2020 жылдың 30 қарашасында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Синтетикалық есірткінің адам ағзасына әсері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар аясында қонақтар – Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы А.В. Бузук синтетикалық есірткілердің зияны, құқықтық аспектілері және оларды таратуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді; Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі О. Ю. Бурдикова қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және есірткінің адам ағзасындағы химиялық процестерге әсер етуі туралы еске салды. Қоғамдық бастаманы жүзеге асыру туралы Қарағанды қ. "Үміт" ҚБ жобалар үйлестірушісі Н.К. Жақсыбаева айтып берді.
Құрметті студенттер! Жақында қысқы емтихан сессиясы (2020 ж. 14-30 желтоқсан)! Қысқы емтихан сессиясына қатысты барлық сұрақтар бойынша, Сіз тиісті факультетіне, университеттің СаІІ-орталығына және академиялық даму департаментіне келесі телефондар арқылы байланыса аласыз:
ҚЭУ байланыс орталығы
+7 7212 50-21-24
Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті
деканның орынбасары
+7 700 917 55 67
деканның орынбасары
+7 700 969 54 25
деканат
+7 747 937 42 04
e-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бизнес, құқық және технология факультеті
деканат
+7 700 259 49 78
+7 771 526 08 08
+7 7212 44-15-58
e-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
2020 жылғы 30 қарашада ҚҚЭУ – де «Студент жастар-Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» тақырыбында брифинг өтті. Тұңғыш Президент күніне, волонтер жылына және алдағы парламенттік сайлауға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және радикализм мен наразылық қозғалысы идеяларының ықпалының алдын алу мәселелері шеңберінде волонтер жылын қорытындылау. Брифингке қатысушылар әлемдегі және Қазақстандағы волонтерлік дәстүр мен наразылық қозғалыстарының тарихына саяси және әлеуметтік талдау жасады. Брифингтің арқауы азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірінші кезектегі міндеттері болды: әрбір азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру және азаматтық бейбітшілікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді бірінші орынға қоятын салауатты интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Брифинг жеке тұлға құндылықтарының идеялық, адамгершілік және азаматтық жүйесін қалыптастыру шарты ретінде өз елінің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуді көздейтін студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесін талқылауға мүмкіндік берді. Брифингте Қазақстанның студент жастарының азаматтық ұстанымының ерекшеліктері атап өтілді: еріктілер қозғалысының конструктивті жасампаздық рөлі және көшедегі тәртіпсіздіктерге ұласатын наразылық қозғалысына сыни көзқарас. Брифингті ӘЖ және ҚХА және кафедрасының ПОҚ ұйымдастырды және өткізді: Клишина М. В., Сейфуллина Г. Р., Пунтус Е. А., Исина С. С., жастар бастамалары орталығының директоры Идирисова А. Т., тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жоломанова М. К. волонтер-еріктілерді шақырып: Ермек А., Узахова Б., Кабидоллова М., Мусабекова Д., Гиса Д. олардың қатысуымен өткізілді.
Құрметті студенттер! 2020 жылдың 2 және 3 желтоқсанында университеттің барлық факультеттерінде қысқы емтихан сессиясын қашықтықта және аралас форматта өткізу мәселелері бойынша онлайн-ақпараттық веб-семинарлар өтеді. Вебинарларға сілтемелер:
Факультет
Кездесу сілтемесі
Басталу күні мен уақыты
Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті
2020 жылдың 27 қарашасында "Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында "Мемлекет және құқық негіздері"-атты олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты мемлекет және құқықтың өзекті мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау болып табылады. Олимпиадаға келесідей мектеп өкілдері қатысты: «ЖББ №63»КММ, «Гимназия 9» КММ, «Гимназия 38» КММ, «Гимназия 45» КММ, «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты», сондай-ақ Жезқазған қаласындагы мектептер, Қ.Шыңғысов атындағы «ЖББ №5» КММ және «ЖББ №11» КММ. Олимпиадаға қатысушылар өздерінің терең білімдерін қолдана отырып, Google Meet платформасы арқылы жеке тест тапсырмаларын орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша "9 Гимназия" КММ оқушысы Зиганшина Милана I дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Павлов Никита II дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Давлетшина Арина III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал олимпиада жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.