Өндіріс, қызметтер, сату, Құрылыс, консалтинг, жоғары технологиялар.... Университетті бітіргеннен кейін өзіңізді қайда көресіз? Біздің дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сенің қабілеттерің мен мүдделеріңді ескере отырып, алдағы қызметіңнің саласы мен орнын таңдауға көмектеседі. 2021 жылғы 14 сәуірде Ресурстық орталық "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы"КММ-мен Бос орындар жәрмеңкесі аясында онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуге "жастар практикасы" және "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына қатысатын компаниялар қатысты: "Рем Строй Портал" ЖШС, "Вершина К2" ЖШС, "Самал свет Млечного пути" ЖШС, "Микомп" ЖШС, "Лидер АТ" ЖШС, "Kraftmetiz" ЖШС, "Интур" ЖШС.
2021 жылы 13 сәуірде «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің» Ресурстық орталығы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесімен түлектердің кездесуін ұйымдастырды. Агенттік - бұл Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыратын және іске асыратын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу саласындағы үйлестіруді жүзеге асыратын құқық қорғау органы. Мемлекеттік мекеменің өкілі Орал Индира әкімшілік және құқық қорғау қызметіне қабылдау тәртібі туралы түсіндірді. «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің» түлектерін мемлекеттік қызметке қабылдау үшін тестілеуден өтуге шақыру туралы да айтылды. Егер сізде түйіндеме жазу, осы немесе басқа компаниялармен сұхбаттасуға дайындалу туралы сұрақтарыңыз болса, Ресурстық орталыққа хабарласыңыз (107 бөлме). Телефон +7 (7212) 44 15 68.
"Инклюзивтік даму қоры" "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен 2021 жылғы 7-9 сәуір аралығында онлайн конференция форматында "Болашақты ойлап табу" (Central Asia Nobel Fest) Екінші Нобель фестивалін ұйымдастырды және өткізді. Осы фестиваль аясында келесі негізгі үш бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға арналған, көрнекті ғалымдар мен Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен Орталық Азия үшін ғылыми-білім беру пікірталас платформасын қалыптастыру жүзеге асырылды: 1) Болашақ Индустриясы, 2) Мүмкіндіктер Экономикасы, 3) Білім Беру Трендтері. Екінші Нобель фестиваліне UNESCO, OECD, UNICEF халықаралық ұйымдарының көшбасшылары, Google, Twitter, Ford Motor, Bloom Energy ірі компанияларының өкілдері, сондай-ақ көрнекті әлемдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Екінші Нобель фестивалінің бағдарламасына сәйкес, оған Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ қызметкерлері: зертхана жетекшісі, э.ғ.д., профессор Сихимбаев М.Р. э.ғ.д., профессор Сихимбаева Д.Р. зертхана жетекшісі, т.ғ.к. Баширов А.В., ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.У. Сейтхожин, з.ғ.к., доцент А.Х. Феткулов және ЭҚЗ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері Т. Н. Пупышева қатысып, үш күндік көрсетілімдердің толық курсын тыңдап, қатысушылар сертификаттарын алды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Весенняя капель" республикалық балалар және жастар шығармашылығы онлайн-конкурсында 1 орын алуымен Қазтұтынуодағы ҚарУ Сән театрын құттықтаймыз. Шығармашылықта табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Белгород ынтымақтастық, экономика және құқық университеті ұйымдастырған "Отан неден басталады" I Халықаралық онлайн-фестивалінің лауреаттарын құттықтаймыз! "Эстрадалық вокал" (кіші форма) номинациясының III дәрежелі лауреаты – Меней Жұлдыз (гр.СҮ-18-1к), Айдарова Жансая (гр.УА-42), Қасым Ақбота (гр. МО-19-1к). "Эстрадалық вокал" (соло) номинациясының III дәрежелі лауреаты – Меней Жұлдыз (гр.ТД-18-1к). "Эстрадалық вокал" (соло) номинациясының II дәрежелі лауреаты-Женисова Бибігүл (гр. УА-20-1к). Шығармашылық табыс тілейміз!