледі;

- интерфейсте калькулятор мен көмекші кестелердің (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесі) қол жетімділігі;

- тестілеу нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығарылады;

- тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляцияға бірден беруге болады.

10 наурыз - 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:

- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

- орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері. Бұл ретте,   техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері жоғары оқу орнына түсу үшін қысқартылған оқыту мерзімдері мен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын таңдамаған жағдайда қатыса алады.

- шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

- ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі оқуға қабылдану үшін.

Тестіленушілер аталған ҰБТ нәтижесімен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу мүмкіндігіне ие болады.

ҰБТ-ға қатысу үшін 2021 жылғы 5 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы онлайн режимде тіркелуге болады. Қосымшаға тіркелудің нұсқаулығымен сілтемеде танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 87172 – 69-52-74, 69-52-80, 69-52-87.

 

Дереккөз:http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4033

«Биология білгірі-2021»

«Биология білгірі-2021»

2021 ж. 27 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен «Биология білгірі-2021» аймақтық олимпиадасын өткізді.
Барлығы Қарағанды қаласының 13 мектебі қатысты.
Жүлделі орындарға ие болғандар - қазақ бөлімі:
I орын - Жайсаңбаева Инабат. Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей;
II орын-Елдосова Айтолқын. «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы»КММ;
III орын-Мектеп-Алдаберген Аружан. №25 ЖББМ КММ;
ІІІ орын-Бейсенбай Зарина. № 25 ЖББМ КММ.

Жүлделі орындарға ие болғандар - орыс бөлімі:
I орын-Найман Дарья. № 61 ЖББМ КММ;
І орын-Темірлан Талғатұлы Бокебаев. «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ;
II орын -; Макишова Камила Аскаровна. №48 ЖББМ КММ;
III орын-Фиронов Денис Сергеевич. ЯСЖТШ КММ 33;
ІІІ орын-Акишева Алуа. КММ Гимназия № 3.
Командаларға қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды жүлделі орындармен құттықтаймыз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL