• Blog news

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!

АҚ штабының бастығы Н. Алимкулов

"Қазақстан тарихынан" пәндік олимпиада

"Қазақстан тарихынан" пәндік олимпиада2021 жылдың 20 ақпанында "Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы онлайн режимде оқушылар арасында "Қазақстан тарихы" пәндік олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға қала мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді, Берілген тақырыптар бойынша ұсынылған тезистерді талдады.
Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 1-2-3 дәрежелі дипломдар мен алғыс хаттарға ие болады. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ және орыс сыныптарының оқушылары арасында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
11-сынып (Қаз):
I-орын-Болат Балнұр (Қарағанды Қ. №15 ЖОББМ)
II-орын-Нуркенова Камила (Қарағанды қ. №27 ЖОББМ)
III-орын-Аманжолов Шыңғыс Қарағанды Қ. №15 ЖОББМ)
11-сынып (орыс):
I-орын-Маникенов Кирилл "Тірек мектебі" КММ (№12 ресурстық орталығы)
II-орын-Бекежанова Дана (Қарағанды қ. №59 ЖОББМ)
III-орын-Сапожникова Ксения "Тірек мектебі" КММ (№12 ресурстық орталығы)
Олимпиаданың барлық жүлдегерлерін құттықтаймыз.

"РЕСЕЙ ДАУЫСЫ"вокалдық байқауының лауреатын құттықтаймыз!

"РЕСЕЙ ДАУЫСЫ"вокалдық байқауының лауреатын құттықтаймыз!

Құттықтаймыз Меней Жұлдыз ТД-18-1к тобы " РЕСЕЙ ДАУЫСЫ " Бүкілресейлік ашық қашықтықтан вокалдық байқауының "Эстрадалық ән"номинациясы бойынша III дәрежелі лауреат дипломын алды.
Шығармашылық табыс тілейміз!

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

2021 жылдың 12 ақпанында "Әлеуметтік жұмыс және ҚХА" кафедрасы Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студенттерінің қатысуымен Егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған
"Қазақ батырларының әскери киім кешегі" атты дөңгелек үстел өткізді.
Университет студенттері қазақ батырларының әскери киім кешегінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (Ж.Акижанова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (Н. Амангельдин); Қазақ батырларының әскери киім кешегін Рухани жаңғыру бағдарламасымен байлансын (Р. Каримова).
Дөңгелек үстелге Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының меңгерушісі М.К. Абдакимова, кафедра оқытушылары және университет студенттері қатысты.

Тең мүмкіндіктер. Кедергісіз орта!

Тең мүмкіндіктер. Кедергісіз орта!Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті барлық жағдай жасалған.
Ерекше қажеттіліктері бар студенттердің ыңғайына қарай олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін университет ғимараты көтергіші және көмекшіні шақыруға арналған қоңырауы бар жеке кіру есігімен; асханаға және кітапханаға кіретін стационарлық пандустармен; 1 қабаттағы студенттерге қызмет көрсету орталығына, бухгалтерияға, цифрлық зертханаға баруға арналған арнайы көтергішпен жабдықталған.
Университет кіреберісінде көру қабілеті төмен адамдарға арналған қозғалыс мнемосхемасы орнатылған. Арнайы дәретхана және автокөлік тұрағында ерекше белгіленген орындар бар. Барлық белгілер сары түспен үйлесімді таңбаланған.
Көру қабілеті төмен адамдарға арнайы қоңырау және университеттің негізгі лакацияларында Брайль қарпімен белгіленген асханаға, дәрісханаға, кітапханаға, киімілгішке апаратын тактильді плиткалар бар.
Университет кітапханасында көру қабілеті төмен және мүлдем көрмейтін адамдарға арналған «IPRbooks» электронды-кітапханалық жүйесіне кіру мүмкіндігі (http://www,iprbookshop,ru) бар бейімделген мобильді қосымша мен арнайы ридер ұсына алатын кіру пандусы қойылған.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – қолжетімді білім, тең мүмкіндіктер және кедергісіз орта!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL