• Blog news

«Бір халық - бір ел - бір тағдыр»

«Бір халық - бір ел - бір тағдыр»

“Әлеуметтік жұмыс және ҚХА” кафедрасы 1 наурыз “Алғыс ату куніне” және Қазақстан халқы Ассамблеясының 26 жыл толуына орай студент жастары арасында азаматтық борыш пен патриоттық сезімді дамыту мен өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып, тарихына және мәдениетіне, Қазіргі Қазақстан тарихына мақтанышын сезімдерін қалыптастыра отырып, сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізген болатын.
Іс-шара қатысушылары мен ұйымдастырушылары тағы бір рет мерекенің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Бір халық» - бұл баршаға ортақ ұлттық мүдде екенін тағы бір рет еске салған болатын. «Бір ел» - бұл біздің Отанымыз, барлығымыз үшін бір. «Бір тағдыр» - бұл біз бірге өтіп, бірге жеңген қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ перспективамыз – әл-ауқатты және гүлденген Қазақстан!
Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларында Азин Ш. (ӘЖ-18-1к) «Мәдени мұра Мәңгілік ел идеясының құндылығы ретінде», Алпысбай Д. (ӘЖ-20-1к) «Рухани жаңғырудың болашағы», Абдикаримова А. (ӘЖ -20-3қ) «Мәдени мұра-мәдени құндылық», Погорелова А. (ӘЖ-20-4қ) «Абай Құнанбаев мұрасы», Қабыкен Н. (АЖ-19-1к) «Қазақстандағы ұлтаралық келісім», Абылхасынова А. (Ю-20-2) «Қазақстан халқы Ассамблеясы», ұйымдастырылған мерекенің үлкен мағыналық мәнінің негізі Қазақстан халқын біріктіруі, Қазақстан халқының ізгі ниеті мен бейбітшілігінің көрінісін көрсетеді.

"Жайна" хореографиялық ансамблін кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

"Жайна" хореографиялық ансамблін кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

"Жайна" хореографиялық ансамблі 20 жылдан астам түрлі ауқымдағы би фестивальдерінде (конкурстарда) өзінің көшбасшылығын дәлелдеп келеді. "Ақжелең" балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының III Халықаралық қашықтық фестиваль-байқауында Гран-При алуы кезекті жеңіс болды. Құттықтаймыз!!!

«Қазақстан этностары «рахмет» сөзін қалай дейді»

«Қазақстан этностары «рахмет» сөзін қалай дейді»2021 жылдың 01 наурызында Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің бастамасымен университет студенттері арасында «Как говорят «спасибо» этносы Казахстана» тақырыбында онлайн интерактивті ойын-викторина өткізілді.
Ойын Kahoot жүйесін қолдана отырып Zoom-да өтті. Студенттер үшін тек бір сұрақтан тұратын 30 сұрақ ұсынылды: «Олар қалай айтады...», 4 жауап нұсқасымен. Қиын күресте ұпайлары бойынша көшбасшымен анық болған жоқ. Қатысушылардың үлкен бәсекелестігімен көшбасшылар ойынның соңында ғана анықталы. Олар: Темірлан Қадір ВT-20-1к тобынан (3 орын), Сорокин Игорь ВТ-20-4с тобынан (2 орын) және Стрижко Виктория ГМУ-19-2 тобынан (1 орын) болды.
Осы ойынның жеңімпаздарын құттықтаймыз. Және осы ойынға қатысқаны үшін барлық студенттерге алғыс айтамыз!

1,2 курстар студенттері арасындағы жыл сайынғы тілдік олимпиада

1,2 курстар студенттері арасындағы жыл сайынғы тілдік олимпиада

Шетел және орыс тілдері кафедрасы 1,2 курстар студенттерінің барлық мамандықтары арасында жыл сайынғы тілдер олимпиадасы өткізді.

Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздар:
1 орын - Мамутов Фарид МО-20-2 және Абай Қорлан МО-20-1К
2 орын - Байсеитов Бауыржан МО-20-2 және Устименко Полина РД-20-2
3 орын - Сағындықов Ұлан Ю-20-4
Орыс тілі бойынша жеңімпаздар:
1-ші орын - Елубай Шерхан (Ю-20-1к), Арлиева Инабат (МО-20-1к), Гердулаева Айнур (СПД-20-1к)
2-ші орын - Амиржанова Сабина (СПД-20-1к), Тұрсынханова Мөлдір (УА-20-1к), Ныгметжанова Аружан (МО-20-1к)
3-ші орын - Асхат Айханым (МН-20-1к), Абыш Диана (УА-20-1к), Кадырбек Жанерке (СПД-20-1к)
Қытай тілі бойынша жеңімпаздар:
1-ші орын - Қасым Ақбота МО-19-1к
2-ші орын - Айтжанов Санжар МО-19-2
3-ші орын – Ақынбаева Гулим МО-19-1к

Неміс тілі бойынша жеңімпаздар:
1-ші орын - Темиргалиева Т. СПД-20-2
2-ші орын - Кошкарбаева А. МН-20-1к
3-ші орын - Васильевская А. СПД-20-2

 

Белсенді қатысқаны үшін барлық студенттерге алғыс айтамыз!!!

1 наурыз - Алғыс айту күні!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер! Университет студенттерінен Алғыс айту күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мереке достық пен келісімді бейнелей отырып, бауырлас Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігінің жасампаз символы болып табылады. Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні еліміздің басты игілігі — халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етсін.
Сіздердің отбасыларыңызға бейбітшілік, амандық, бақыт және жақсылық тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL